ТАПСЫРМА 1
Мазмұндарды мұқият оқып, өз ойдарыңызды (сұраққа жауап) жазып жіберіңіздер!!!
Аңыз әңгіме (ел аузынан)
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдарсаны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен,отбасының өзара келісімде татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларды ұрыс-керіс дау-жанжал деген атымен болмайды екен.
Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған.
Патшаның көңілі толы, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.
Ол ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.
Қарт үнсіз ғана жүз рет «кешірім», жүз рет«бірлік»,жүз рет «сабырлылық» деп қағазға мұқият жазып шығады.
Үш сөзді оқыған патша таң қалады.
-Иә,- деді ақсақал.- Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады,- деді де,сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қояды.
Сұрақтар:
1.Патша қартттан нені білгісі келді?Неліктен?
2.Отбасындағы татулықтың адам өміріндегі маңызы қандай?
3.Мәтінде қандай қасиеттер арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәні ашылады?
4.Қарттың сөзімен келісесіздер ме?Не себепті?
Достарыңызбен бөлісу: |