«Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру» Сыныптастарды бағалау оқушылардан бірлесе жұмыс істеуді талап етеді. Әрине, ОүБ-нің өзі бірлескен жұмысты білдіреді, сондықтан бірлескен жұмыс дағдысын айқын және анық қалыптастыру қажет.
Аталған үдерісті оқушылармен бірлескен жұмыс түсінігін талқылау арқылы бекітуге және осындай сабақты сабақтың көзге көрінетін бөлшегі етуге болады.
«Бірлік» Оқушылар шағын топ құрамында бір қолын жұдырыққа жұмып, бір мезгілде саусақтарын ашады. Мақсат: оқушылардың барлығы да бірдей саусақ санын көрсетуі керек. Ойын оқушылардың біркелкі саусақ көрсеткенге дейін жалғасады.
Ойын кезінде оқушылар сөйлеспеуі керек.