ЖІГІТ ІЗДЕМЕСЕ НЕ ІСТЕУ
КЕРЕК?
Әйел адамның самооценкасы ең бірінші орында тұруы керек.
Әйел өзі үшін ең бірінші орында. Өзіне деген махаббаты, өзіне
деген құрметі, өзіне деген сыйластығы бірінші орында тұруы
керек. Өзіңізді қатты жақсы көруіңіз керек. Сізге біреудің
жазуы, сіздің мәжбүрлеуіңізбен жүзеге аспауы керек. Мен
мысалы өзімді қатты жақсы көремін. Мен ешқашан еркектің
артынан жүгірген емеспін. Бір рет қана болды, мен екі күн
жылап, ең бірінші махаббатыммен 16 жасымда сөйлесіп
бастадым. Арамызда ешқандай артық нәрсе болған жоқ, ең
бірінші сөйлесіп жүрген жігітім, барлығына көзімді жұмып тек
сонымен ғана бірге боламын, соған ғана тұрмысқа шығамын
деп бүкіл арманымды құрып тастағанмын. Мен бірнәрсеге
кінәлі болып қалдым, сосын ол қатты боқтады, мен естімеген
сөздерді айтты. Мен екі күн оған жалындым. Қазір ойлап
жатырмын, қандай ақымақ болғанмын. Қазір күлкім келеді.
Одан кейін "мен неге оған жалыну керекпін, ол маған керек
емес" деп ойладым. Себебі сол кезде мен психологияны оқып
бастағанмын. Мен сол жігітті тастадым, ол 1 аптадан кейін
артымнан жалынып, жалбарынып, үйімнің алдынан күтіп алып,
ал менің ол кезде самооценкам көтеріліп кеткен. Ол "күтіп
аламын, алып қашамын" деп артымнан талай жүгірді. Мен
басқа жігітпен сөйлесіп кетіп, соның суретін көрсеттім, сосын
барып бір-ақ қойды. Менен 5 жасқа үлкен болатын. Одан кейін
мен ешқашан еркектің артынан жүгірмеуге, артынан кешірім
сұрап жалынбауға уәде бердім. Егер менен қателік кетіп тұрса,
1-2 хабарлама жазып жіберемін: "кешірші менікі дұрыс емес
болды, мен түсініп тұрмын өз қателігім" деймін болды. Егер
содан кейін жігіт қыз сияқты майысып өзінше болып қырсығып
тұрса, болды керек емес, сау бол, мен одан кейін оған
жалынбаймын.
Мен тіпті күйеуіме солай айттым. 5 жыл таныспын
күйеуіммен.
Некеге дейін...
100
5 жылдың ішінде 1-2 рет қана кешірім сұрадым. Соңғы рет
кешірім сұраған кезде ол өзінше болып, бір күн бойы менімен
сөйлескен жоқ. Кешке жақын менімен татуласуға гүлін алып
келді. Сол кезде мен айттым:
-Келісейік, бүгін маған жауап бермедің, байқасаң сен менен
кешірім сұрағанда мен ешқашан өзінше болмаймын, ендігі әрі
көр де тұр, мен кінәлі болып тұрсам да кешірім сұрамаймын,
сен бірінші татуласасың.
Екеуміз солай келісіп алдық.
Сонымен
жігітке
ешқашан
неге
іздемейсің,
неге
хабарласпайсың, неге менің жағдайымды сұрамайсың, саған
бәрібір ма, неге, неге, неге деген сұрақты қоймаймыз. Жігітке
ешқашан жалынбаймыз. Өз еркімен хабарласқысы келуі керек.
Егер ол хабарласқысы келмесе, демек сіз оған қатты қызық
емессіз. Мүмкін кішкене ұнататын шығар, бауыр басқан
шығар, тәуелділік бар шығар. Мұның барлығы химия. Менің
күйеуім таңнан кешке дейін жұмыста болады. 1 сағат сайын
маған хабарласып отырады. Егер ол хабарласпаса, мен оған
хабарлама жазамын, бірақ қоңырау шалмаймын. Бізде сондай
ереже қалыптасып кеткен. Ол күйеуім мені оған үйреткендігі
емес, мен солай күйеуімді үйреттім. Себебі бұл заңдылық.
Маған хабарласпай, іздемей жоқ болып кетсе мен оған одан
сайын қолым бос емес екенін көрсетемін. Бір күнге жоқ болып
кетті ма, хабарласпады ма, қайтадан хабарласқан кезде не
дейсіз оған? Бірінші қоңырауын алмайсыз, екіншісін алмайсыз,
Некеге дейін...
101
үшінші қоңырауын аласыз да:
-Жаным, қалың қалай, бәрі дұрыс па, жоқ болып кеттің ғой.
Біраз жаңалықтар жиналып қалды, - деп ештеңе болмағандай
айтасыз. Ештеңе болмағандай керемет көңіл-күймен
сөйлесесіз. Ол сізге: “неге менен сұранған жоқсың ол жерге
баратын кезде, неге маған айтқан жоқсың?” деп айта алмайды.
Айтқан күннің өзінде сіздің жауабыңыз дайын тұр.
-Кешірші мені жаным, сен өзің қызыққан жоқсың ғой, ал
қызықпайтын адамға мен қалай өзім айтамын,-деп жауап
бересіз. Сосын әрі қарай сөйлесесіз.
-Жаным, кеше күшті болды сен жоқта, күшті жерге барып
келдім, құрбым өзінің достарымен таныстырды, аттары
осындай екен,- деп айтасыз. Сосын ол жынданады, іші күйеді,
ашуланады. Сізге айтады:
-Бопты онда, менсіз де өмірің қызық шығар,- деп қоя салады.
Сіз ол жерде қайтадан хабарласып:
-Не болып қалды, жаным, ренжіп қалдың ба?- деп айтуыңыз
мүмкін. Немесе мүлдем оған хабарласпайсыз, жазбайсыз.
Еркекке оның сіздің өміріңізде бірінші орында екенін
көрсетпеңіз. Сіздің бүкіл уайымыңыз, ойыңыз жігіттің бір
қоңырауы екенін көрсетпеңіз. Өзіңіздің самооценкаңызды
жедел түрде көтеріңіз!
Некеге дейін...
102
Тойға дейін жігітпен не туралы сөйлесу керек?
Біріншіден,
сіз
екеуіңіздің
көзқарастарыңыз
бен
принциптеріңіз бір жерден шығып тұр ма соны анықтап алу
керексіз. Себебі ертеңгі тұрмыстық өмірде, көптің айтатыны
"Алғашқы 2-3 жылда керемет махаббат боласыңдар. Бір жыл
нақты махаббат болады араларыңызда. Одан кейін тұрмыс,
нағыз отбасылық өмір, отбасылық мәселелер, көзқарастарың
келіспейтін жағдайлар болады. Үйлену оңай, үй болу қиын"
дейді. Неден деп ойлайсыздар? Біріншіден, қыздар тұрмысқа
шықпай тұрып "мен барлығына да көнемін, осы жігітті жақсы
көремін" деп шығады. Бірақ махаббат- химия. Химия сөніп
қалуы мүмкін, өшуі мүмкін. Ол үшін сіз ажырасып кетпейсіз
ғой? Ертеңгі сіздің сезіміңізді суытатын және қарым-
қатынасыңызды жамандататын, алыстататын нәрсе - сіздердің
келіспеушіліктеріңіз.
Келіспеушілік неден басталады? Тойға дейін оның басын ашып
алмауында. Яғни сіздер бұл мәселені талқыламадыңыздар. Кім
бір-бірінен не қалайтыны жайлы әңгіме құрмадыңыздар.
Мысалы, мен тұрмысқа шықпай тұрып, қандай күйеу болуы
керек,
басты
сипаттамаларды
өзім
үшін
шештім.
Сипаттамаларды өзіме белгілеп қойдым. Ең басты керек деген
4-5 сипаттама. Қалғандарына көзді жұма қарауға болады,
себебі менің идеал деген сипаттамаларыма барлық еркектер
келе бермейді ғой. Идеалдар жоқ.
Менің сипатым қандай болды? Біріншіден, ол заманауи жігіт.
Көбінесе Шымкент, Қызылорда, Ақтау қалаларының қыздары
маған жазған кезде, енелері кішкене дәстүрге жақын,
күйеулері дәстүрге жақын, жылы сөзді аяуы мүмкін немесе
әйелінің жұмыс істеуіне қарсы болуы мүмкін. Міне мен осыдан
қорықтым және өзіме басты сипаттама белгіледім. Күйеуім
Некеге дейін...
103
Достарыңызбен бөлісу: |