Тапсырма 1 Мазмұндарды мұқият оқып, өз ойдарыңызды (сұраққа жауап) жазып жіберіңіздер!!! Аңыз әңгіме



бет2/8
Дата19.05.2020
өлшемі92,09 Kb.
#69690
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
3fd55563937ae753f4876743f36144a55eaf05f32f888
3fd55563937ae753f4876743f36144a55eaf05f32f888, практикага шақыру Ботагөз. docx, практикага шақыру Ботагөз. docx, психологиядан тест сұрақтар, Педагогикалық кеңес, -2018-2019, -2018-2019, -2018-2019, -2018-2019, -2018-2019, -2018-2019, -2018-2019, -2018-2019, -2018-2019
Жақсылық пен жамандық
Ертеде адам ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына Жақсылық, сол иығына Жамандық отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда Жақсылық «істе» десе, Жамандық «істеме» деп сыбырлайды екен. Сөйтіп, адамның бойында қай қасиет басым екенін байқау үшін оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен жүріп келе жатса,судың жағасына шығып қалған балықты көреді.Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен

Жақсылық жаны ашып:

-Адам, ана балыққа көмектесіп жібер,-десе,

Жамандық:

-Қой,жөніңе жүре бер, уақытыңды алма, -дейді.

Адам балықтан әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды. Балық шарасыздан көзі жәутеңдеп, көмек сұрағандай болады. Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға салып жібереді. Балық ризашылығын білдіріп, суда ойнақшып, секіріп, суға сүңгіп кетеді.

Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр-шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса,кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құла қалған екен. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса,Жамандық:

-Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың?

Оны ұясына көтеріп салу үшін теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? Өзің далада ит-құсқа жем боласың ғой,-дейді.

Адам ойланып тұрып қалады.Осы сәтте Жақсылық:

-Ей, адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорбан болып, қол ұшыңды беру үшін жаратылғансың. Мына бейшара балапанды ұясына салып кет. Шарапаты тиеді,-дейді

Адам тағы да балапанды алып, теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді.Балапан шиқ-шиқ етіп, қанатын қағып, риза болады.

Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде, аяғының астында бидайдың дәнін әрең суйреп бара жатқан құмырсқаны көзі шалады. Құмырсқа дәнің о жақ, бұ жағына шығып,қозғауға ыңғайлы ретін таба алмай,ісі өнбей келеді екен. Адам әуелі Жамандықтың айтуымен құмырсқаны дәнінен айырып тастағысы келіп оқталды да,шыр-пыр болған Жақсылықтың сөзіне құлақ түрді. Ол:

-Әй,адам-ау,қалай ғана адамдығыңнан айнып кетуге әзір тұрасың.Бұл құмырсқа өзінен үлкен дәнді сүйреп,машақаттанып келе жатқанда, қол ұшыңды беріп жолына салып жіберудің орнына, оны қызықтап,ермек қылғың келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы кішкентай тіршілік иесінен үйренбейсің бе?-деп налыған екен. Адам өз ойынан ұялып,райынан қайтады.Сөйтіп,Адам ата ұрпағын алдына шақырып алып;

-Міне,балам, жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған үш сын бердім, үшеуінен де өттің, разымын . Енді осылай адамдығынан айнымай, жамандыққа жоламай, жақсылыққа жолдас бол,-деп батасын береді.

Сұрақтар:

1. Әңгімеден жақсылық пен жамандықтың әрекеттерінен не ұқтыңыздар?

2. Достарыңның сіздерге мейірімділік танытып,жақсылық жасаған кездері болды ма ? Қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет