«Үлдірленген критерийлер» Бағалау үшін достық пиғылдағы критерийлері бар үлдірленген карточкалар дайындаңыз.
«Үндеме!» Мұғалім барлық оқушыларды «Бірінші» және «Екінші» деп санап, екі топқа бөледі.Тапсырма: екі топ үндемей, тек ишарат пен ыммен ғана түсінісіп, туған күндері бойынша сап түзеуі керек. Саптың алдында 1 қаңтарда туған оқушылар тұрады да, қалғандары туған күндерінің реті бойынша тізіле береді.
«Үш жақты күнделік толтыру» Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам: Сабақ тақырыбы айтылады, оқылатын мәтін таныстырылады.
2-қадам: Мәтінді оқу барысында әрқайсысы жеке күнделік толтырады.
3-қадам: Жұмыс нәтижесін жұпта, топта талқылау.
Күнделік сол жақтан бастап толтырылады.
Мәтіннен ерекше әсер еткен немесе ой салған дәйексөз келтіру
Жеке түсінік беру: осы дәйексөзді жазуға не мәжбүр етті? Қандай ой тудырды? Осыған байланысты қандай сұрақ туды?
«Мұғалімге хат» - сұрақтар
«Үш пікір» Ортаға бір тақырып тасталады. Сол тақырып төңірегінде әр оқушының 3 пікір айтуына мүмкіндігі бар. Ол үшін қолдарына 3 таяқша (шпажка, т.б. майда заттар) беріледі. Пікірлерін айтқан сайын қолдарындағы заттарын ортадағы коробкаға тастап отырады. Бұл әдіс сыныптағы оқушылардың бәрі тең дәрежеде пікір білдіруге мүмкіндік жасайды.
«3+2+1» Ұнаған 3 кезең, ұнаған 2 сұрақ, келесі сабаққа 1 ұсыныс беру тапсырмасын орындайды.