ТАПСЫРМА – 1 Мүшені анықтап, сипаттама беріңіз, белгілерін қойыныз
1 сурет-Микрофотография
1.Торлы қабықшаның пигментті эпителийі
2.фотосенсорлы қабат (құтышалар мен таяқшалар қабаты)
3.Сыртқы (гиальды) шекаралық мембрана
4.Сыртқы ядролық қабат
5.Сыртқы торлы қабат
6.Ішкі ядролық қабат
7.Ішкі торлы қабат
8.Ганглиозды нейрондар қабаты
9.Жүйкелік талшықтар қабаты
10.Ішкі (гиальды) шекаралық мембрана
11.Қантамырлар
2 сурет-Торлы қабықшадағы синапстық байланыстар
1-Фоторецепторлы жасушалар (құтышалар мен таяқшалар)
2-Биполярлы нейрон
3- ганглиозды синапстар
3.1-Жүйке талшықтары
4- горизонтальды нейрондар
5- амакринді қабат
6- радиальды глиоциттер
7- пигментті қабат
ТАПСЫРМА – 2 Есту мүшенін құрылысы, жасушалық құрамы.
Есту мүшесінің құрамына дыбыстық, гравитациялық және вибрациялық стимулдар, сызықтық және бұрыштық қимылдарды қабылдауды жүзеге асыратын сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ бөліктері кіреді.
Құрылысы: есту мүшесі - құлақ. Құлақ 3 бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы. және ішкі құлақ.
Сыртқы. құлаққа құлақ қалқаны, мен сыртқы дыбыс жолы жатады. Құлақ қалқаны ауадағы дыбыс тербелістерін құлақтың ішіне бағыттайды. Сыртқы дыбыс жолдарының ішкі шеті жұқа, тығыз, керілген дабыл жарғағымен бітеді. Сыртқы дыбыс жолдары арқылы дыбыс толқындары дабыл жарғағына, содан соң ортаңғы құлаққа өтеді. Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады.
Ортаңғы. құлақ дабыл жарғағынан кейін басталады, ол самай сүйегінің ішінде орналасқан. Ортаңғы құлақтың ішінде ауа болады. Ортаңғы құлақ қуысы есту түтігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Адам есінегенде, жұтынғанда есту түтігінің өзегі жұтқыншаққа ашылады, жай уақытта жабық болады. Ортаңғы құлақтың қуысында бірімен-бірі буын арқылы байланысқан 3 дыбыс сүйекшелері (балғашық, төс, үзеңгі) орналасқан. Үшеуін косқандағы салмағы шамамен 0,05 г. Сүйекшелердің сырты сілемейлі қабықшамен қапталған. Балғашық, төс, үзеңгі деген атаулар пішіндері осы заттарға ұқсайтындықтан қойылған. Балғашық сүйегінің жіңішке шеті дабыл жарғағымен бітісіп кеткен. Жуандау шеті буын арқылы төс сүйекшесімен, ол үзеңгі сүйекшесімен қозғалмалы байланысады. Бұл сүйекшелер ортаңғы құлақтың қуысы арқылы дыбыс толқынын өткізеді. Дабыл жарғағының тербелісі алдымен осы үш сүйекке, содан соң ішкі құлаққа беріледі. Ортаңғы құлақ куысындағы қысым атмосфера қысымымен бірдей. Қысым кенеттен төмендеп немесе жоғарылап кетсе, құлақ бітеліп уақытша естімей қалады. Мұндай жағдайда жиі-жиі жұтыну керек. Адам жұтынғанда ортаңғы құлақ куысындағы қысым атмосферадағы ауа қысымымен теңеседі.
Ішкі құлақтағы куыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйені шытырман (лабиринт) деп атайды. Мұндағы шытырманның сыртқысы - сүйекті, ал ішкісі - жарғақты шытырман деп аталады. Шытырмандар - есту мен тепе-теңдік мүшелері. Сүйекті шытырманның ішінде жарғақты шытырман орналасады. Жарғақты шытырманның қабырғалары жалпақ эпителиймен қапталған жұқа дәнекер тақташадан (пластинка) түзілген. Жарғақты шытырманның ішінде лимфа сұйықтығы болады. Оралма тәрізді ширатылған ұлу-дене - есту мүшесі. Бұл ұлудененің куысы сұйықтыққа толы болады. Ұлуденедегі сезімтал жасушалар дыбыс толқынын кабылдап, козуды есту жүйкесіне өткізеді. Қозу есту жүйкесі арқылы ми қыртысының самай бөлігіндегі есту орталығына жеткізіліп, талданып жинақталады.
ТАПСЫРМА 3 Салмақсыздық жағдайында адам кеңістікте бағытын анықтай ала ма? Егер анықтайтын болса, қандай сезім мүшесінің көмегімен?
Вестибулалық аппарат дененің жазықтықтағы жағдайын бағдарлауды және тепе-теңдікті сақтауды қамтамасыз етеді. Жартылай дөңгелек түтіктер бір-біріне перпендикуляр үш бағытта орналасады. Әр түтіктің бір үшында ампула тәрізді аздап кеңейген бөлік болады. Жарғақты түтіктің осы бөлігінде ескек пішіндес, жар-тылай мөлдір іркілдек затпен оралып жататын кірпікті ұзын рецепторлық жасушалар орын тебеді. Осы құрылым бастың кеңістіктегі жағдайын қадағалап отырады. Вестибулярлық аппараты тиісінше ұшқыштар мен ғарышкерлерге ұшу кезіндегі күрт қозғалыстар мен дене қалпының өзгерістеріне бейімделуге мүмкіндік береді. Вестибулярлық аппарат дененің кеңіктіктегі орналасу қалпының дербес анализаторы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |