Оқытушы : Келесі тапсырма сұрақ-жауап.
Бірінші сұрақ: Егер сізге телефон арқылы терроризм актісі туралы хабар түссе, сіздің әрекетіңіз?
І.Студент: Әңгімелесудің мазмұнын есте сақтап қалуға тырысамын. Қоңырау шалушының сөйлеу мәнерін, дауыс ерекшеліктерін, өзгеше сөздер мен сөз орамдарын белгілеп аламын. Дыбыстық фонды аңғаруға тырысамын.
ІІ. Студент: Мен мүмкіндігінше әңгімелесуді таспаға жазып алуға тырысамын. Тұтқаны қоймай тұрып, телефон номерін жазып аламын. Бұл туралы тез арада мекеменің қауіпсіздік қызметін және құқық қорғау органдарына хабар беремін.
Оқытушы: Міне, біз телефон арқылы террористік акті болған кезде не істеу керек екенің білдік.
Екінші сұрақ. Егер жарылғыш құрылғылар және олардың белгілері туралы білген кезде не істеуіміз керек соған тоқталайық.
І.Студент: Жарылғыш заттардың белгілері төмендегіше болып табылады. 1. Антенна
2. Сағат дыбысы. 3.сымдар . 4. Батериялар .
Ал, сезікті заттарға иесіз портфельдер, шабадандар, сөмкелер, түйіншектер,қаптар, шәшіктер, қораптар, иесіз көліктер жатады.
ІІ оқушы: Мен, жарылғыш заттың жанында ұялы телефонды, радиостанцияны қолдануға тиым салынғанын, затты қолмен ұстауға, жылжытуға, ашуға болмайтынын, мүмкіндігінше затқа тиіспей, полиция қызметкерлерін келуін күту керектігін, жарылғыш заттарды тек құқық қорғау орындарының қызметкерлері ғана жүзеге асыратынын білемін.
Оқытушы: Екі сұрақтың жауабы қанағаттанарлық.
Келесі сұрақ: Егер сізді қылмыскер кепілге алса сіздің іс-әрекетіңіз.
Оқушы: қарсылық білдірмей барлық талаптарын орындаймын, қашуға әрекет жасамаймын, террористер туралы: олардың саны, қарулары, дене бітімдері, мінез-құлқы, акценті, сөйлеу мәнері секілді тағы да басқа белгілерін есте сақтауға тырысамын.
\ Террорлық іс-әрекеттер туралы бейнефильмдер. Студенттер өз пікірлерін ортаға салады.\
Оқытушы: Біз бүгін террорлық іс-әрекеттер туралы көптеген маңызды жаднамаларды үйрендік. Бұл әрбір студент үшін маңызды деп ойлаймын. Сіздер арқылы сіздердің ата-аналарыңыз, достарыныз, аға-іні, апа-қарындастарыңыз хабардар болады деп сенемін!
\ Хор. «Болмасын соғыс!» \