Тапсырма-1 Мәдениеттанулық зерттеулердің негізгі бағыттары (кесте жасау). Мәдениет тілінің мәні, оны түсіну ерекшеліктері мен негізгі формалары (мәдениеттанулық талдау). Еуразия кеңістігіндегі номадалар мәдениетінің басты ерекшеліктері



бет5/8
Дата08.02.2022
өлшемі40,05 Kb.
#119214
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1-тапсырма

4. Негізгі бөлім: Еуразия кеңістігіндегі номадалар мәдениетінің басты ерекшеліктері.
Көшпелі замандар - жер мен ел үшін қылышын жау қанына суғарған батырлар мен баһадүрлер негізін салған көшпелі тайпалардың дәуірі деуге болады. Олардың негізгі күн көріс көзі – төрт түлік болғандықтан, олар осы күн көріс көзіне қолайлы жерлерді таңдап мекен еткен. Осы тұста, жыл мезгілдерінің ауысуы, ауа – райын болжау, қолайлы жер таба алу секілді дүниелерді дұрыс болжай алу үлкен рөл атқарды.
Мысалы, егер көшпелі номадаларда білім, оның ішінде физика саласында білім болған жоқ деп айтуға еш негіз жоқ, олай дейтін себебім: қараңғы түнде жол бағдарлауды ата- бабаларымыз аспан төріндегі жұлдыздарға қарап білген. Тіпті оларға қазақша атау да берді.Үркер, Темірқазық, Жетіқарақшы, Ескекқырған, тағы сол секілді атаулармен атаған. Егер де, осындай бағдарлауды білген болса, аспан денелерін күнделікті өмірде қолдана алатын болса, онда көшпелілер де білімнен мақрұм болмаған деп анық айта аламын.
Бар болмысы кең даланы еркін кезіп, шалғынына жалаң аяқ басып, қыран құстай еркіндікті жаны сүйген бабалар мәдениетінің негізі төрт түліктің және аңшылықтың негізінде қалыптасты. Олай деуіме себеп, б.з.б 8 ғасырдан бастап, Еуразия кеңістігіне таралған – аң стилі. Бәрімізге, оның ішінде түркі тектес халықтарға ортақ мұра Алтын адамның да киімінде табылған орнаменттер мен бұйымдардың басым көпшілігі аң стилінде бейнелеген, бұл кезеңді тотемизмнің дәуірлеп тұрған тұсымен байланыстырар едім. Бедерлі бейнеленген арыстан, қанатты пырақтар мен жыртқыштар бейнесі – өрлік пен ерліктің нышаны саналды.
Еуразия кеңістігінің бойына қан жүгірткен көшпелілер мәдениетінде көптеген жаңашылдық болды. Мысалға, жылқыны қолға үйрету осы көшпелілерде алғаш орын алған болатын. Жылқыны- ішсе сусын, жесе тағам, кисе киім, мінсе көлік етіп, әмбебап дүние жасады. Барлығымызға үйреншікті болып кеткен шалбар киімін де алғаш көшпелілер қолданған, себебі атқа отыру мәдениеті қалыпасқан болатын, атқа отыру үшін шалбар өте ыңғайлы таптырмас киім болып табылды. Осы жылқы малын қолданысқа енгізген соң, ер – тұрмандар пайда болды, оларды түрліше жасап, безендіріп, қолөнерді дамыту процессі жүрді, ұста – зергерлер көбейді, түрлі орнаменттер пайда болды. Ат әбзелдердің әсемдігі мен бағалылығы – оны мініп жүрген адамың қоғамдағы орны мен мәртебесін көрсетті. Мәдени – әлеуметтік орта қалыпастырудың бастапқы кезеңдерін осы тұста анық байқауға болады деп ойлаймын. Жылқы көшпелілердің өмірінде үлкен рөл атқарды, төрт түліктің ішіндегі еті таза, ең ыңғайлысы саналды. Бұл жайттардың барлығын тұңғыш Елбасымыз Нұсұлтан Әбішұлы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ерекше атап көрсеткен болатын.
Одан бөлек, алғаш ұсталық пен металлургия, яғни металл өңдеу осы Еуразия төрінде, оның ішінде, Қазақстан жерінде пайда болған. Сақ тайпалары – ерте темір дәуірінің бастамасы кезінде дамыған. Осы тұста өзім туған жерім Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Жезді кентіндегі Мәкен Төрегельдин атындағы музейіндегі экспонаттарды атап өткім келеді. Біздің музейде адамдардың алғаш пеш-көрікті қолданғанын, металл өңдеу технологиясын көруге болады.
Көшпелілердің тағы да ерекше мәдени мұраларының бірегейі – киіз үй. Киіз үй – жаз бен көктем мезгілдерінде жайлауда қолданылатын, жиналмалы үй. Негізгі бөлшектері ретінде шаңырақ, кереге, уық және жабатын киіздерді айтуға болады. Мағыналығы әлі күнге дейін өз маңызын жоғалтпаған киіз үйдің іші де түрлі жиһаздарға толы. Қазіргі таңда да жастар шаңырақ көтерсе «шаңырақтарың биік, кергелерің кең болсын!» деген тілектер айтылады. Айналып келгенде, киіз үйді жабатын киізді қойдың жүнінен бастырып жасайды. «Малым - жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген сөз ел арасынан шыққан. Міне, мал шарушылығын ұтымды қолданған халқымыз осылайша мәдениеттің, көшпелі мәдениеттің дамуына осындай үлестер қосқан. Киіз үй ішкі көрінісі тағы мыналармен толысады: керегеге байланған кілемдер, төрден орын алатын үкілі , қоңыр үнді қара домбыра, қасқыр немесе түлкінің терісі, жылқының қылынан жасалған сегіз өрім қамшы, сырты ою – өрнек пен орнаментпен безендірілген кебеже, сандық, бәрі қолдан жасалып отырып тігілген көрпе мен жастықтар, және ас пен ауқатқа бай үстел. Осы орайда, сонау сақтар дәуірінен қалған, сақ – хаумоваргалар деп аталатын, сақ тайпасына жататын кішігірім тайпаның «хауома» деп аталатын сусын жасайтынын тарихшылар атып өткен еді. Осы хауома сусыны қымыз екендігі таң қаларлық жайт. Әлі күнге дейін қымыз дайындау технологиясы өзгермеген, ұлттық асханамызда ерекше орын алатын, түрлі дертке дауа сусын Еуропа ғалымдарын ерекше қызықтырды. Тіпті неміс ғалымдары осы сусынды өздеріне потенттеп алғысы да келді. Дегенмен, сан ғасырлық тарихымыз барда, төл тағамымызды біреудің қанжығасына байлатып қоймайтынымыз анық!
Киіз үйдің ішкі сәні болып табылатын бесіктің өзі номадалар мәдениетің ерекшелігі, баланың өсуіне аса қолайлы, табиғи ағаштан жасалған, баланың бойының дұрыс қалыптасуына ықпалын тигізетін бұйым. Баланы бесікке бөлеу барысында салт – дәстүр мен әдеп-ғұрыптар пайда болды. Балаға арналып әлди жырлар немесе бесік жырлары айтылды. Ел ішінде «Ел болам десең бесігіңді түзе» немесе «Тәрбие тал бесіктен » деген даналық сөздердің негізі осында жатыр. Халқымыз сондай ақ «Бос бесікті тербетпе», «Бесікті аттама » деген секілді тыйымдар мен ырымдарға сенген.
Сондай – ақ, халқымыздың ұлттық аспабы, қара ағаштан құдіретті үн төккен, адамнан да шебер «сөйлеуші» қасиетті қара домбыра жайында да біраз сөз қозғауға болады. Қос ішектен төккен қаншама шерлі күй тыңдаушыға жетті, жасалуы да шебер: мойыны аққу құстың иілген мойынындай, қос ішегі бір – бірімен жарыса күй төкке, жеті пернесі қазақтың жеті атасындай болған ұлттық аспап әлі күнге дейін қазақпен бірге жасап келеді. Ел ішінде: «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» деген сөз қалған.
Қазақтың ұлттық киімінің өзін ерекшелік деп қарастыруға болады. Жас қыздар мен балалар, әйелдер мен әжелер, ел ағалары мен дана қариялардың өзінің киінуі қоғамдық мәдениеттің қалыптасуына зор ықпалын тигізген. Жас қыздарға кішігірім бөрік кигізіп, келіншектерген орамал тақтырған, әжелеріміз бен орта жастағы әйелдер кимешек киген. Ер балалар мен ер адамдарға бөрік аң терісінен жасалып кигізілген.
Қолөнер саласында да мәдени ерекшелікті көрсетуге болады, әйелдерге жасалатын әшекей – бұйымдардың өзі аса ұқыптылыппен жасалып кең мағынамен сипатталады. Қарапайым шолпының өзі бұрымның ұшына шашты өріліп тағылып, қыз қатты жүгірсе,сылдыраған дауыс шығатын болған. Бұл қыздың шолпысы неғұрлым ақырын сылдыраса, соғұрлым тәрбиелі екендігін көрсеткен, қыздарды байыпты, ұстамды болуға тәрбиелеген.
Ер бала атқа қонса, ер – тұрманы мен бес қаруын сайлаған. Бес қаруды толық меңгерген жігіт қана бір елдің тізгінін ұстар басшы, отбасын құра алатын отағасы ретінде сипатталған. Садақтан атқанда, нысанаға дөп тигізіп, қылышын жауға ғана көтеруге рұқсат еткен. Бұл ерлердің аса күшті, салмақты, әрі шымыр болуына үлкен септігін тигізген.
Көшпелі номадалардың мәдениетінің тағы бір айқын ерекшелігі – әскери сала жағынан қару – жарақ қолдану мен, әскери тактикалардың революциясын жасауы еді.“Көшпелілер əскерінің” жаумен шайқас кезінде оған үсті-үстіне бастырмалата соққы беру тактикасын жүзеге асыруға қолданатын негізгі, тіпті бірден-бір түрі атты əскер болып келді. Біздің дəуіріміздің бірінші мыңжылдығының орта шенінен бастап түркілер ағаш ер мен үзеңгіні кеңінен пайдалана бастады. Ал, мұның өзі атты əскердің жауынгерлік сапасы мен қабілетін еселеп арттырды. Ол кездегі уақыт талабы осылай болды. Əркімнің аман қалып, тіршілік етуі үшін қару-жарақты пайдалануға машықтануы, кез келген уақытта жауынгерлер сапынан табылуға əзір тұруы керек еді. Тіпті де әйелдердің өзі нәзік болмысына қарамастан атқа ерлермен қатар отырып, жау шебін ойсырата бұзып, ерлермен тізе біріктіретін еді. Сондай ерен ерлік иесі, әйел болса да, білдей – бір тайпаға иелік етіп, көш бастай білген әйел заты – Тұмар патшайым туралы білмейтін адам кемде – кем. Өзінің аса ержүректігімен, өрлігімен тарихта мықты әйел билеуші бейнесін қалдырған, өзімен замандас талай ерлердің алдын орап түскен баһадүр әйелдің ерлігі ұрпаққа үлкен үлгі. Əр халық өзінің қаһарман перзенттерін мақтан етуге тиіс деп ойлаймын!
Жылқы малының үстінде жүріп, теңге ілу, көкпар, жамбы ату секілді жігіттердің күші мен намысы сыналатын сайыстар жасалатын. Аса ептілікті, күшті талап ететін ұлттық ойындар, жас азаматтарға сынақ, әрі тәжірбие ретінде берілетін. Ертеде сақ тайпаларына ғалымдар: «Олар ат үстінде туады, ат үстінде ас ішеді, тіпті десеңіз ат үстінде жүріп өледі» деп бекер айтпаса керек.
Көшпелі халқымызда ата – қоныс, кіндік қан тамған жер деген үлкен ұғым қалыптасқан. Ер балаларға жастайынан ұлтарақтай болсын жердің құны мен қасиетін ұғындыра түскен. Атқа қонған әрбір азамат жерін қасық қаны қалғанша қорғауы тиіс деген тәрбиені санаға сіңірген.
Көшпелі номадаар мәдениентінің айрықша ерекше тұсы – әдебиет саласы деп қарастырар едім. Отан, тарих, ерлік пен елдік, жер мен ел, махаббат пен ұлы тұлғалар жайлы жазылған қанша дастан, қанша жырлар бар десеңізші әдеби мұрамызда. Батырлар жыры мен эпостық дастандар – әлі күнге дейін ғұмырын жалғап, өрлік пен ріхты бойымызға сіңдіріп келсе, лира-эпостық жырлар халқымыздың сырлы сезімге толы өмірінен сыр шертеді.
Елбасы: «Қазақ даласында поэзия тек акын-жыраулардың ғана еншісі болып қоймаған, ол қазақ мəдениетінің барлық тамырына нəр берген. Қазақты этномəдени тұтастық ретінде танып- түсіну үшін халықтың ауызекі сөзінің құдіреті айрықша мəнді. Əрине, жадау тірліктің жайдақ сөзі емес, бұл жерде əңгіме армансыз сұхбатан туатын асыл сөз туралы болып отыр. Салиқалы сөз “қазақылықты” құлпыртудың кілті болған.» деп өз сөзінде бекер айтпаса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет