«Көңіл күй букеті» Оқушылар гүлдерді вазаға қояды. Ваза суреті плакатқа салынған. Сабақтағы жұмысын бағалай отырып, әр оқушы аты жазылған стикер-гүлді вазаға бекітуі қажет.
Қызыл түс – проблема бар, көмек қажет. Сары түс – барлығы түсінікті емес. Жасыл түс – барлығы жақсы. Стикер түстері әртүрлі болуы мүмкін.
«Көңіл-күйді анықтау» Сабақ басында оқушылар бір параққа өзінің көңіл-күйін келтіретін сурет (немесе смайлик) салады: суретте олар адамның бет-әлпетін келтіру керек (мәселен, күліп немесе езу тартып тұрған, қабағын түйіп тұрған, бейтарап т.б).Олар суреттерін бір-біріне көрсетеді.Оларға сабақтың аяғына дейін көңіл-күйлерін көтеріңкі деңгейге жеткізу жұмысы тапсырылады.
Немесе көңіл-күй табиғат құбылыстары арқылы көрсетуге болады: жарқырап күн шығып тұр, аспанды бұлт торлаған, жаңбыр немесе қар жауып тұр т.с.с.