Таным процестерін дамытатын диагностикалық әдістемелер Қабылдау сыртқы дүниенің сезім мүшелеріне әсерінен туған заттың тұтас бейнесі. Физиологиялық негізі



бет4/4
Дата25.06.2020
өлшемі17,62 Kb.
#74548
1   2   3   4
Байланысты:
таным процестерін дамытатын диагностикалық әдістер

Ойлау формасы

Ойлау формасы болып табылатын ұғымдар, категориялар, идеялар мен теориялар танымның субъектісі мен объектісінің арасын байланыстырып тұрған қоғамдық тәжірибенің негізінде, қоғамдық-тарихи процесте қалыптасып дамиды және заттар мен нәрселердің сезімдік таным формаларында (түйсік, қабылдау, елес) берілмейтін мәнді байланыстары мен қатынастарын өрнектейді. Осының арқасында адам дүниенің заңдары мен заңдылықтарын танып білуге мүмкіндік алады, алды-артын болжап, болашағын айқындап, алдына саналы мақсаттар қойып, соларға жету жолдарын саралайды, табиғатты өзгертеді және өзі де өзгереді. Адам өмірінде, тәжірибелік және танымдық қызметінде шешуді қажет ететін мәселелер туындап, соларды қою және шешу барысында oйлау қабілеті де түрленіп, шығармашылықпен дамып отырады.



Сөйлеу — адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызша не жазбаша айту, диалог түрінде айту, көпшілік алдында айту, тындаушының білім дәрежесін, жас мөлшерін ескеру т. б.) сай түрліше құрылады. Сондықтан Сөйлеудің коммуникативтік жағдайға сай стилі қалыптасады. Сөйлеу мен тіл бір емес. Егер тіл қарым-қатынас құралы болып табылса, Сөйлеу сол құралдын нақты қолданыста көрінетін түрі болып табылады. Сөйлеуге тән қасиеттер: дауысталу, тембрлік сипат, артикуляциялық анықтық, темп, акцент т. б.Сөйлеу актісі (лат. actus) орыс. акт речи — белгілі қоғамдық ортада қалыптасқан сөйлеу принциптері мен ережелеріне сай, арнайы мақсатта жүзете асырылатын сөйлеу әрекеті. Сөйлеу актісінің негізгі белгілері: белгілі бір мақсат көзделетіндігі; қалыптасқан дәстүрге сай шарттылық сипат болатындығы.

Сөйлеу қарым-қатынас процесінде барлығы маңызды: серіктесіне қалай үндеу, әңгіменің басында және аяғында не айтылуы, ойды білдіруге қолданылатын сөздер т.б.Кәсіпкер оның әріптесінің әңгімелесу барысында төменгі профессионалдық терминді қолдануына дайын болуы керек. Ол келе жатқан кездесудің тақырыбын, оның профессионалдық сөздігін білуді қажет етеді.



Сөйлеу қарым-қатынас эффектісі жоғарылату үшін арнайы коммуникативтік техникаларды қолдану қажет.Вербалды коммуникативтік техника – бұл ақпаратты монолог және диалог әрекетімен жеткізу, көпшілік алдында сөз сөйлеу, түсінікті және белсенді тыңдаудың қабілеті.Вербалды коммуникативтік техниканы дұрыс қолдану үшін серіктесінің актуалдық модальностін көрсететін тәсілдерді білуі керек. Модальность және техника жұмысының негізін түсіну үшін келесі жағдайды анықтау қажет. Адамның ой-санасы белгілі бір ортада қызмет ететіні белгілі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет