Тақырыпты ашу үшін бірінші және екінші реттік анализ жасалынды. Бірінші реттік анализ да сауалнама тәсіліне жүгіне отыра, 70 адамнан тұратын респонденттерден сауалнама алынған болатын



Дата30.10.2022
өлшемі15,5 Kb.
#155738
Байланысты:
Документ (1)
культура, java quizz, python sqlite, OOP 2

Тақырыпты ашу үшін бірінші және екінші реттік анализ жасалынды. Бірінші реттік анализ да сауалнама тәсіліне жүгіне отыра, 70 адамнан тұратын респонденттерден сауалнама алынған болатын. Microsoft Forms арқылы 6 сұрақтан тұратын сауалнама жасаған болатынмын. Алғашқы сұрақ адамдардың жасы туралы болды. Бұл сұрақ арқылы Наурыз мейрамы тақырыбын қандай жастағы адамдар талкылағанын білуге болады. Нәтижесінде 12 мен 16 жас аралығындағы 18 адам, 17 мен 22 жас аралығындағы 43 адам, 23 пен 30 аралығындағы 5 және 30 жастан асқан 4 адам өткенін көруге болады. Солайша сауалнамадан өткен респондеттердің басым бөлігі 17 мен 22 жастағы адамдар екенін көре аламыз. Яғни негізгі респондеттер мектеп оқушылары немесе жоғарғы оқу орнынын студенттері екенін аңғарамыз. Екінші сұрақ респонденттердің жынысы туралы болды. Бұл жерде 39 ер адам 31 әйел адам өткенін көре аламыз. Яғни, сауалнаманы ерлер мен әйелдер шамамен бірдей мөлшерде өткен болатын. Келесі сұрақ адамдардың қай салада жұмыс атқаратыны туралы сұрақ қойылды. Бұл жерде жоғарыда айтып өтілгендей ең басым бөлік оқушылар мен студенттер болды. 40 оқушы 15 студент өткен болатын. Одан бөлек 3 мұғалім және де 12 өзге саланың маманы сұрақтарға жауап берді. Бұл аркылы әр саланың мамандарынан Наурыз мейрамының маңызы туралы респонденттердің ойын білуге мүмкіндік алдым. Келесі сұрақта Наурыз мейрамын тойлау маңызды ма деген сұрақ қойылған болатын. Қанша жерден басым бөлігі маңызды деген ойды ұстанса да 6 адам бұл мейрамды тойлау қажеттілігі жоқ деген пікір ұстанады. 5 сұрақ арқылы алдыңғы сұрақтағы жауапты түсіндіруін сұраған болатынмын. Иә жауабын тандагандардың ішінде басым бөлігі бұл еліміздің төл мейрамы, ұлттық болмысты сактаудагы маңызды мереке деген түсініктерін жаза кетті. Иә жауабын таңдағандардың ішінде бұл мейрамда тәтті тағамдар көп болады дегендер де болды. Бұл қазіргі кезде адамдар мерекені маңызды емес тек көңіл көтеру тәсілі санайтындығын көрсетеді. Ол жоқ дегендер бұл мейрам бұрынғы қалпына жоғалткан деген ойда. Және де жаңа жылды 2 рет қайта тойлау керек емес деген ойда. 6 сұрақ арқылы адамдардың наурыз кезінде қандай ұлттық ойындар ойналынатын сұраған болатынмын. Бұл жерде барлығы да ұлттық ойындардың түр түрін жаза кетті. Оның ішінде: көкпар, бестас асық, қыз қуу, кызылту, алтыбақан және де тағы басқалары. Соңғы сұрақ Наурыз мейрамын тойлауды 10 балдық шкаламен бағалау болды. Жауаптардын орташа мәні 8.34 баллды құрады. Бұдан біз елімізде Наурыз ортадан жоғары деңгейде тойланатындығын көрсетеді. Респонденттердің барша жауаптарына анализ жүргізе кетсе, Наурыз мейрамы рөлі жоғары деңгейдегі маңызды мейрам.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет