« Талантты және дарынды балалармен жұмыс жасау әдістері » Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт - бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу - ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы.
Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар. Шығармашылық - өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйелі дайындалып берген білімді, дағдылары меңгеретін шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар алатын, бір тума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру бұл әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың маңызы мәселе екендігін дәлелдейді.
Дарынды, талантты балаларды анықтау - баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды: баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс - әрекетіне талдау жүргізу, дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану,
Дарынды әрі талантты оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты: олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсат қажет оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге аса
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген Абай. Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады. Дегенмен табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей,біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарытпай тарататыны да анық. Қазірге дейін ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі түрлі көзқарас бар. Біреулері кез-келген бала дарынды, тек уақытында нақты қабілетін анықтап, дамыту керек десе, ал қарсы көзқарастағылар дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән дейді
Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.
Сонымен, дарынды дегеніміз - адамзат баласының басқаларға қарағанда ерекше ойлау, талдау, еске сақтау қабілеті бар шығармашылық пен табысты жұмыс істейтін еңбекқор адамдарда /оқушыларда/ кездесетін қасиетті айтамыз.
Талантты, дарынды және жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру бағытында білім беру педагогикалық үдеріс барысында жүзеге асады. Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететін күрделі мәселе. Әртүрлі теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберінде қолданылады. Тәжірибеге жасалған талдау оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруды мектеп бүкіл оқушылар үшін мектеп стандартын күрделендіре отырып анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетті.
Бұл ұғымның мазмұндық жағы әртүрлі болуы мүмкін. Балалар бір пәннен емес бірнеше академиялық пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгей көрсетуі мүмкін. Мәселен, әртістік, спорттық , музыкалық және басқа таланттарымен танылуы ықтимал. Сонымен қатар олар бір салада дарынды болса ,басқа салада қиындыққа тап болуы мүмкін.
Дарынды балалар өте ізденімпаз болады, сондықтан олар өзінің зерттеу әлемін үнемі кеңейтіп отырады. Олар ересек адамдарды сұрақтарға «көміп» қояды, көп жағдайда, сол сұрақтарға жауап табу оңай болмауын мойындауымыз қажет. Сонымен қатар дарынды балалар ерекше ойлау қабілеттілігімен, жаңашыл, қалыптасқан пікірге қарсы идеяларды тудыратын, шешімін таппай жүрген мәселелерді шешуде оңай жол табу, ол жолды түрлі бағытта қолдана білуімен ерекшеленетіні айқын. Алайда біртараптан дарындылық жағымды ерекшелік десек, екінші тараптан, бұл ерекшелік жағымсыз қасиеттердің де негізі болуы мүмкін. Олар жоғары деңгейде өз біліктілігін, сөз байлығын паш ете отырып, жастығына қарамай, «Ересек адам» болып қалғанын көрсеткісі келеді. Білім алу барысында дарынды балалар төмен үлгерім көрсетуі де мүмкін, себебі мектеп бағдарламасы олардың барлық қабілеті мен қызығушылығына жауап бермейді. Балалар бір ғана пәннен немесе бірнеше академиялық пәндерден олардын күткен жоғары деңгей көрсетуі мүмкін. Мысалы, спорттық музыкалық және басқа талаптарымен танылуы мүмкін ықтимал. Сонымен қатар олар бір салада дарынды болса, басқа салад қиындыққа тап болуы мүмкін. Олар дамудың бір кезеңде өте қабілетті болса, келесі кезеңдерде қабілеттерін танытпауы мүмкін. Демек, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Қабілеттер мәселесін қорытындылай келе, педагогикалық практика үшін мәні ерекше мына жағдайларға айрықша тоқталу жөн. Бірінші –адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауы. Қабілеттердің бірдей емес екендігін сыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілетті болатындығымен дәлелдеуге болады. Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біруелері сурет салғанды тәуір көреді. Олардың қабілеттерінің құрылымы да, оны құрайтын компоненттер де әр түрлі болады. Мәселен: математикалық қабілеті басым балаларда ойлау операциялары тез, дәл болады да, бейнелеу өнеріне қабілетті балаларда нақты заттардың бөліктерінің арақатынасын жылдам анықтай білу сияқты сапаларымен ерекшеленеді. Әке-шешелері баланың дарындылығына әртүрлі көзқараспен қарайды. Кейбіреулері баланың дарындылығын барынша қолдап, оның дамуына ықпал жасаса, кейбіреулері керісінше баласының ақылды әңгіме айтып өзін үлкендерше ұстап жүргенін келеке етіп масқаралайды. Әрине, балаларға үлкендер тарапынан олардың қабілеттілігін түсініп, қолдау жасағаны маңызды, әсіресе, жақын туыстарының көзқарасы үлкен роль атқарады.. Балалар туралы әңгіме қозғаған кезде оларға «дарынды» не «дарынсыз» дегеннің өзін айтқың келмейді. Балалардың барлығы дарынды. Олардың әрқайсысы ерекше бір дарындылығы, үлкен күш-қуаты бар және сол ерекшеліктері олардың өсуі мен дамуына ықпалын тигізеді. Дарынды балалар өте ізденімпаз болады, сондықтан олар өзінің зерттеу әлемін үнемі кеңейтіп отырады. Дарынды оқушылардың көпшілігінде осындай мінез неғұрлым көрініп тұрады әрі қарқынды болуы мүмкін. Дарынды және талантты оқушыларды әрқашанда мінез-құлқы бойынша бірден табу мүмкін емес, өйткені кейде олардың айрықша қабілеттілігі көрініп те тұрмайды. Кейбір оқушылардың дарындылығы объективтік себептердің әсерінен көрінбеуі де мүмкін, болмаса оларда әлі өз қабілеттерін көрсету мүмкіндігі болған жоқ шығар. Ал қалғандары әртүрлі себептер бойынша үлгере алмайтындардың санатына жатуы немесе өз дарындылығын әдейі жасырып жүруі де мүмкін. Енді кейбір дарынды және талантты оқушылар оқуда қиыншылықтармен кездесуі мүмкін, бұл олардың шынайы қабілеттерінің көрінуіне кедергі болады. Дарынды және талантты оқушылар кең өрісті қабілетке ие: олардың кейбірі, мәселен, ғылым мен техника саласындағы ерекше қабілетін көрсете алуы мүмкін, ал кейбіреулері өнерде немесе поэзияда, қоғамдық көшбасшылықта көрінер. Қазіргі уақытта дарынды және талантты оқушыларды олардың тек жоғары зиятының болуымен ғана анықтамайды. Дарындылық пен таланттың тұжырымдамасына қатысты қағидаттар жүйесіне кең ауқымды жалпы зияткерлік, академиялық қабілеттерді, шығармашылық, көшбасылық қабілеттерді, жеке мүмкіншіліктері мен өнердегі визуалдық және орындаушылық қабілеттерді жатқызуға болады. Сонымен қатар олар бiр салада дарынды болса, басқа салаларда қиындыққа тап болуы мүмкін; олар дамудың бiр кезеңінде өте қабiлеттi болса, келесі кезеңдерде қабiлеттерiн танытпауы мүмкін. Бұл дарындылық пен қабiлеттiлiктерді мұғалiмдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелерi немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабiлеттiлiктерiн, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшiн оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін. Макэлпайн мен Рид (1996) дарынды және талантты оқушылардың мінез-құлықтарының пайдалы тізімін жасап ұсынды. Шындығында, бірде бір дарынды оқушы келтірілген сипаттамалардың барлығына ие бола бермейді: олар барлығына да ие болуы мүмкін немесе бір санаттағы барлық сипаттамаларға жетіп қалуы, бірақ басқасында аздап «ақсауы» мүмкін. Бұл бөлімде «дарынды» және «талантты» деген ұғымдар «дарынды және талантты» деп біріктірілді. Дегенмен кейбір зерттеушілер олардың әртүрлі екендігін алға тартып, оларды саралау қажет деп санайды.
Дарынды тұлғаның қалыптасуына мектептің маңыздылығы үлкен. Мектеп қабырғасында бала сапалы білім мен саналы тәрбие ала қоймай құрбыларымен, жора-жолдастарымен, құрдастарымен күнделікті қарым-қатынаста болып, өзінің көзқарасын, ой-пікірін толық жеткізу мүмкіншілігіне ие болады. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды.
Дарынды оқушылармен жұмыс жасаудың негізгі бағыттары :
- Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоциялық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін анықтау;
- Жан-жақты ақпаратты қабылдауын анықтау;
- Коммуникативті бейімділігін анықтау;
- Дарынды оқушының шығармашылық деңгейін анықтау;
- Дарынды оқушының қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауын анықтау;
Ал, бастауыш сыныпта дарынды оқушыны қалыптастыру үшін оның сөйлеу тілін, дүниетанымын, логикалық ойлау қабілетін дамыту керек. Сондықтан, бастауыш білім –үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы болып саналады.
Мен өз тәжірибем барысында оқушыларың дарындылығын дамытуды мақсат етіп, оқушының рухани жан-дүниесін заман талабына сай дамытуды көздедім. Сол үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым:
- Оқушының сауатты жазып, мәнерлеп оқуға машықтандыру;
- Әріптердің емлесін салыстыра ажыратуға үйрету;
- Сөздік қорын дамыта отырып, сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
- Ой-өрісін дамыта отырып, өз ой-пікірін ашық айтуға үйрету;
- Ауыз әдебиеті үлгілерін үйрету арқылы оқушының тілін дамыту.
Оқушыларды заман талабына сай білімді, бәсекеге қабілетті, ой-өрісі жоғары жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыру үшін үздіксіз ізденіс пен заманауи ақпарат құралдарын сабақта пайдалана білу қажет. Оқушының дарындылығын дамыту тек бір сабақта ғана емес, жыл бойында жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесі арқылы шығады. Ол үшін мұғалім сабақтың типін, түрін, әдісі - тәсілдерін және жаңа технологиялардың элементтерін, халықтық педагогиканы тиімді пайдалана білуі тиіс.
Мұғалім бағыттаушы, ал оқушы бағыт алушы болғандықтан дарынды және талантты балаларға білім мен тәрбие бергенде барынша дұрыс бағытты, жүйелілікті, жауапкершілікті назарда ұстау керек.Сондай ақ бала бойында тұншығып жатқан дарынды көре білу мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты болмақ. Үнемі ізденісте болып, оқып үйренген, жаңа білімін оқушы санасына құя білген мұғалім, еткен еңбегінің жеңісті жемісін де жері анық. Өз тілімен қатар, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгеруге құзырлары жететін дәрежедегі оқушы болып қалыптасуын талап етіп отырғаны көңілге қонарлық мәселе. Сол үшінде осындай қабілетке ие болуға ең басты септігін тигізетін негізгі тұлға – ол ұстаз болып табылады.
Қазіргі таңдағы заманауи жаңашыл мұғалімдердің балаларды оқытудағы басты мақсаты – білім берумен қатар өз идеясы мен біліктілігін оқушының идеясымен салыстыруда әрі қарайғы дамуға ықпалын тигізудегі ұйымдастырушылықты талап етеді. Оқушыға саналы тәрбие, сапалы білім беруде мұғалім өзі ең алдымен оқыту тәсілдерімен кәсіби міндеттерін жетік білуі тиіс.