Құрал-жабдықтар: Заттық және жабын шынылар микробиология-лық ілмешек, спирт шамы, пинцет, пипетка, дистельденген су, фильтр қағ-азы, метилен көгі, карбол фуксині, күкірт қышқылы, Люголь ерітіндісі, сп-ирт, Дригальский шпателі, өзендердің суы, автоклав.
Жұмыс барысы:
Тығыз қоректі орта ретінде ЕПА пайдаланыланып, автоклавта стерилизацияланады. Суды анықтау үш-ін су қоймаларынан немесе өзендерден үлгі алынып,ерітінді (разведение) дайындалады.
Ол үшін 9 мл стерильденген суы бар бірнеше пробирка дайындалып, нөмірленеді. Стерильді пипеткамен 1 мл су қоймасынан алынған су бір-інші пробиркаға тамызылып, шайқалады.1/10 ерітіндісі дайындалған про-биркадан 1 мл алынып екінші пробиркаға енгізіледі (1:100 ерітіндісі). Екін-ші пробиркадан 1 мл суды үшінші пробиркаға тамызады (1:1000 ерітін-дісі). Осы тәсіл бойынша ерітілген қоймалардың, өзендердің суы 1:1000 есе ерітілгеннен аз болмауы қажет, ал құдық пен құбыр (водопровод) суы ерітілмей-ақ зерттелуі мүмкін.
Сурет 25. Автоклав
Соңғы пробиркадағы су ерітіндісін Петри табақшасына дайындалған ЕПА ортасына 0,2 мл көлемде тамызып, Дригальский шпательімен орта бе-тіне тегістеп, жаяды. Табақша беті жабылып суды пластинкаға сіңіріп, нө-мірлейді. Аударылған түрге 22-250С температрадағы термостатқа қойыл-ады.
3-5 тәулік өткен соң Петри табақшасындағы колониялар есептеліп, 1 мл судағы бактериялар саны анықталады. Колониялардың орташа саны ер-ітіндіге көбейтіледі.
Кесте 4. Зерттеу нәтижелерін кестеге толтырады
Су алынған жер
|
1 мл зерттелінген судағы микроорганизмдер саны
|
Қаладағы өзен суы
|
460 000
|
Қойманың суы
|
1 350 000
|
Достарыңызбен бөлісу: |