Талдықорған 2018 Әдіс-тәсілдер тізбесі



Pdf көрінісі
бет152/155
Дата08.02.2022
өлшемі1,69 Mb.
#118207
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   155
Байланысты:
249 әдіс тәсіл pdf

Қосымша бонус 
 
«Бұрыштар» тәсілі: 
Мұғалім оқушыларға сұрақ ұсынады және мүмкін 
төрт жауабын сыныптың төрт бұрышына орналастырады. Оқушылар 
өзіне дұрыс деген жауаптың қасына барып тұрады, таңдаған 
жауаптарын топтық жұмыста тұжырымдайды және өздерінің көз 
қарастарын дәлелдейді. 
2. «Ойлан-жұптас-бөліс». 
Берілген тапсырма (сұрақ) бойынша әрбір 
оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып 
пікірлерімен бөліседі; бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады. 
3. Stop-кадр. 
Stop-кадр — видеофильмнің бір сәтімен (кадр) жұмыс. 
Кадрды экранда тоқтатып қойып, сұрақтар қою арқылы оқушыларды 
диалогқа тартуға болады. Сыныпта жұптық жұмыс ұйымдастыруға да 
болады: оқушылардың біреуіне кадрды көрсетіп, екіншісіне осы 
көріністі толықтай сипаттап беруін тапсыруға болады, екінші оқушы 
оған нақтылау сұрақтарын беру арқылы көмектесуіне болады. 
4. Дыбыстау. 
Фильмнен өткен тақырыпқа байланысты немесе 
оқушылардың деңгейіне сәйкес келетін үзіндіні дыбыссыз көрсетіп, 
оқушылардың рөлге еніп, дыбыстауын тапсыруға болады. Алдымен 
үзіндіні дыбысымен көрсетсе де болады. Дайындалуға оқушыларға 
жеткілікті уақыт беру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет