Тақырыптың өзектілігі: Ырғақты қозғалыс үйірмесі өскелең жас ұрпақтың әсемдік пен дене сымбатының дұрыс өсуіне,өз-өзіне сенімділігі мен ерекшелігін сезініп, жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету. Жұмыстың мақсаты



бет1/5
Дата06.02.2022
өлшемі30,02 Kb.
#79298
түріСабақ
  1   2   3   4   5

Кіріспе
Жеке тұлғаның эстетикалық және көркем мәдениеттің қалыптасуына көркем өнер эстетикалық тәрбиенің маңызды аспектісі болып табылады. Хореография бұл қозғалыстың, дыбыстардың, жарық бояуларының, кастюмдердің әдемілік әлемі, яғни сиқырлы өнер әлемі. Балалар мұны балет спектакльдерінің, шығармашылық альбомдардан, бейне филмдерден көруге ұмтылады.
Хореографиялық өнермен сабақ баланың дене дамуына себеп болады және оларды рухани азықтандырады. Бұл үйлесімді жаттығулар балаларды да ата-аналарды да жаттықтырады, жақындатады. Би мүсініне ие болған бала жан-жағындағыларды таңдандарады. Бірақ оның қалыптасуы- балалардан көптеген сапа талап ететін ұзақ құбылыс. 
Тәртіптілік еңбек сүйгіштік және сабырлық - тек хореографиялық сабақта ғана емес, сонымен қатар тұрмыста да қажетті қасиеттер. Бұл сапалар жыл бойы педагог- хореографтармен тәрбиеленеді және көптеген жетістіктерге жеткізеді.Өмірде өте қажет жауапкершілік сезімі би мен айналысатын балаларды алға қозғайды. Хореографиялық оқытудағы ұқыптылық, хореографиялық киімнің тазалығы балалардың ішкі дүниксіне де әсер етеді. Олар тек мүсінімен ғаға емес,сәнді шашымен,қарапайым киімді сәнді етіп киюімен ерекшеленеді. 
Әдептің тәрбиеленуі хореография сабағының бір бөлігі болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет