Талдаудың физика-химиялық әдістері пәнінің мақсаттары мен міндеттері



бет1/2
Дата28.09.2023
өлшемі18,83 Kb.
#182896
  1   2
Байланысты:
1 дәріс (1)


1-2 – Дәріс. Талдаудың физика-химиялық әдістері пәнінің мақсаттары мен міндеттері.



  1. Курстың мақсаттары мен міндеттері.

  2. ТФХӘ-нің негізгі ерекшеліктері. Талдау тәсілдерінің сипаттамалары.

  3. ТФХӘ-да қолданатын негізгі тәсілдер. Қолдану аумағы.

1. Пәннің мақсаты: жоғары оқу орнында «Талдаудың физика-химиялық әдістері» оқу курсы келесі мақсаттарға негізделген:



  • студенттің жеке тұлға ретінде қалыптасуы, интеллектілік қабілетінің логикалық және алгоритмдік ойлауын дамыту.

  • талдаудың физика-химиялық әдістерінің теориялық негіздерін меңгеру

  • метрология негіздерін, соның ішінде қателіктердің түрлерін, анализ әдістерінің және аспаптардың дәлдігін;

  • физика-химиялық талдау жүргізетін өлшеу құралдарын қолдану;

  • талдау нәтижелерін қорытындылай білу және градуирлеу графигін, титрлеу қисықтарын тұрғызуға үйрету.

Пәннің міндеті физика-химиялық талдаудың теориялық негіздерін меңгеру, физика-химиялық әдістердің жіктеу, аспаптардың сызбанұсқасқаларымен және негізгі түйіндерімен танысу және аспаптарды калибрлеу үшін стандартты ерітінділер дайындау, табиғи ортаның ластандырғыштарын сандық анықтауды жүргізу.
Талдаудың физика-химиялық әдістері пәнін меңгеру кезінде студент – физика-химиялық талдаудың теориялық негіздерін; ерітінділерде, газ фазасында, қатты дене бетінде талдау процестерін жүргізуді үйрену; өндірістік зертханаларда және ғылымда аспаптық тәсілдерді практикалық түрде қолдана білуді меңгеруге міндетті.
«Талдаудың физика-химиялық әдістері» пәнін меңгеру үшін коллоидты және физикалық химия, бейорганикалық, органикалық және аналитикалық химия пәндерін білу керек. Бұл пәнді толық және терең түсіну үшін физикалық химия бойынша есептерін шығара білу, оқулықпен, ғылыми әдебиетпен, компьютермен жұмыс жасай білу қажет.

2. Химиялық анализдің әдістері негізгі үш топқа топтастырылған. Олар хмиялық, физика-химиялық, физикалық әдістер. Соңғы екі әдістерді басқаша аспаптық деп атауға да болады. Осы топтарға кіретін әдістердің әрқайсысының ерекшеліктері, артықшылықтары, кемшіліктері бар.


Осы әдістердің ішінде физика-химиялық түрінің қазіргі заманда алатын орны ерекше.
Соның ішінде соңғы кездегі аналитикалық химияның мақсаттарының бірі-қолданылатын өлшеу құралдары мен аспаптарын миниатюрлеу (көлемдерін аса кішірейту) және автоматтандыру физика-химиялық әдістің ерекшеліктерінің бірін көрсетеді.
Анализдің физика-химиялық әдісі - химиялық реакция негізінде зерттелетін материалдың физикалық көрсеткіштерін өлшеу.
Талдаудың физика-химиялық әдістерінің артықшылықтары:

      • Талданатын объектіде компоненттердің аз мөлшерін анықтайды. Анықтау шегі

10-5 – 10-10 %

      • Талдау өте шапшаң орындалады, оның нәтижесінде технологиялық процестерді қалпына келтіруге немесе түзетулер енгізуге болады.

      • Талдау процесін автоматтандыруға болады, кейбір аспаптар талдауды қашықтықта жүргізе алады.

      • Талданатын үлгінің құрамын бұзбай және белгілі бір нүктеде жүргізуге болады.

      • Компьютерлер арқылы талдау нәтижелерін есептеуге және басқа да аналитикалық мәселелерді шешеді

Талдаудың физика-химиялық әдістерінің кемшіліктері:

  • Талдау қателері 2 – 5 %-ті құрайды, бұл классикалық химиялық әдістердің қателіктерінен жоғары.

  • Физика-химиялық әдістерді қолдану үшін қымбат бағалы аспаптар, эталондар және стандарттар қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет