VI. Сергіту сәті:
Жаңылтпаш. (флипчарт)
V. Сабақты бекіту.
Мұғалім: - Сонымен балалар, көктемде адамдар егін егіп, гүлдер, ағаштар отырғызып жатыр. Оның бізге қажеті не? Ағаш отырғызбай-ақ қойсақ болмай ма? Оны еккеннен не пайда?
Оқушылар жауаптары тыңдалады.
Мұғалім: - Осыған орай қандай мақал-мәтел бар?
Жауап тыңдалады.
Бір тал кессең, он тал ек.
Мұғалім: - Мұны қалай түсінесіндер?
Оқушылар жауаптары тыңдалады.
VI. Сабақты қорыту: Оқушыларға еңбек туралы мақал-мәтелдің жалғасын айтқызып, сабақты қорыту. (флипчарт)
Еңбек етсең ерінбей, ..........
Еңбек түбі - .............
Еңбектің наны тәтті, ................
Еңбек пен бақыт - ................
Ердің атын еңбек ...........
Мал – баққандікі, жер - ............
Еңбек - адамның көркі, адам - ...........
VII. Бағалау: Оқушылардың жауаптарын бағалау.
VIII. Үй тапсырмасы:
«Көктемгі еңбек» тақырыбына шығармы жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |