ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ – 2020 «CLIL – оқытудың жаңа технологиясы»
Баяндаушы: Тлектес ЖОББМ математика және физика мұғалімі
Базарханов Ердос Жанатович
CLIL – оқытудың жаңа технологиясы
Инновациялық оқыту нәтижелері оқушының өз бетінше әрекет етуі арқылы білімді меңгеруіне ықпал етуі тиіс. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық белсенділігін арттыруда, зерттеушілігі арқылы шығармашылық икемділігін дамытуда, біліктілікке ұмтылуда, яғни тұлғаны жан-жақты дамытуды жүзеге асыруда оқу үдерісіне инновациялық технолгияларды енгізу шешуші рөл атқарады, оң нәтиже береді. Сондықтанда білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін білім беру үрдісінде әр түрлі әдістерді қолдануымыз қажет. Соның бірі, қазіргі кезде тамырын жая бастаған CLIL әдісі.
CLIL (Content and Language Integrated Learning - Пән және Тілді Кіріктіріп Оқыту) осы CLIL әдісі арқылы – әртүрлі пәндер шет тілінде оқытылады. Бұл ұғымды алғаш рет Дэвид Марш 1994 жылы ойлап тапты, көптеген зерттеу жүмыстары жүргізілді, семинарлар өткізілді, педагогикалық тұрғыдан дамыды, тек қана 2001 жылы CLIL термині енгізілді. Бұл ұғым Қазақстанға Болондық жүйесі бойынша 2010 жылдан бастап енгізілді, CLIL әдісі бізге үлкен өзгеріс әкелді, өйткені барлық оқу орындары (университет, колледж, мектеп) кіріктірілген білім беру әдістін қолдана бастады.
CLIL мақсаты:
Пәнге байланысты оқушыларға жаңа ұғымдар мен идеяларды таныстыру.
Оқушылардың пән мен тілді қатар меңгеруін қамтамасыз ету.
Оқушылардың екінші тілде сөйлеу сенімділігін арттыру.
Сабақта пән мазмұнын алдыңғы қатарға қою.
Сабақта екінші тіл оқу жоспарына сәйкес оқушылардың қабілетіне орай жоспарлау.
Оқушылардың түрлі ойлау қабілетін арттыратын тапсырмалар беру.
Оқушыларды тіл мен пәнді қатар меңгеруі барысында қолдау көрсету.
Принциптері:
CLIL біріншіден көптілділікті емес, жалпы білім беруді қамтиды. Сондықтан ол қосымша оқыту ерекшелігі болып табылады.
Оқыту 4 «С» аспектісіне сүйене отырып жүргізіледі.
Сабақ барысында психологиялық тепе-теңдікті талап етеді.
Тақырыпты түсіндіру барысында мұғалім мимика, жест, әр түрлі суреттер, дауыс, т.б. қолдануға болады.
Артықшылықтары:
Білім алушылар бір-бірімен шет тілінде сөйлесу қабілетін арттырады.
Оқушылардың мәдениаралық білімін арттырады.
Оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілетін дамытады.
Білім алушылардың сенімділігін және ынтасын жоғарылатады.
Шет тілін білу қызығушылығын арттырып, оны әр түрлі жағдайда қолдану маңыздылығын арттырады.
CLIL технологиясын өз сабақтарымда міндетті түрде қолданамын. Ең алдымен тақырыпқа байланысты терминдер үш тілде беріледі, олардың оқылуын, жазылуын қарастырамыз;
Тақырыпқа байланысты мәтіндер беріліп, кілтті сөздерді табуды ұсынамын.
Оқушылар тақырыптарға байланысты жоба немесе постер әзірлеп, оны міндетті түрде ағылшын тілінде қорғауға тырысады;
Саралау тапсырмалары:
А деңгейі - Шашылған әріптерден сөздер құрастыру;
В деңгейі – Шашылған сөздерден сөйлем құрастырады;
С деңгейі – Шашылған сөздерден мәтін құрастыру.
Қорытындылай келе, білімді толық игеру үшін оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, еркін сөйлеуіне, өз ойын ашық және толық айтуға үйрету, ой-өрісін кеңейту – оқытудың ең басты мақсаты болып табылады, және әрбір оқушыны өз мүмкіндігіне қарай білім, дағды алатындай етіп оқытуымыз дұрыс. Осы мақсатқа жету үшін, жаңартылған оқыту үрдісіне байланысты «CLIL» - Үштілділік оқыту бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді әдісі» болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: [1]- http://edu-resource.net (Предметно-языковое интегрированное обучение). [2] -https://infourok.ru (МЕТОДЫ И ПРИЕМЫ CLIL. Алметов Н.Ш., ЮКГУ им. М.Ауэзова, 2016)
[3]- Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау. Мұғалімдерге арналған әдістемелік ұсыныстар. Астана. 2015-2016 оқулық.
[4]- «Қазақстан мектебі»журналдары, 2010 жыл.