«Оқушылардың бағалауы» Бағалау үдерісіне қатыса отырып, оқушылар тақырыпты, бағалау үдерісінің өзін және өз жұмысын орындай отырып, не жасағандарын аса тереңірек түсінуге қол жеткізеді. Бұл оларға оқудың не екенін білуге, осылайша өзінің оқуын қарастыруына көмектеседі.Оқушылар өз үй жұмыстарын немесе сыныптастардың жұмысын бағалай алады. Бұл жаттығу «ресми» немесе оқушы жасаған бағалау схемасы бойынша жұппен немесе дербес түрде орындалуы мүмкін.
«Оқушылар сұрақ қояды» Оқушыларға сұрақтар қоюға мүмкіндік жасаңыз. Сұрақтар сыныптастарға, мұғалімге қойылуы мүмкін немесе талқылауды дамыту құралы ретінде қолданылуы тиіс.
Жазбаша түрдегі сұрақтарға арналған «Сұрақтар қорапшасы» оқушылар үшін қарым-қатынас жасаудың өзгешелеу түрі болып табылады.
Оқушылардың жұмыс туралы сұрақтарды дауыстап айтуына уақыт беріңіз. Бұл бағалау үдерісін іске қосуға және ұғымның екіұдайы түсінілуін болдырмауға көмектеседі.