Таным дегеніміз адамның дүниені рухани тұрғыдан меңгеру процесі,оның мақсаты-ақиқатқа қол жеткізу. XIX ғасырға дейін таным теориялық-философияның шеңберінде онтологиямен бірлікте қарастырылады. Өткен ғасырларда, таным процесін зерттеy гнесеология(грек тілінен аударғанда-таным) атты өз алдына дербес ғылымғa айналды.Соңғы он жылдықта философтар шет елдерде қолданып жүрген эпистемология ұғымын қолданып жүр,бұл ұғым (грек тілінен аударғанда episteme-білім) Эпистемология-бұл біздің әртүрлі пәндер жөнінде қалай білімге ие болатындылығымен,біздің білімдеріміздің шегі туралы,адамзатбіліиінің қаншалықты дұрыс екендігін анықтайтын философияның біp бөлігі.
Философия тарихында бұл сұрақа берілетін жауаптың екі түрлі тәсілі қалыптасты,олаp: танымдық-реалистік және огностикалық.Агиостицизм-бұл адамзат пен қоғам заңдылықтарын,материалдық жүйелердің мәнін танып білу мүмкіндігін терістейтін ілім.
Ежегі грек философы- софист Протагор қоршаған орта құбылыстарын тану мүмкіндігін қарай отырып, ”бұл құбылыстар қалай көрінсе, солай болады” деген көз қарасты ұстанып, әр түрлі адамдардың білімдері де әр түрлі дей келіп,қоршаған орта құбылыстары мен заттарын дұрыс,айқын да нақты танып білу мүмкіндігін жоққа шығарады.Софистер мектебінің алдына қойған мақсаттары, кез келген логикалық пайымдауларға,парадокс-софизмдерге сүйене отырып кез келген тұжырымдарды негіздеу болып табылады. Агностицизмнің бастапқы формасына скептизм жатады,мұның негізін салған Пиррон. Оның ойынша сезімдік қабылдаулар ғана дәл ақиқатқа қол жеткіздіреді, ал адасушылық дегеніміз құбылыстан оның негізін,мәнін тануғa ұмтылар кезде ғана пайда болады деді. Пирронның ойынша,зат немесе оның мәні туралы кез келген тұжырымдамаларға оны терістейтін тұжырымдарды қарама-қарсы қою керек. Ойдың мұндай барысы Пирронды нақты тұжырымдардан бас тарту позициясына әкелді.
Жаңа дәуірдегі агностицизмнің көрнекті өкіліне Д.Юм мен И.Кант жатады. Юмның ойынша, ғылыми эксперименттер мен қарапайым тәжірибеде салдар себептен ажыратылатындықтан салдар себепте айқын көрінбейді. Осыдан кейін Юм себеп салдарлық байланыстардың болу мүмкіндігін дәлелдеу мүмкін емес деді,өйткені олар тәжірибеден келіп шықпайды және себептен салдарды логикалық тұрғыдан айқындау мүмкін емес екендігін айтты. Бірақ та субъективті себептілік бар яғни біздің әдет дағдыларымыз,бір құбылыстың басқамен байланысын біздің күтіп және осы байланысты түйсіктерімізде бейнеленуі. Осындай психикалық байланыстардың әр жағында Юмның ойынша біз тереңдеп ене алмаймыз. Юмға қарағанда И.Кант санадан тыс материалдық заттардың блатындығына күмән келтірмей,түсіндірді. Канттың ойынша,тек құбылыстар әлемі берілмейді. Канттың позициясы әрі қарай И.П.Мюллердің “физиологиялық идеализм” концепциясынан, Г.Гельигальцтың “мерогилфтер теориясы” немесе “символдаp теориясынан” және К.Пирсонның көз қарастарынан өз жалғасын тапты.
XIX және XX ғасыр аралығында агностицизмнің тағы бір түрі конвенционализм атты бағыт қалыптасты. Бұл бағыттың қалыптасуының ішкі ғылыми алғышартына жаратылыстану ғылымдарының теорияланып, ғылыми ұғымдар мен заңдардың рөлінің күшеюі әсер етті, өйткені бұлар таным тәсілі ретінде жаратылыстанушылаp арасындағы
Конвенциялардың, яғни келісім шарттардың көлемін кеңейтіп, ұлғайтуда дүниені теориялық тұрғыдан меңгерудің құрал-тәсілдерді таңдау мүмкіндігін айқындап береді. Конвенционализм дегеніміз ғылыми теориялар мен ұғымдар ғылымдар арасындағы келісім арқылы белгілі бір мәнге ие болатын философиялық категория ретінде анықталады. Конвенционализм өкіліне француз математигі және ғылым методологы А.Пуанкаре жатады. Оның ойынша, геометриялық аксиомалар тек шартты жағдайлар ғана, бір геометрия басқа геометрияға қарағанда шынайы ақиқат бола алмайды. Ол тек бізгe қолайлырақ болады. Пуанкаре заттың өзі мен оның мәні арасындағы қатынасты бір бірінен ажыратып қарап, тек қатынастады ғана тануға болады деген болатын. Конвенциалистердің ұсынған прагматикалық критерийлері табиғи дүниенің заңдары мен материалдық жүйелердің мәнін танудың мүмкіндігіне күмән келтіреді. Пуанкаренің пікірінше, шарттардың мәні, символдар конвенционализм ғылыми таным принциптері мен көзқарастық пікірлер жүйесі ретінде батыс философиясында ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында батыс философиясында кең қолданыс тапты. Конвенционалисттік бағытты ұстанғандар К.Поппер, И.Лакатос, П.Фейерабенд және тағы басқа да ғалымдар мен философтар. Агностикалық концепциялар көптеген негіздері бойынша бір бірінен ажыратылады. Мектептің өкілдерінің есіміне байланысты Юм, Кант мектебі болып ажыратылады. Ал дәлелдеу және аргументтеу сипаты мен тәсілі жағынан этикалық, физиологиялық, кибернетикалық, иероглифтік агностицизм, материалистік және идеалистік, сенсуалистіk және рационалистік агностицизм болып бөлінеді. Тағы бір бағыт гносеологиялық реализм деген атауға ие болды. Бұл бағыттағы көзқарас бойынша материалдық жүйелер әлемі сезімдік тұрғыдан қабылданатын қасиеттермен және қатынастармен ғана шектеліп қалмайды, бұлардың әр жағында маңызды байланыстар мен қатынастар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |