Тақырыптар 20-300



Дата11.05.2022
өлшемі30,27 Kb.
#142076
Байланысты:
Мемлекеттік емтихан 20-30
2 СӨЖ ЗП[1], 2 СӨЖ ЗП[1], 20-билет

Тақырыптар 20-300
20. Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің территориялық шекара мәселесіндегі Орталықтың командалық-әкімшілік шешімдері туралы баяндаңыз. Тұтас Түркістан идеясыныңжеңіліске ұшырауының себептерін анықтаңыз.
21. Қазақстандағы индустрияландыру және оның ерекшеліктері туралы баяндаңыз. Осымәселе бойынша қазақ мемлекет және қоғам қайраткерлерінің ұстанымдарынан мысалкелтіріңіз.
22. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру қалай жүзеге асқандығытуралы баяндаңыз. Күштеп ұжымдастыруға қарсы 1929-1931 жж. көтерілістердісипаттаңыз.
23. Қазақстандағы 1931-1932 жж. аштықтың себептерін, экономикалық жәнедемографиялық зардаптарын түсіндіріңіз. «Бесеудің» хатына және Т.РысқұловтыңСталинге жазған хатына шолу жасаңыз.
24. ХХ ғ. 20-30-жж. Қазақстандағы саяси процестер туралы баяндаңыз және олардыңсалдарына баға береңіз: сталиндік саяси қуғын-сүргін, Қазақстанға халықтарды күштепкөшіру, олардың қасіретті тағдыры.
25. ХХ ғ. 20-30-жж. Қазақстандағы мәдени өзгерістер және оның қарама-қайшылықтысипаты туралы баяндаңыз. Мысалдар келтіріңіз.
26. ҚазҰАУ-ның құрылуы, қалыптасуы және даму тарихын сипаттаңыз. ҚазҰАУ-ныңтүлектері – белгілі қайраткерлер мен ғалымдар туралы баяндаңыз.
27. Ұлы Отан соғысының басталу себептерін түсіндіріңіз, оның негізгі кезеңдерінқарастырыңыз. Республика экономикасы мен өмірін соғыс жағдайына қайта құру қалайжүзеге асқанын баяндаңыз.
28. Қазақстанда құрылған әскери бөлімдердің майдандағы ерліктерінің себептерін қарастырыңыз және олардың ерлік жолдарын сипаттаңыз.
29. Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақстандықтардың тыл жұмыстарындағы еренеңбектерін және олардың соғыс салдарынан қираған аудандарды қалпына келтіруге көрсеткен көмектерін баяндаңыз.

20. Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің территориялық шекара мәселесіндегі Орталықтың командалық-әкімшілік шешімдері туралы баяндаңыз. Тұтас Түркістан идеясыныңжеңіліске ұшырауының себептерін анықтаңыз.


Қырғыз Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы — 1920 жылдың 16 маусымында РКФСР Құрамында құрылған автономиялы қазақ республикасы.Республика орталығы — Орынбор қаласы. Мекен еткен жерлері Орал, Торғай, Семей облыстары, Закаспийский облысының Адай уезі, Бөкей Ордасы және Орынбор облыстары аумағынан қазақтардың ұлттық автономиялық республика құру шешімі қабылданды. ВЦИК-тің 1921 жылғы 17 қаңтардағы Жарлығымен Омбы губерниясынан республика құрамына қазақ халқы ертеден шоғырланған Ақмола, Атбасар, Көкшетау және Қызылжар (Петропавл) уездері Ақмола облысы болып енді.
Сондай-ақ, 1921 жылдың 1 қазанында қазақтар шоғырланған Омбы облысының 15 ауданы да республика құрамына өтті.ВЦИК-тің 1924 жылғы 21 қазанындағы Жарлығымен бұрын Орынбор облысынан Башқұрт АКСР-ның құрамына өтіп кеткенТоқ-Сұран және Иманғұл аудандары Қазақ АКСР-ы құрамына қайтарылды.
1924 жылы Түркістан КСР-ның таратылуына орай, қазақтар шоғырланған Жетісу, Сырдария, Самарқанд облыстары Қазақ АКСР-ы құрамына кірді. Жетісу облысы аумағынан Қара-қырғыз автономиялы облысы құрылды.
1925 жылы республиканың батысында, Арал теңізінің оңтүстігінде Қарақалпақ автономиялы облысы Қазақ АКСР-ы ішінен құрылды.
1925 жылдың сәуірінде республиканын орысша атауы Киргизкая АССР-дан Казакская АССР болып өзгертіліп, ел астанасы Орынбордан Қызылорда қаласына көшірілді.
1921 жылғы 17 қаңтардағы Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен жаңадан құрылған Ақмола губерниясына Омбы губерниясынан Ақмола, Атбасар, Көкшетау және Петропавл уездері берілді.
1921 жылдың 10 маусымындағы Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен автономды Қырғыз КСР мен Сібір арасындағы шекара Омбы губерниясының Омбы уезінде белгіленді (Есілкөл станциясы Қырғыз АСКР аумағында қалды). Шекара сызығы Есілкөл станциясынан шығысқа қарай Петропавл уезінің шекарасы бойымен, одан әрі солтүстікте Кіші Қараой, Үлкен Қараой көлдерінің, Қаратерек мекенінің бойымен өтіп, орыс болыстарының оңтүстік шекараларына бойлай және Ертістегі Шерлақ станицадан шыға өтеді (Қырғыз АСКР қалдырылған), бұған қоса Ореховск, Добровольск, Моисеевск, Русско-Полянск, Ново-Санжаровск, Черноусовск, Степановск, Котельниковск орыс болыстары Қырғыз АСКР құрамына кіргізілген.
1921 жылы 1 қазанда Омбы губерниясы Омбы уезінің 15 болысы Қырғыз АСКР берілді.
Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің 1922 жылғы 12 қаңтардағы қаулысымен Есілкөл станциясы (Омбы губерниясы Омбы уезіндегі Сібір мен Қырғыз АСКР шекарасының бойында) Сібір шегінде қалды.
1923 жылы 15 мамырға қарай республиканың құрамына кірді:
Адай уезі тікелей республикалық бағыныста;
Ақмола губерниясы — Ақмола уезі, Атбасар уезі, Шерлақ уезі, Көкшетау уезі, Петропавл уезі;
Ақтөбе губерниясы — Ақбұлақ ауданы, Ақтөбе ауданы, Ырғыз ауданы, Можар ауданы, Темір ауданы, Ойыл ауданы;
Бөкей губерниясы — 1 Теңіз маңы округі, 2 Теңіз маңы округі, Қалмақ округі, Нарым ауданы, Қамысамар ауданы, Талов ауданы, Торғын ауданы, дербес ауылдар;
Қостанай губерниясы — Адамовск ауданы, Боровск ауданы, Всесвятск ауданы, Денисовск ауданы, Қостанай ауданы, Семнозерск ауданы, Торғай ауданы, Федоровск ауданы;
Орынбор губерниясы — Илецк ауданы, Исаево-Дедовск ауданы, Краснохолмск ауданы, Орынбор ауданы, Ор ауданы, Петровск ауданы, Покровск ауданы, Шарлық-Микаил ауданы;
Семей губерниясы — Зайсан ауданы, Қарқаралы ауданы, Павлодар ауданы, Семей ауданы, Өскемен ауданы, Бұқтырма ауданы;
Орал губерниясы — Гурьев ауданы, Жымпиты ауданы, Қалмақ ауданы, Елек ауданы, Орал ауданы.
1924 жылғы 21 қазандағы Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің Жарлығына сәйкес, бұрын Башқұрт АКСР құрамында болған Жылайыр кантонының Тоқсоран кантоны мен Иманғұл болысы Қырғыз АСКР берілді.
1924 жылы Жетісу, Сырдария және Самарқан облыстарының солтүстік бөліктері құрамға кіріп, оның аумағында Жетісу мен Сырдария губерниялары құрылды.
1925 жылы ақпанда Арал маңының оңтүстік бөлігінде Қырғыз АКСР құрамында Қарақалпақ АО құрылды.
1925 жылы 11 ақпанда автономиялық республиканың астанасы Орынбордан Ақмешіт қаласына көшірілді (1925 жылы 15 маусымда Қызылорда деп өзгертілді).
1925 жылы 6 сәуірде Орынбор губерниясы Қырғыз АСКР шығарылып, РКФСР тікелей бағынуға берілді.
1925 жылы 15 маусымда Қырғыз АСКР Қазақ АСКР болып өзгертілді.
Кейін социалистік құрылыс барысында Қазақ АСКР одақтас республикаға айналдырылды (1936 жылғы КСРО Конституциясы бойынша Қазақ Автономиялық Социалистік Республикасы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы деп атала бастады.

21.Қазақстандағы индустрияландыру және оның ерекшеліктері туралы баяндаңыз. Осымәселе бойынша қазақ мемлекет және қоғам қайраткерлерінің ұстанымдарынан мысалкелтіріңіз.


Қазақстан индустрияландыру кезеңінде 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезінде белгіленген Кеңес Одағын индустрияландыруды жүзеге асыру ісі Қазақстанда бірқатар қиындықтарға кездесті, олар негізінен қазақ елінің бодандық өткенімен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірде артта қалуымен байланысты болды.
Бұл қиындықтардың көбі республикада халық шаруашылығын, әсіресе өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру ісінің тым созылып кетуінен де күрделеніп, асқына түсті және осы жағдай Қазақстанның индустрияландыру жолымен табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды.
Индустрияландырудың қиындықтары мен ерекшеліктері
Бірінші дүниежүзілік соғыстың және Азамат соғысының ауыртпалығын бастан кешірген Қазақстаннын артта қалған отарлық экономикасы елдің өнеркәсібі дамыған аймақтарына қарағанда анағұрлым ауыр жағдайда қалды. Соғыс әрекеттерінен,әсіресе өнеркәсіп пен транспорт қатты зардап шеккен еді. Ірі өнеркәсіптің жалпы өнімі 1920 жылы 1913 жылмен салыстырғанда екі есе, ал өндіріс жабдықтарын өндіру 4,5 есе, мұнай өндіру 4 есе қысқарды, мыс және полиметалл кендерін шығару, мыс балқыту тоқтап қалды, көптеген кең орындары мен көмір шахталарын су басты немесе электр стансаларының қирауы, жабдықтардың бүлінуі т.б. себептерден жұмыстарын тоқтатты. Транспорт, әсіресе теміржол көлігі апатты жағдайда болатын: паровоздардың жартысынан көбі және вагондардың 90%-ға жуығы күрделі жөндеуді қажет етті, жүздеген көпір қиратылды, бәрінен де жол шаруашылығы көп зиян шекті, жарамсыздарын алмастыруға рельстер мен шпалдар жетіспеді. Еліміз жаңа экономикалық саясатқа көшіп жатқан кезенде басталған Қазақстан өнеркәсібі мен транспортындағы қалпына келтіру жұмыстары жалпы алғанда шаруашылық күйзелістерінен ғана емес, республикада ашаршылықтың басталуына себеп болған 1920-1921 жылдардағы жүт кезінде малдың көптеп шығын болуы, сондай-ақ 1921 жылғы құрғақшылық салдарларынан да зор қиыншылықпен жүргізілді.

1920-1921 жылдары жекелеген кәсіпорындар ғана қалыпқа келтіріле бастады, ал тұтастай алғанда бұл үрдіс 1922 жылдың екінші жартысында ғана өрістеді. Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіруде 1923 жыл бетбұрыс кезеңіне айналды. Алдыңғы кезекте ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындары қалпына келтірілді, оған 1922 жылы алынған егіс өнімділігі ықпал етті. Қостанай, Орал және Семей губернияларында, Павлодарда т.б. қалаларда ірі диірмендер іске қосылды, бұл ұн тарту өнеркәсібін жедел қалыптастыруға жағдай жасады. Солтүстік Қазақстанда май шайқау зауыттары жұмыс істей бастады, жаңадан 20 май зауыты салынды. Тамақ өнеркәсібінің басқа салаларында да ілгері басушылық байқалды, мәселен, 1923 жылғы тамызда ірі мөлшердегі күрделі қаржыны қажет етпейтін Илецк және Коряковск тұз шығару кәсіпшіліктері қайтадан жұмыс істей бастады.

Баяу болса да, республиканың оңтүстігінде мақта тазарту зауыттарының, жеңіл өнеркәсіптің тері илеу, жүн жуу т.б. кәсіпорындарының жұмысы жанданып келе жатты. Петропавлдағы қалпына келтірілген пима басу, қой терісін өңдеу, тері илеу және шойын құю зауыттары 1923 жылы біртұтас кәсіпорынға біріктіріліп, өнеркөсіп комбинаты құрылды. Алматыда, Шымкентте және Талғарда тері илеу зауыттарының жұмысы жандана бастады.

Ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарын қалпына келтіру ісінде де кейбір игі қадамдар жасалды. Мұнай өнеркәсібі бәрінен жеделірек қатарға қосылды: Ембі және Доссор көсіпшіліктері 1925 жылдың өзінде 1913 жылғы деңгейден асып түсті. Өндірісті техникалық жағынан қайта құру ісі жүргізілді, мұнай өндіруге тереңнен соратын насостар қолданылды, кәсіпорындарды электрлендіру өріс алды, жабдықтар жаңартылды, кең барлаудың геофизикалық әдістері пайдаланылды. Полиграфиялық өнеркәсіп те біршама ілгері басып, соғысқа дейінгі деңтейге тез көтеріліп келе жатты, осының нәтижесінде қазақ және орыс тілдеріндегі газеттер басылымы көбейді.

Риддерде шахталарды, рудниктерді, байыту фабрикаларын, электр стансаларын, теміржолды, басқа да нысандарды қалпына келтіру жөнінде біршама жұмыстар атқарылды, алайда жабдықтар мен ақшалай қаржының жетіспеушілігінен бұл кәсіпорындар техникалық күзет жағдайына көшіріліп, 1925 жылы ғана Риддер кәсіпорындарын қалпына келтіру жұмыстары қайтадан қолға алынды. # Қарағанды және Екібастұз көмір өндірістері, Спасск зауыты, Успен кең орны және басқа да тау-кен өндірісі орындары мен тау-кен зауыттарының кәсіпорындары тоқтап тұрды. 1925 жылдың аяғында ғана Қарсақбай мыс балқыту зауыты мен Байқоңыр — Қарсақбай-Жезқазған тар табанды теміржолын қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Жаңа экономикалық саясат жағдайларында өнеркәсіпті басқару жүйесі жетілдірілді, Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің (БХ ШК) Республикалық өнеркәсіптік бюросы Халық шаруашылығының орталық кеңесі (ХШОК) болып қайта құрылды, ал кәсіпорындар бағыныштылық сатысына қарай одақтық, ресейлік, аралас-федеративтік, республикалық және губерниялық (жергілікті) болып бөлінді. Неғұрлым ірі кәсіпорындар негізінде шаруашылық есеп жүйесі бойынша, кеңестік трестер атанған бірлестіктер құрылды. Орал-Ембі мұнай тресі, «Алтайполиметалл» тресі, Атбасар түсті металдар тресі, «Золоторуда» тресі (Қостанай аумағындағы алтын кең орындарының тобы) одақтық маңыздағы кәсіпорындарға айналды. Екібастұз және Риддер кәсіпорындарын РКФСР Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің (БХШК) мандаты негізінде Қазақстанның Халық шаруашылығының орталық кеңесі (ХШОК) басқарды. Осы кеңестінтікелей басшылығына Илецк тұз тресі, Павлодар тұз тресі, «Южно-Урал-золото», «Ақжал золото» трестері, Орынбор және Петропавл тері-елтірі трестері, Қазақстан балық тресі берілді. Жыл өткен сайын Қазақстанның үлкенді-кішілі кәсіпорындарына, әсіресе өнімдері КСРО-ның индустриялық жағынан дамыған аймақтарына жөнелтіліп отыратын өнеркәсіптің өнім өндіруші салаларына (мұнай, түсті металлургия және т.б.) орталықтың басшылық ықпалы күшейе берді. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағыты барған сайын айқындала түсті.

Транспортқа ерекше көңіл бөлінді, себебі оның жұмысын дұрыстап жолға қоймай, жаңа экономикалық саясаттың негізгі міндетін — қала мен ауыл, өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығы арасындағы экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Республиканың негізгі теміржол арқауы — Орынбор —Ташкент күре жолына көп мөлшерде паровоздар мен вагондар, отын-көмір, ТЖХК (Теміржол халық комиссариаты) салғыртынан жиналған әр түрлі материалдар бөлініп, кәсіби біліктілігі жоғары теміржол мамандары, көлік-тасымал шаруашылығының білікті басшылары жіберіліп отырды. Жетісу теміржолының Луговой стансасына, одан ары Пішпек стансасына дейінгі жалғасы, Петропавл – Көкшетау жолы, сондай-ақ Оңтүстік-Сібір магистралінің Славгород — Құлынды - Павлодар желісі және т.б. сияқты жаңа жолдар, әсіресе «астық желілері» жедел салынды. Бастапқы екі желі Жетісу мен Солтүстік Қазақстаннан елдің орталық аймақтарына астық тасуға, ал соңғысы Коряков кәсіпшіліктерінен тұзәк етуге арналды.

Алайда Қазақстанда оның отар ел болған кезеңінен қалған экономикалық артта қалушылығының, құрал-жабдықтардың, ақшалай қаржының және білікті мамандардың жетіспеушілігінің, сондай-ақ жергілікті қиындықтардың себебінен өнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі баяу қарқынмен жүргізілді, бұл кезең 1927 жылдың аяғына дейін жалғасты.


Түсті металлургия саласында оның барлық кәсіпорындарының 60%-ынан астамы жұмыс істеді. 1926 жылдың қарсаңында республиканың өнеркәсібі 1913 жыл деңгейінің 61%-ына ғана, ал ауыл шаруашылығы 82,9%-ына жете алды.
Сөйтіп, Қазақстандағы өнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі еліміз индустрияландыруға көшіп жатқан кезде аяқталды. Сол кезге дейін өнеркәсіп пен транспорттағы мемлекеттік сектор едәуір нығайып, дами бастады. Мемлекет иелігіне алынған жеке меншік кәсіпорындар негізінде пайда болған бұл сектордың Қазақстандағы бүкіл өнеркәсіптегі үлес салмағы 64%-на, ал ірі өнеркәсіпте 97,2%-ға жетті. Барлық теміржол желілері, сондай-ақ кемешілік ісі, кеме айлақтарын т.с.с. қосқандағы ірі су жолдары мемлекет меншігінде болды. Жеке меншіктік секторды дамытуға және сауда еркіндігіне жол беретін жаңа экономикалық саясат жағдайында Қазақстанда басқадай экономикалық құрылым айтарлықтай дамымады.Солай дегенмен де, бұл кенже қалған, революцияға дейінгі, отарлық деңгей болатын, ол Қазақстанның дамуына индустрияландыру жағдайында берік те дербес негіз бола алмас еді, ал жана экономикалық саясат жағдайында жұмыс істеген өнеркәсіп орындары мен теміржолдар техникалық жағынан артта қалушылық, өндірісте және азық-түлік пен шикізаттарды тасымалдау ісінің мейлінше ала-құлалығы, жол қатынастарының әлсіздігі, кейде заманға сай жол қатынастарының болмауы себептері нәтижесінде 20-жылдардың екінші жартысында — 30-жылдарда Мәскеудің, Ленинградтың, Донбастың, Оралдың, КСРО-ның басқа да дамыған аймақтарының кәсіпорындары сияқты жергілікті «индустрияландыру құралы» бола алмады. Оның үстіне ескі кәсіпорындар мен теміржолдарды техникалық жағынан жаңғырту немесе оларды жаңадан салу бағытындағы алғашқы қадамдарға жергілікті тұртындар арасында білікті жұмысшылардын болмауы, ақшалай қаржының, құрылыс материалдарының жетіспеушілігі т.б. тікелей кедергі болып отырды.
Қазақстанның индустриялық дамуын тежеген қиындықтардың бірі - оның аумағының геологиялық тұрғыдан аз зерттелуі еді. Төңкеріске дейінгі уақыттардың өзінде көмірдің, мұнайдың, түсті металдардың, басқа да пайдалы қазбалардың аса бай қоры бар кең орындары туралы мәліметтер көп болғанымен, Кеңес өкіметіне дейін жер аумағының 94%-ы мүлде зерттелмеген болатын. Алғашқы бесжылдық жоспар жасалған уақытта сол кен орындарының көпшілігі «ақтаңдақ» денгейінде қалды, жергілікті жоспарлау органдарының әлсіздігі де бұған себеп болды. Осы және басқа да кемшіліктер себебінен КСРО-ның алғашқы бесжылдық жоспарында Қазақстанның мұқтаждыкқары мен мүмкіндіктері тиісті деңгейде ескерілмеді. Сондықтан да КСРО-ның Еңбек және Қорғаныс Кеңесі мен Халық Комиссарлары Кеңесінің 1930 жылғы 1 қыркүйектегі қаулысында «халық шаруашылығы құрылысының бесжылдық жоспарында Қазақ АКСР-нің мұқтаждықтары мен онын құрылысындағы мүмкіндіктер толық есепке алынбаған»,[1]. - деп атап өтуі кездейсок емес. Осыган байланысты КСРО-ның бесжылдық жоспарында көбінесе елдін негізгі табиғи қорларының толық зерттелмеуі, әсіресе өнеркәсіптік бағытта бағамдалмауы кең көлемді зерттеулерді, ізденістер мен барлауды Қазақстанның өнеркәсіптік жоспарының аса маңызды сипатына айналдырады, бұл жұмыстар келесі бесжылдықта салынатын құрылыс нысандарын даярлап қана қоймай, сонымен бірге осы бесжылдыққа белгіленген іс-жоспарларды жүзеге асыруды жалғастыруға, нақтылауға, түбегейлі есепке алуға тиіс»,[2]. - деп ерекше атап өтілді.
Ф.И. Голощекинді И.А. Зеленский қоштап: «Республикалардағы шаруашылықты тұйық шаруашылық жүйе сияқты құру бағыты тұтас алғандағы социалистік шаруашылықты өркендету көзқарасымен қарағанда зиянды және қауіпті, - деп дәлелдеді ол, - ...Тұйық шаруашылық идеясын жақтаушылар бізге таптық жағынан жау пиғылдағы элементтер болып табылады. Орта Азиядағы шаруашылықты дербес дамытудың идеологы — белгілі панисламдық қайраткер Мұстафа Шоқаев».[30].

С. Сәдуақасов өз кезегінде Ф. И. Голощекин мен И. А. Зеленскийдің дөрекі сипатта саясиландырылған ой-пікірлері мен айыптауларына қолда бар шикізат базаларында жаңа кәсіпорындарды тұрғызудың шаруашылық мүддесі жағынан дұрыстығы, теміржолдардағы қосалқы тасымалдарды жою қажеттігі туралы дәлелдерін қарсы қойды. Сәдуақасов «Өлке комитеті хатшысымен «теориялық айтыстың ұлт өкілі үшін үмітсіз іс екенін» мойындай отырып, Голощекин көзқарастарындағы «айқын келеңсіздіктерді» көрсетуден тайынбады. «Шаруашылықтың мүддесі жолындағы жөн-жоба өзі ұсынған топшылауын қолдайтынын» (кәсіпорындарды шикізат көздеріне жақынырақ орналастыру қажеттігі туралы) көрсете отырып, Сәдуақасов: «Голощекин өнеркәсіпті ауыл шаруашылығының артына апарып тіркемекші, сөйтіп, Қазақстанның мәңгі шаруа қамытын киген ел болуын қалайды» деп жазды. Экономикалық тиімді жайттарға сүйене отырып, ол мынадай сауал тастайды: «Голощекин жолдас жүн жуатын жерден неліктен әрі бара алмайды, дұрысы барғысы келмейді? Сол жерде шұға фабрикаларын ұйымдастыру ісі өзінен-өзі сұранып тұр. Жуылған жүнді апарып, одан соң сол жүннен жасалған «мәскеулік» шұғаны қайта әкеліп жүргенше, Қазақстаннан дайын шұғаны бірден алып кету теміржолдардың өзіне жақсы ғой».[28].


И. А. Зеленскийдің әр республикада тұйық шаруашылық құру («айтуға да күлкілі») жөніндегі сыңаржақ бағыт бар (ұлтшылдарда деп оқыңыз) деген пікірін теріске шығара келе, С. Сәдуақасов өз қарсыластарына мынадай сұрақ қояды: «Орта Азиядан мақта тасымалдау - ол жақсы, ал ол жердей дайын тоқыма матаны әкетуді тұйық шаруашылық деп атау қандай қағидадан шыққан?» Өз пікірін ол былай деп тұжырымдайды: «Олай болмайды, Зеленский жолдас! Дәл сол шаруашылық мақсат көзқарасы бойынша өнеркәсіпті шикізат көздеріне жақындату қажет».[31].
Ұлттық республикалардың өндіріс орындарын қолда бар шикізат базаларынан құруға ұмтылысы Орталық тарапынан да сыңға ұшырады. КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы A.M. Рыков Кеңестердің Бүкілодақтық IV съезінде былай деді: «Егер индустрияландыру дегеніміз әрбір әкімшілік бірлігінде индустрияны қайткен күнде де дамыту деген козқараста болсақ... біздің Одағымыздың кейбір бөліктерінде тұйық шаруашылық құруға ұмтылыс болса, біз өте көп және өте үлкен қателіктерге ұрынуымыз мүмкін».[32]. С. Сәдуақасов А.И. Рыковтың бұл сөздерін басқа губерниялармен, облыстармен және республикалармен салыстырғанда «өнеркәсібі жағынан немесе еш нәрсесі жоқ, әйтпесе қолда бары мүлде аз» ұлттық шет аймақтар үшін тән сипат деп баталады. Сондықтан да С. Сәдуақасов мынадай пікірде болды: «Рыков жолдастың ұлттық республикалардың өздерінде бар базаның негізінде әр түрлі кәсіпорындар құруға көмектесу жөніндегі өтініштерін тұйық шаруашылыққа ұмтылыс деп атауы - қате. Біздің ойымызша, индустриясы дамыған шаруашылықтың алғашқы қауымдық құрылыстан бірден-бір айырмашылығы — ол ешқашан тұйық болып қалмайды», ал «ұлттық шет аймақтар шикізат базасы болудан неғұрлым тезірек құтылса, соғұрлым Одақ бірлігі мен оның жеке бөліктері арасындағы өзара тәуелділік ұлғая түседі».[22].
Тұтас алғанда, С. Сәдуақасов сол кездегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы жағдайын бағамдай отырып, мынадай қорытындыға келеді: «XII парт съездің шет аймақтарды тек шикізат аудандарына айналдыруға ұмтылған патшалықтың және орыс буржуазиясының саясатын жою» [29]. туралы нұсқауы шет аймақтарда, атап айтқанда, Орта Азияда және Қазақстанда жеткіліксіз, немесе дұрысырақ айтсақ, мүлде жеткіліксіз денгейде жүзеге асырылуда».[33]. С. Сәдуақасов бұл жағдайдың басты себебі мынада деп білді: «Орталық органдар өз жұмысында ұлттық мәселе мәнін толық ескермеді. Өнеркәсіпті алдағы уақытта дамыту бесжылдығы шет аймақтар мұқтаждықтары ескерілмей жасалды».[34]. Сәдуақасовтың бұл тұжырымы әділ болатын әрі шындыққа сәйкес келді. Алғашқы бесжылдық (1928—1932 жылдар) жоспарын жасаудағы осы елеулі кемшілікті КСРО Халық шаруашылығының Жоғарғы Кеңесінің төрағасы В.В. Құйбышев та мойындады. Ол жекелеген аудандарды дамыту жөнінде бесжылдықта нақтылық пен айқындылықтың болмағаның атап өткен болатын. «Әрбір жеке ауданның болмыс-келбеті қандай болады — бұл сауалға бесжылдық нақты жауап бермеді».[35]. С. Сәдуақасовтың бесжылдық жоспардың «шет аймақтар мұқтаждығы ескерілмей жасалғаны» туралы тұжырымының әділ екендігін бұл жоспардың Орталықта ғана емес, сонымен бірге Қазақстанда да қалай жасалып, қалай бекітілгені жайлы мәліметтер айқындайды. Бұл туралы республиканың 20—30-жылдардағы индустриялық дамуындағы қиындықтарға байланысты жоғарыда айтылды.
Сонымен, 20-жылдардың екінші жартысында және 30-жылдардың басында Қазақстанды индустрияландыру жолдары туралы болған қызу пікірталаста Ф. И. Голощекин бастаған партиялық-кеңестік ұстаным жеңіске жетті және бұл Қазақстан өнер кәсібінің бүкіл кеңестік кезеңде шикізаттық бағыт-бағдарда болатындығын шешіп берді.

22. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру қалай жүзеге асқандығытуралы баяндаңыз. Күштеп ұжымдастыруға қарсы 1929-1931 жж. көтерілістердісипаттаңыз.


Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру — КСРО-да ұсақ, жеке шаруа қожалықтарын біріктіру арқылы ауыл шаруашылығын мемлекет мүддесіне толық бағындырып, қайта құрудың теориясы мен практикасы.
Ұсақ тауарлы шаруашылықтарды кооперациялау идеясын ғыл. коммунизмнің негізін қалаушылар Карл Маркс, Ф.Энгельс ұсынған болатын. Қазан төңкерісінен (1917) кейін құрылған Кеңес империясының экономикалық даму жолын таңдау мәселесінде үкімет пен партия басшылары екі топқа бөлінді. Олардың алғашқысы — Бухарин тобы (Н.И. Бухарин, А.Н. Рыков, М.П. Томский) экономикалық жүйеде әлі де көп жылдар нарықтық қатынас түрі шешуші тетік болып қала береді деп санады. Екінші топты нағыз сталиншілдер: В.В. Куйбышев, В.М. Молотов, А.А. Андреев, Л.М. Каганович, С.М. Киров, А.И. Микоян, Г.К. Орджоникидзе және т.б., бел алып келе жатқан тоталитарлық тәртіп басшылары құрады. Бұлар берік сенімге және күштеуге сүйену жолымен күрделі экономикалық мәселелерді партиялық-мемлекеттік жүйе шеше алады деген көзқарасты ұстанды және “жарқын болашаққа” жету үшін едәуір құрбандықтардың болуын орынды санады. Алғашқы бухариндік балама жолды кейде толық, кейде ішінара сол кезеңнің ірі экономистері Н.Д. Кондратьев, Н.П. Макаров, В.В. Новожилов, А.В. Чаянов, Л.Н. Юрьевский және т.б. қолдады. Қазақ ұлттық интеллигенциясының көрнекті өкілдері Ә.Н. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Әлімхан Ермеков, М. Дулатов, М. Шоқай және т.б. Қазақстандағы дәстүрлі мал шаруашылығымен айналысатын халықтың эволюциялық дамуын сақтауды жақтады.
20-шы жылдардың басында қабылданған жаңа экономикалық саясат бойынша шаруаларды ұжымдастыру, халықтың материалдық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін көтеру сияқты күрделі мәселелер шешіледі деп есептелінді. Шаруалар кооперациясы мемлекеттік қысым күшімен емес, экономикалық тиімділік шарттарын сөзсіз орындау арқылы жүзеге асатын шаралар ретінде қаралды. Жаңа экономикалық саясаттың алғашқы жылдардағы тәжірибесі оның мүмкін екенін дәйектеп берді.
Алайда, 20-шы жылдардың екінші жартысында жаңа экономикалық саясат негізінде қалыптасқан шынайы бағыт түбірінен өзгерді. Басты міндет — ең зәру көкейкесті мақсат индустрияландыруды қызу қарқынмен жүргізу деп жар салынды. Индустрияландыру қам-қарекетін қамтамасыз ететін қорды жинауды шаруалар қауымын тікелей және жанамалап экспроприяциялау есебінен жүргізу көзделді. Атап айтқанда, бұл мақсат мемлекеттендірілген колхоз жүйесін жасау, яғни шаруаларды ұжымдастыруды жаппай өткізу арқылы іске асырылды. Сөйтіп, 20-шы жылдардың аяқ шенінде бүкіл елдегі сияқты Қазақстанда да колхоздастыру науқаны басталды. Бұл шараның іске асырылуына шаруалардың тілегі мен ықыласы себеп болған жоқ, ол жоғарыдан берілген әмір, нұсқаулар негізінде жүргізілді. Қазақстанда колхоздастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай аяқтау белгіленді. Шаруаларды күштеп ұжымдастырудың арқасында республикада колхоздар саны қауырт өсіп 1927 жылы 1072 болса, 1928 жылы — 2354, ал 1929 жылы — 4876-ға жетті. Бұлар колхоздастыру саясатын жүргізудегі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін құрылған жасанды шаруашылықтар еді.
Жана экономикалық саясат негізінде жүргізілген шаруаларды кооперациялау ісі мемлекет бағыттап отырған күшпен ұжымдастыру шарасына орын берді. Ал, бұл шара шаруа қауымының игілігін ойлаудан тумады, тек индустрияландыру процесін қамтамасыз ету мақсатын қана көздеді. Сөйтіп, 20-30 жж. жаңа экономикалык саясатын дамыту бағыты тұйықталып тасталды. Ондаған жылдар бойына экономика мен қоғамдық саяси өмірде тек «күштеу» шарасының рухы үстемдік етті.
Бұл жағдай ауыл шаруашылығына қасіретті зардабын тигізді. Селодағы саясаттың ең басты шарты — әміршіл-әкімшіл террорға сүйенген экономикалық емес жарлықтар, шаруалар қауымын кооперациялау идеясын жаманатты қылып қоймай, оның пайдалы жақтарын да құртып жіберді. «Ұлы бетбұрыс» селолық құрылымдарды қатігез қаталдықпен аяусыз қиратып, қоғамның болашақта туатын проблемаларын біртіндеп әзірлей бастады.

Колхоздастыру барысында жүргізілген ауыл шаруашылығы өнімдері оның ішінде астықты күштеп дайындау шаруалардың күн көрісіне, көңіл-күйіне мейілінше кері әсер еткен, оларды кеңес өкіметін жек керуге итермелеген екінші бірүлкен шара болды. Ауылдарда мал саны өсіріліп көрсетіліп, алынатын еттің, жүннің көлемі белгілі есептен асып түсті. Салғыртты орындау үшін шаруалар қыс ішінде қой қырқуға мәжбүр болды. Мұның өзі қойлардың жаппай қырылуына соқтырды. Егіспен айналыспайтын шаруашылықтардан астық талап етілді. Салғыртты орындамаған қожалықтар сотқа тартылды. 1928-1929 жылдары осындай айыпқа ұшыраған 34 мың ауыл-село адамдары сотталды. Мұның өзі ауыл адамдарын қорқыту үшін де істелінді.


Колхоздастыру осындай ауыр жағдайда басталды да, оны басқару әкімшілік, зорлық, күштеу әдістерімен жүргізілді. Егер 1928 жылы Қазақстанда колхозға барлық шаруашылықтардың екі пайызы ғана кірсе, 1931 жылдың күзінде шаруаларды 70-тен 100 пайызға дейін колхоздастырған аудандардың саны 78-ге жетті. Бұл тұста өлкеде 122 аудан болатын. Шаруаларды ұжымдастыру кезінде ауыл-селоларда бай-кулактарды тап ретінде жою шаралары іске асырылды. Жергілікті орындарға жеткізілген нұскау бойынша жойы-луға тиісті бай-кулак шаңырактары барлық шаруашылықтың жалпы санының 3-5 пайызынан аспауы керек деп ескертілді. Бірақ, осыған қарамастан әміршіл-әкімшіл жүйенің асыра сілтеу әрекетімен тәркіге салынғандар саны кез келген жерде ең жоғарғы көрсеткішке жеткізілді. Нәтижесінде тек 1930-1931 жж. республикадан тыс жерге бай-кулак деп «жер аударылып» жіберілген шаруалар саны 6765 адамға жетті. Ондаған мың шаруалар тұрған округтерінен республика ішінде басқа жерлерге көшірілді.
Көшпелі қазақ мал шаруашылықтарын күштеп отрықшыландыру және ұжымдастыру Қазақстан экономикасын құлдыратып төмен түсіріп жіберді. Республика экономикасының құлдырап төмендеуі 1932-1933 жылдардағы қуаңшылықпен тұстас келді. Осындай елді арылмас сорға душар еткен қолдан жасалған қастандық пен табиғаттың рақымсыздығынан осы екі жылда республикада аштықтан өте көп адам қырылып, қазақ елі орны толмас қайғы мен қазаға ұшырады: 2 млн. 200 мың адамынан, яғни қазақ ұлтының 49 пайызынан айырылды. Республикада тұратын басқа халықтар да сан жағынан кеміді.
Ашаршылықтан және онымен байланысты туған эпидемиялардың салдарынан, сондай-ақ өлім-жітімнің көп болуы, халықтың басқа республикаларға, Қытайға, Иранға, Монғолияға т.б. елдерге көшуі нәтижесінде Қазақстан бірнеше миллиондаған адамдарынан айырылды. Қазақстанда жіберілген орны толмас қателіктер мен бұрмалаушылықтарды Мәскеудегі орталық аппарат жергілікті басқару органдары айыпты деп, барлық бәлені соларға жапты. 1933 жылдың басында Ф. И. Голощекин орнынан алынып, Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып Л. И. Мирзоян сайланды. Осы жылдың көктемінен бастап енді жіберілген кателіктерді және республикада қалыптасқан ауыр жағдайды түзету басталды. Әсіресе, күштеп ұжымдастыру мен қазақ көшпелі шаруашылықтарын еріксіз отырықшыландыру мәселелеріне айырықша назар аударылды. Іске асырылған шаралардың нәтижесінде тек 1934 жылы мал саны 16,4 пайызға өсті. Бірақ, мұндай алғашқы қол жеткен табыстар орасан бүліншілікке ұшыраған республика өмірінің қоғамдық және экономикалық негіздерін қалпына келтіре алмады. Ұлы Отан соғысына дейін Қазақстаннан тыс ауа көшкен жүз мыңдаған қазақтар қайтып оралмады, өлкеде қырылған малдың орны толмады. 1941 жылдың басында олардың барлық саны 16 млн. басқа ғана жетті. Ал қазақ этносының бұрынғы санын калпына келтіру тек Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары болған күшті демографиялык өсудін арқасында, яғни 40 жылдан кейін ғана іске асты.
23. Қазақстандағы 1931-1932 жж. аштықтың себептерін, экономикалық жәнедемографиялық зардаптарын түсіндіріңіз. «Бесеудің» хатына және Т.РысқұловтыңСталинге жазған хатына шолу жасаңыз.
Шабындық және егістік жерді қайта бөлу, тәркілеу, азық-түлік салығы, күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастыру барысындағы зорлық-зомбылықтардан көп азап шеккен ең алдымен қазақ халқы болды. Бар дүниесінен, мал-мүлкінен, құрал-саймандарынан, тіпті жертөлесінен де айырылған қазақтар ашаршылыққа ұшырап, босқын күйге көшті.
Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы терең күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны бар болганы 4,5 млн бас еді. 1931—1933 жылдары бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды.
Өлкелік партия комитетінің Торғай ауданындағы уәкілі 1932 жылдың қыркүйегінде мұнда әр адам басына орта есеппен 56 килограмм ғана астық және бір ғана мал калғанын, ал бұлар алты айдан кейін мүлде таусылып, қаңтардың соңына қарай, қыстың кақаған, сары аязында нағыз қиямет-қайым орнайтынын алдын ала ескертіп, дабыл қақты. Ол сонымен бірге кейбір толық емес мәліметтер бойынша ауданда ең кемі 2042 адам аштық құрбаны болғанын, ал 8500 адам аштан өлейін деп жатқанын Құрамысов пен Кахианидің, Исаев пен Құлымбетовтың аттарына жолдаған ресми мәлімдемесінде ашық айтты. Анадан туғандай тыржалаңаш, аш адамдардың дала төсінде босып сандалып жүргендерін, басқасын былай қойғанда, олардың даладағы атқұлақ пен сарышұнақты түгін қалдырмай жеп койғанын жазды. Осындай қайғылы жағдайдың көрші Батпаққара ауданында да кеңінен орын алып отырғаны да айтылды.
Голощекин қазақ даласындағы жағдайды өзі жіберген уәкілдері арқылы жақсы біліп, толық хабар алып отырды. Арнайы тапсырмамен Сарысу ауданында болған О.Жандосов мынадай мәлімет берді:
«Ауылдарды аралаған кезімде мен ондаған күндер бойы жерленбеген мәйіттерді кездестірдім... Әйелдер жоқшылық пен аштыққа төзімділеу. Еркектердің бірден ұнжырғасы түсіп кетеді. Күйзелгендер қолдарына не түссе де түк қалдырмай жеп қояды. Сүйек-саяқты жинайды, оларды жүрек жалғау үшін ондаған мәрте қайнатады. Тамақ орнына жартылай өңделген терілер де кете береді. Мен иттің етін жеген және онысын жасырмайтын бірнеше адамдарды кездестірдім. Оныншы ауылдан келе жатқан жолымда елсіз жапаннан екі жасөспірімді көрдім, Олар қайдағы бір ескі жұрттағы, атылған иттердің терісін алу үшін қалған өлімтіктеріне бара жатыр екен. 5-ауылда аштықтан жартылай ісінген, аяғы ауыр әйел маған жақын келіп, оған ит атып беруімді өтінді».
Голощекин ауылды кеңестендіру жүмысы әлі де әлсіз, оны күшейту керек деп есептеді. Бұл істегі, яғни кеңестендірудегі кемшіліктерді қазақ байларына, рулық қатынастарға жапты. Оған жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып жүргізілетін шаралар ұнамады. Кеңестендіру ісінде де таптық тұрғыда қарау кажет дегенді желеу етіп, ауылдағы ауқаттыларға қарсы күресті күшейтуді ұсынды. Оның бұл солақай бағыты да қазақ басшылары мен зиялыларының қарсылығына кезікті. Оларды «оңшылдар», «солшылдар» деп топтарға бөліп, қудалады. Ақыры, Сталиннің тікелей қолдауымен 1927 жылы Қазақстандағы ауылдык кеңестерге жаңа сайлау өткізуді ұйымдастырды. Ол бойынша байлар деп есептелгендер сайлау құқынан айырылады. Ауылдарда кедейлер жиналыстары өткізілді. Сайлау науқанын жүргізу үшін аудандарға арнайы уәкілдер жіберілді.
Иосиф Виссарионович Сталин
1928 жылғы 1 қазанда Қазақстандағы барлық кеңестердің 2199-ы қазақ шаруаларының, 1209-ы орыс-украин шаруаларының кеңестері болды. Бірақ бұл жаңа сайланған кеңес органдары да өздерін жетекші күш ретінде көрсете алмады. Сондықтан да Голощекин жергілікті ұйымдар мен одақтарға, әсіресе «Қосшы» одағына көбірек арқа сүйеуді талап етті. Жергілікті кеңестердің белсенді органдарға айналуына жоғарыдан жіберілген уәкілдер де көптеген кедергілер келтірді. Олар жергілікті кеңестермен санаспай, басшылық жұмысты өз қолдарына алуға ұмтылды. Бұл кеңестердің беделін түсірді. Оның үстіне қазақ ауылдарындағы ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан рулық-туыстық жүйеге қарағанда көптеген мәселелерді шешуде кеңестер қауқарсыз еді. Мұнымен бірге қазақтар келімсек еуропалықтардың үкімет тарапынан өздеріне карағанда біршама жеңілдіктер алуына әрқашан наразы болды. Мұның өзі қазақтар тарапынан үкіметке, оның жергілікті органы деп танылған кеңестерге сенімсіздікті қалыптастырды.
Ал селолық кеңестер жиналыстарында кулактар мен ауқатты шаруалар өз ұсыныстарын өткізуге тырысып отырды. Әсіресе орыс қазақтары сословиелік қалдықтар мен атамандық ықпалды сақтап калды. Бұлар да кеңес жұмыстарының жандануына кедергі келтірді. Партиялық өктемдік пен тоталитарлық тәртіптің орнай бастауы вертикалды басқару жүйесін қажет етті. Сол себепті де кеңес ұйымдары демократиялық сипаттағы емес, әкімшіл-әміршіл басқарудың өзіндік сатысына айнала бастады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет