«Құндылықтар спектрі» Бұл форматта оқушылар топтары келісіп немесе келіспей арандататын мақұлдауларға жауап берулері керек. Бірнеше әдістері: оқушылардан жіптің қасына келіп өздері келісетін мақұлдаудың қасына келіп тұруды сұрайды, сондай-ақ, басында оқушылардан мақұлдауды топта талқылауды, кейін топтың атынан, жіптің немесе сызықтың, олар келісетін жағына, өз ұстанымдарын түсіндіре отырып, карточканы орналастыру сұралады.
•Ортақ проблемамен жұмыс істеу үшін, барлық оқушылар өз сұрақтары немесе тапсырмаларына сәйкес сарапшы топ болып, қайта топталады. Талқылау соңында әр оқушы өз сұрағы бойынша сарапшыға айналады, себебі сарапшы топта басқа оқушылармен ол сұрақты талқылады.
•Бастапқы топ қайта құрылады. Тарату басталады. Бастапқы топқа соңғы тапсырма беріледі. Бұл шешім немесе жаңа тапсырма болуы мүмкін. Бұл жаттығудың шешуші мәні - тапсырманы аяқтау үшін оқушылардың бастапқы топтың біріккен «даналығын» құруы болып табылады.
«Құпия» Мұғалім барлық қатысушылардың уысына құпиялап бір зат салады (түйме, моншақ, түйреуіш, сағат секілді... сабақтың тақырыбына сай немесе осы заттардың бас әріптерінен бүгінгі тақырып шығатындай болса да болады)
Бір оқушы ортаға шығып басқалардың қолындағы затты сұрақ қою арқылы құпияны ашуға тырысады. Құпиясы ашылған оқушы ортаға шығып әрекетті жалғастырады.