Таймшер туралы түсінік



Дата12.10.2022
өлшемі21,35 Kb.
#152774
Байланысты:
Таймшер туралы түсінік


Таймшер туралы түсінік
Таймшер – уақытты бөлу, туристік бизнестегі мүлікті уақытша қолдану.Таймшер әртүрлі клубтық қызметтің дамуы болып табылады. Таймшер ең алғаш Еуропада 1960 жылдары құрылған. Таймшер типі бойынша ең алғашқы сату ойы Англияда 40 жылдарда қонақ үй магнат конференцияда пайда болған. Сол уақытта номерлерін толтыру өте қиын болған, ал ағылшындар сол қиындықтан қалай шығуды ойластырып тапқан. Таймшер – 50-ден 250-ге дейін нөмерлік қоры бар, жеке құрылыстар болуы мүмкін. Пәтер тектес номерлер мен курорттық қонақ үйлердегі сияқты қызметтерді ұсынады. Жеке пәтерлер жеке иелерге сатылған, бірақ жалпы меншік басқарушы компаниямен бақыланады.
Таймшердің бағасы маусымның ерекшелігіне және келу уақытына байланысты. Жоғары сұранысқа ие маусымға қарағанда, сұраныс төмен уақытта бағалары өте төмен болады. Жылжымайтын мүліктің иегері, төлеген ақшасына байланысты, белгілі уақыт аралығында пайдалана алады. Негізінен «меншік» 10 жылдан шексіз уақытқа дейін алынады. Пайдалану уақыты аптамен өлшенеді. егер алған аппартаментінде «өзінің» апталары демалуы да немесе «алған мерзіміне» байланысты ұқсас демалыс орнына ауыстыруы да мүмкін. Таймшердің жалпы сатылуы 1991 жылы тек Еуропада 3,74 млрд.дол. тең болған. 2002 жылы сату көлемін 30 млрд.дол. жеткізу көзделуде. Таймшер иегерлері 157 ел азаматтар болып отыр. Таймшерлік курорттар 75 елде бар. Клубтық демалыс – заңды түрде қолданылатын демалыс курорттары немесе топтық курорттарда қолданылатын демалыс орындары. Клуб өз мүшелерінің әлеуметтік белсенділігін, творчестволық бастауын, мәдени деңгейін дамыту мақсатында құрылады. Клубтық қауымдастық үшін инициативтілік, өзіндік іс-әрекет, қоғамдық пікір тән. Клуб – бос уақытты өткізу орталығы болып табылады. Клубтардың ғимараты әр түрлі демалыс түрлеріне байланысты қызмет көрсетуге бағдарланған болуы тиіс. Клуб мекемесінің типтік құрамы көрермендерге арналған кешен, демонстрациялық және клубтық кешендер, әкімшілік-шаруашылық және техникалық бөлмелерді қамтиды Клубты жетекшілер мен мамандар басқарады. Персонал өз қызметін жүзеге асыруда адамдармен өзара қарым-қатынасты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып бос уақытты өткізуді ұйымдастыру теориясы мен әдістемесін басшылыққа алады. Клубтық қызметті жүзеге асыруда эмоционалдық ақпаратты берудің әр түрлі құралдары қолданылады (сөз, мәтіндер, көрнекі құралдар, әр түрлі өнер туындылары). Мамандандырылған клубтар ортақ қызығушылықтар бар тар шеңбердегі келушілер контингентіне арналып құрылады. Олар бір мамандықтың, әлеуметтік топтың, жастары шамалас адамдар тобы болуы мүмкін. Көреремендер кешенінің бөлмелеріне вестибюль, фойе, санитарлық тораптар жатады. Демонстрациялық кешенді сахнасы бар көрермендерге арналған зал, концерт немесе кино көрсетуге қызмет көрсететін бөлмелер құрайды. Клубтық кешен бөлмелеріне ақпараттық-лекциялық, көрмелер мен студиялар, демалыс және көңіл көтеру бөлмелері жатады. Клубтық қызметті талдауда оның ұйымдастырылуы, кеңістігі, келушілер саны, олардың қызығушылықтары сияқты көрсеткіштер қарастырылады. Келушілердің әлеуметтік-демографиялық құрылымы оларды жасына, жынысына, жанұя жағдайына байланысты топтастыруды қажет етеді. Әр топтың өзінің құндылықтар жүйесі, мінез-құлық моделдері болады.
Мейрамхана ерекшелігі олардың көптеген заттарды шеше алатындығы. Бұл бір қатар тұрғын ж/е көпшілікке ортақ ғимараттар, яғни интерьерлердің ерекшелігін жоспарлауды айқындайды. Интерьер-күрделі, көпжоспарлы ж/е адамға үлкен эстетикалық ж/е психофизиологиялық күшпен әсер ететін ұғым. Интерьер –бұл ғимараттың ішкі кеңістік ұйымы адамының жайлы өмір сүруіне жасалатын жасанды орта мейрамханаларда адамға ұсынылатын жақсы талаптар мейрамхана ғимаратының ж/е де оған қосылған мейрамхана аумағының жанға жайлылығына байланысты. Мейрамханалардың ішкі кеңістігінің жалпы жайлылығы ұғым болып саналады.
1. Көліктік қызмет. Көлік кешені – экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі. Көліктің ел экономикасындағы рөлі айрықша маңызды. Тасымалдауға ұсынылатын негізгі тауар өнімі – көмір, астық, мұнай, кентас, минаралдық тыңайтқыштар. Көліктің барлық түрлерінің республикада өткен ғасырдың 70-80 жылдары неғұрлым серпінді қарқынмен дамыды. Көлік құрылысы - темір жол, автомобиль, су, әуе көлігі, құбыр желісі нысандарын салу және қайта жаңғырту (құралымдау) жұмыстарын жүзеге асыратын құрылыс саласы. Оған темір жол мен автомобус жолдарын, аэродромдар, көпірлер, туннельдер, метрополитендер, алаптар, теңіз және өзен айлықтарын, каналдар, магистралды мұнай және газ құбырларын, вокзалдар, деполар, т.б. көлік үйлерін салу, темір жол жүйесін электрлендіру, автоматика және телемеханика қондырғыларын орнату ісі жатады.Көліктік саяхат – бұл саяхат әртүрлі көлікте туристік топтардың саяхаттау болып табылады. Көліктік саяхаттың негізгі міндеттеріне: -маршруттық тасымалдау (теміржол, теңіз, автобус, өзен, әуе); -транспорт түрлерін қолдану (поезд, самолет, автобус, теплоходтар, велосипед, әуе шарлары); -маршрут трассасының тұру (сызықтық, радиалды, домалақ, аралас); -саяхаттың ұзақтылығы (қысқа мерзімді, көп күндік); -маусымдық (жыл бойы, маусымдық, әртүрлі). Турист өзінің саяхатты жоспарлаған кезде келесі факторларды ескереді: – саяхат мақсатына дейінгі жеткізу жылдамдығын; – саяхат қолайлығын; – құнын; – жүктерді тасымалдау мүмкіндіктерін мен оның массасын; – тамақтандыру жағдайы; – шу мен вибрация деңгейін; – демалу мен ұйықтау жағдайын; – жағымсыз экологиялық факторлардың бар болуын; – қауіпсіздікті. Осы талаптар келесідей тізбекте болады: саяхат қауіпсіздігі, әртүрлі жеңілдіктердің болуы мен бағасы; жайлылығы; жеткізу жылдамдығы; басқада факторлар. Темір жол көлігі - республиканың Көлік кешеніндегі маңызды қатынас құралы. Көлік инфрақұрылымындағы басты буын. Қазақстанның географиялық жағдайы (теңізге тікелей шығу мүмкіндігінің жоқтығы), оның ұлан-байтақ аумақты алып жатуы, өндірістің шикізаттық құрылымы, өндіргіш күштердің орналасуы, автожол инфрақұрылымының жеткілікті дамымағандығы себепті темір жол көлігінің ел экономикасындағы рөлі айрықша маңызды.Тасымалдауға ұсынылатын негізгі тауар өнімі-көмір, астық, мұнай, кентас, минералдық тыңайтқыш сияқты автомобиль көлігімен тасымалдауға тиімсіз сусымалы және сұйық жүктер. Әуе көлігі – әуе рейстерінің саяхаттары, әуе көлігінің тасымалдауы кесте бойынша жүзеге асырылады. Чартерлік рейсте кез келген пассажирлік көлік құралдары (әуе, теңіз, автокөліктік), яғни туристік фирмалардың туристерді тасымалдауға жалдаған көлік түрлері.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет