Талдауы мен аудиті


Мәселені зерттеу дәрежесі



бет6/16
Дата21.10.2022
өлшемі231,63 Kb.
#154254
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Жайна диссер - 24.05.2021
СОЧ Серикбай Магжан 8 в класс, 8. 3A «Химиялы элементтерді периодты ж йесі» б лімі бойынша ж, соч 8 кл 3 четв (копия)
Мәселені зерттеу дәрежесі. Шағын және орта кәсіпорындарын дамытудың және басқару есебінің дұрыс ұйымдастырылуының ғылыми негізіне тереңінен қалам тартқан біздің елдің аталған сала бойынша зерттеулерін жүргізген маман ғалымдарының еңбектері кеңінен пайдаланылды.
Яғни, М.К.Алиев, К.Т.Тайгашинова, А.Д.Шеремет, В.Э.Керимов, К.Н.Алданиязов, А.А. Корженгулова, З.М. Шаукерова, Г.Д.Аманова, А.С.Дайрабаева, А.А.Кажмухаметова, М.А.Алтынбеков сияқты ғалымдардың және көптеген басқа да еліміздің экономистерінің еңбектері кеңінен қолданылды..
Қазіргі кезде өндіріс шығындарының есебі басқару жүйесінде орталық бағыт болып табылады. Дәл осы жерде өндірістік қызметтің негізгі құндық көрсеткіштерінің жүйесі қалыптасады. Кәсіпорынның экономикалық басқару деңгейі, сондай-ақ қаржылық тетіктердің өндіріс тиімділігін арттыруға әсер ету дәрежесі көбінесе өндіріс шығындарының басқарушылық есебін қалай ұйымдастыруға және өнімнің өзіндік құнын соған сәйкес есептеуге байланысты болады.
Шағын бизнес үшін арнайы әзірленген басқару есебінің әдістемесі қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес келеді. Алайда, осы уақытқа дейін қол жетімді теориялық әзірлемелер мен басқару есебін ұйымдастыру және жүргізу әдістері бойынша практикалық ұсыныстар, әдетте, ірі кәсіпорындарға бағытталынған және шағын бизнестің ерекшелігін ескермейді. Қолданыстағы әдіснаманы жетілдіру және Шағын және орта кәсіпорындардың өндірістік шығындарының басқару есебін ұйымдастыру диссертациялық жұмыс тақырыбын таңдаудың өзектілігін анықтады.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты.
Зерттеудің мақсаты шағын бизнес кәсіпорындарының арнайы жағдайларында басқару есебінің әдістемесі мен ұйымдастыру бойынша практикалық ұсыныстар мен принциптерді әзірлеу болып табылады.
Диссертациялық зерттеудің міндеттері.
- Қазақстан Республикасының шағын бизнес кәсіпорындарында бухгалтерлік және салықтық есепке алу ақпаратын пайдалана отырып, шығындарды басқарудың есептік-талдау базасын салыстырмалы талдау негізінде оны жетілдіру жолдарын ұсыну;
- ішкі аудит үрдісі түрінде кері байланыс бөлінген шағын және орта кәсіпорндары басқармасының бақылау жүйесі әзірленді;
- шағын бизнес кәсіпорындарында басқару есебінің ішкі жүйесін таңдау белгілерін анықтайтын факторларды анықтау;
- Шағын және орта кәсіпорындарда басқарушылық есеп жүйесінде шығындарды құрылымдау принциптерін әзірлеу;
- шағын және орта кәсіпорндары үшін ішкі аудит жүйесін қалыптастыру әдістемесі сипатталған;
- Шағын және орта кәсіпорындарды басқару жүйесінде есепке алу-талдау ақпаратын пайдалану жеделдігін арттыру мүмкіндіктерін зерттеу;
- шағын бизнес кәсіпорындарының Басқару есебі жүйесіндегі тактикалық талдаудың рөлін анықтау;
- шағын бизнесте стратегиялық есеп әдістемесін қолдану мүмкіндігін қарастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет