Мақсатқа жетелейтін нақты әрекет , ситуация,талас тудыратын сұрақтар мен мәселелер бойынша түсінік алу және түсінік беру үдерісі.Тиімді кері байланысты ұйымдастыру сапалы оқытудың негізі болып табылады.
Оқу үдерісінің барысы туралы түсінік қалыптастырудың бірден бір құралы,оқу міндеттері мен мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, мұғалімді оқушының жетістіктері мен қиындықтары туралы хабардар етеді.
Кері байланыс қандай мақсатта жүргізіледі?
Үдерісті басқару-үдеріс субьектілерінің көшбасшылық дағдыларын дамыту, үдерісті табысты басқаруға жағдай жасау
Дер кезінде түзетулер жасау, қателерді,кемшіліктерді жою
Мақсатқа жетуді қамтамасыз ету
Үдеріс субьектілерін дұрыс шешім қабылдауға бағыттау