5 сынып оқушыларға бейімделу кезеңінде психологиялық сүйемелдеу арқылы көмек жасау
Мектеп психологы: Калиева Ж.Ө
2016-2017 оқу жылы
5 сынып оқушыларға бейімделу кезеңінде психологиялық сүйемелдеу арқылы көмек жасау
Мақсаты : Оқушылардың 5 сыныпқа бейімделуін , жана мұғалімдер,жаңа пәндерге дағдыларын қадағалау.
Міндеті :
Орта буындағы сыныпта оқушыға қажет қасиеттермен таныстыру.
Орта буынға ауысуға дайын екендіктеріне сенімділіктерін арттыру.
Жұмыс жасауға жақсы көңіл-күй орнату.
Оқушыларға сабақ арқылы бейімделуге көмек беру.
Бейімделу деңгейін қазан айында және оқу жылдың аяғында зерттеу.
Қатысқан : 5 сынып оқушылары,ата-аналары мұғалімдері.
Жүрісі : треннинг ,сұрақ-жауап видио
Бұл біздің балаларымыздың бастауыш сыныптан орта буынға өткенде бастарынан өтетін жағдайы. Балалар мектепке қуанышпен келе ме, оның достары бар ма? Қандай пәндер қиындық туғызады? Баланың сыныптас достары арасындағы орны қандай? Осы сұрақтарға жауаптың барлығын ата-аналар білгісі келеді. Ол үшін сіз қандай іс-әрекеттер жасадыңыз?
Күнделікті күйбең тірлік барлығымыздың уақытымызды алады. Ал соның ішінде біз балаға қанша уақыт бөлеміз? Қазір барлықтарыңыз ойланып көріңіздерші? Кеше, бүгін осы екі күн ішінде (үй тапсырмасын орындаудан бөлек) балаңызбен сөйлесуге, ой бөлісуге қанша уақыт бөлдіңіз? Қазір осы жерде отырған ата-аналар 6 адамнан топталып ортақ ойларыңызды қағазға жазыңыздар. (Тарапта қағаздар – жұмыс). (Слайд – суреттер).
Мүмкін болса, сіздер 2 минутта үлгерсеңіздер әр топ өздеріңіздің орталарыңыздан бір-бір адам шығарсаңыздар. I топ, II топ, III топ.
Міне құрметті ата-аналар, біз мына мәселелерге көңіл бөлуіміз керек екен.
Ал енді, біздің ең басты мәселемізді қарастырайық. 5 сыныпқа өткен баланың бойынан біз мынадай өзгерістерді байқаймыз. (Слайд).
5 сыныпқа ауысқан баланың біреулерінң белсенділігін, есейгендігін байқасақ, кейбіреулерінің уайымшыл, ұмытшақ, алаңдағыш қасиеттерін байқаймыз. Осы қасиеттердің жақсы жағын дамыту үшін не істейміз? Ал екінші қасиеттерді бала бойында күшеюіне не себеп болады? Келесі слайдқа көңіл аударайық. 5 сыныпқа келген бала бірнеше қиындықтарға кездеседі. Осы қиындықтардың түрлерінің әсерінен туындаған жағдайды жеңу үшін қандай көмек көрсете аласыз? Кішкентай бала үшін туындап отырған қиыншылыққа қандай көмегіміз керек?
Достарыңызбен бөлісу: |