әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету. Бұл секірісті экономиканың құлдырау қарқынын тоқтату және жеделдету бағытына басты күшті жұмылдыру есебінен жасау тұжырымдалды; Қазақстанды жаңаша қалыптастыруым керек болды. Қайта құру құрғақ сөзге айналып, келекеге ұшырай бастады. Қатерлі кезеңнен бірігіп аман қалуды ойластыратын ешкім болмады. Тамыз төңкерісінен кейін әркім өз басын өзі күйетуге мәжбүр болды. Ал М.Горбачев сол оқиғалар елдегі жағдайды түбірімен өзгертіп жібергеніне қапелімде түсіне қоймады. Өз елінде өзге елде жүргендей халге ұшырады. Маған өзімді президент сайлаған халықтың-қазақстандықтардың алдындағы жауапкершілігімді сезініп, шешімді әрекеттерге барудан басқа амал қалмады.