Тапсырма: Астана және Алматы қалаларында өткен қысқы Олимпиада ойындары, 7-ші Азия ойындарындағы қазақстандық спортшылардың жетістігі



бет3/3
Дата08.02.2022
өлшемі96,37 Kb.
#118054
1   2   3
Байланысты:
2тарих 9

VII қысқы Азия ойындарының қортындысында Қазақстан спортшылары командалық есепте бірінші орынға шықты. Одан кейінгі орындарды Жапония және Оңтүстік Корея командалары иеленді.

Жексенбі күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында VII қысқы Азия ойындарының жабылу рәсімі өтті. Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев «тұңғыш рет 69 медальдар жиынтығы сарапқа салынғаны Азия ойындары үшін рекорд болып табылады» деп атап өтті.

Айта кету керек, Қазақстанда өткен Азия ойындарында болған бұл бір ғана рекорд емес.

Азия ойындары тарихында Қазақстан құрамасының 32 алтын, 21 күміс және 17 қола медальға қол жеткізуі де – бұрын соңды болмаған оқиға санатына жатады. Бұған дейінгі рекорд 1986 жылы Жапонияның Саппоро қаласында өткен алғашқы Азия ойындарында орнатылды. Ол кезде жапон елінің құрамасы 29 алтын медаль жеңіп алған.

Бұл жолғы ойындарда командалық есепте жапон спортшылары екінші орынды иемденді. Олар 54 медальді (13 алтын, 24 күміс, 17 қола) қанжығасына байлады.

Үшінші орын 38 медаль (13 алтын,12 күміс және 13 қола) еншілеген Оңтүстік


Ерлер арасындағы қосалқы могул жаттығуында қазақстандық Дмитрий Бармашов жеңімпаз атанды. Алматы, 3 ақпан 2011 жыл.


Корея спортшыларына бұйырды.

Алматыдағы спорт сарайына жұрт көп жиналды. Олардың көпшілігі Азия ойындарының ашылу салтанатындай «кереметті» күткендерін айтады. Алайда 700-ден аса адам қатысып, бір сағаттан аса өткен салтанатты рәсімге кейбірінің көңілі толмағаны да байқалып тұрды.

Ұйымдастырушылар жабылу салтанатының Астанадағыдай «көлемді» ету басты мақсат емес еді дегенді айтады.

– Жабылу салтанаты Қазақстанның оның ішінде Алматының рухы оның ішкі жан дүниесін сипаттауы тиіс деген мақсат болды. Біз бұл мақсатымызды орындаған сияқтымыз, – дейді рәсімнің продюссері Арман Давлетьяров.



Салтанатты кеште қазақша, орысша және ағылшынша сөз сөйлеген Алматы әкімі Ахметжан Есімов, қысқы Азия ойындарының туын ендігі Азия ойындарының астанасы – Саппоро қаласының ұйымдастыру комитетіне салтанатты түрде табыс етті.
Азия ойындары – Азия елдерінің спортшылары арасында әрбір төрт жыл сайын өткізілетін спорттық жарыстар. Азия ойындары АЗИАДА деп те аталады.Азия елдері спортшылары арасында мынадай ойындар өткізіледі. 1. Жабық орын - жайлардағы Азия ойындары алғаш рет 2005 жылы өткізілді. 2. Жағажайдағы Азия ойындары осы уақытқа дейін 2 рет өткізілді. 3. Өңірлік Азия ойындары. 4. Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары. Олар 2009 жылдан бастап өткізіле бастады. Қысқы Азия ойындары бізге дейін қандай мемлекеттерде өтті? Қысқы Азия ойындары 1986 жылдан бастау алады. Ең тұңғыш халықаралық бәсеке Жапонияның Саппоро қаласында өтті. Қалған ойындардың қай жылы қайда өткеніне көз салсақ. Ойындар Қалалар Жылы Қатысқан елдер саны Спорт түрлерінің саны Спортшылар және шақырылған қонақтар саны Сапоро Жапония 1986 7 7 425 Сапоро Жапония 1990 10 6 414 Харбин Қытай 1996 16 7 660 Кангван Корея 1999 21 7 799 Аомери Жапония 2003 17 11 641 Чанггчунг Қытай 2007 45 10 1100 VII–қысқы Азия ойындары 2011 жылы Қазақстан Республикасының үлесіне тиді. Басқа елдер үшін бұл Азияда кезекті бір спорттық оқиға сияқты болуы мүмкін, ал жаңа өмір, жаңа тіршілік құрып жатқан қазақ елі үшін бұл аса маңызды оқиға. Арқа төсі мен Алатау қойнауында Қазақстан спортшылары өздерінің қарым- қабілетін көрсетіп қана қоймай, жеңіс үшін тер төгудің үлгісін байқатады. Азия ойындарының жалпы жарыстары Астана мен Алматы қалаларында спорттың 11 түрімен өткізіледі. Олар: биатлон, тау шаңғысы, конькимен жүгіру спорты, шаңғы жарыстары, шаңғыда бағдарлау, шаңғымен тұғырдан секіру, мәнерлеп сырғанау, фристайл, шайбалы хоккей, допты хоккей, шорт-трек спорт түрлері. 2011 жылғы қысқы Азия ойындарының бойтұмары – Ирбис – қар барысы. Бұл – барыстай хайуанның бойындағы күш, батылдық төзімділік пен ерлік тәрізді қасиеттер нағыз спортшыға да тән болуы тиіс деген ұғымды білдіреді. Азиада ұраны: Мақсаты бірдің – рухы бір. Азиада логотипі. Логотиптің мағыналы пішіні сонау қилы замандарда көшпенді қазақ халқы пайдаланған арбаның дөңгелегіне келеді. Геральдика өнерінде дөңгелек кеңістік пен уақыт әлеміндегі мәңгілік қозғалыстың белгісі. Тұрақты даму идеясы-ның көрінісі бола тұра логотип өмірдің жасампаздық дәстүрін айшықтайды. Логотип көк және қызыл түстерден тұрады. Көк түс – еркін-дік пен шексіз мүмкіндіктердің, сондай-ақ спорттың жинақылық пен мақсаткерлік тәрізді маңызды қырларының бірі. Қызыл түс – жеңіске деген ұмтылыс жігерді, спортқа шын берілгендікті, жарыс қызуын білдіреді. Бұл екі түс бірігіп, мұз бен жалынның шарпысуын, ақ қар, көк мұздағы атаулы спорт додасы – қысқы Азиаданың болмысын танытады. Жоғарыда алаулаған қызыл күн – барлық Азиялық олимпиадалық ойындары, эмблемаларының ажырамас бөлшегі болып табылады. Азиада әнұраны.VII – қысқы Азия ойындарының әнұранына байқау жарияланып, сол әндердің ішінен арнайы құрылған әділқазылар алқасы 10 әнді, екшеп, іріктеп алған болатын. Сөйтіп, әділқазылар алқасы VII-ші Азиаданың Әнұранының жеңімпазы деп ақын Өтеген Отарбаевтің сөзіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтің «Азиада алауы» әнін атады. Абыройымызды асқақтатып, мерейімізді өсірген Ақ Азиада арқылы қазақ өзін әлемге тағы бір мәрте әйгілетті. Бұл - спорт мерекесі ғана емес, сонымен қатар мәдениеттер диалогын жаңғыр-туға берілген ұтымды мүмкіндік.Біз бұл мүмкіндікті толықтай пайдалана алдық.Өйткені жарыстармен қатар кең ауқымда “Мәдени Азиада” жобасы аясында көптеген шаралар атқарылды. “Мәдени Азиада” бұл ең алдымен Тәуелсіз еліміздің әлем алдындағы имиджін қалыптастыруға айтарлықтай ықпал етті.Қалай десекте, 7 қысқы Азия ойындары тек қана спорттық шара емес, ол сонымен қатар ұлттық салт- дәстүрімізді, тамыры терең тарихымызды насихаттауға бағытталған оқиға. Ұлттық негізде жасалған Азиада шырағданы. Қазақстандық шырағдан Қысқы Азия ойындары тарихында тұңғыш әзірленген алғашқы шырағдан болғандығына қарамастан оның 2 мың жылдық тарихы бар. Олай деуге не себеп? VII Қысқы Азия ойындарының алау құтысы қазақ халқының ұлттық дәстүрі мен ерекшелігін бейнелейтін көптеген элементтерден тұрады. Бұл шырағданды Алматы маңынан табылған, біздің жыл санауымызға дейінгі III - жататын сақтардың қоладан құйылған жарықтандырғыш құралдары. VII – Қысқы Азия ойындарының Алау шырағданының болмыс сол табылған. Жарықтандырғыш құрал негізінде алынған. Алау құтысының жоғарғы жағында Азиада символы етіп, қанатты барыстардың мүсіндері салынған. Оны дайындау барысында әсемді әшекейлеу мәселелері жетілдіріле түскен. Ол олимпиадалық атрибуттарын қытайлық компания әзірлеген. Бұл орайда айта кетерлік жәйіт: Әлемде мұндай атрибуттарды жасай алатын төрт компания бар. Олар Италия мен АҚШ-та болса, екеуі тек Қытайда. Түрлі-түсті металдан құйылған алау құтысының көлемі – 65-66 сантиметр. Оның сырты күміс және алтын түсті бояулармен көмкерілген. Шырағдан қақ ортасынан бұрап ашылады. Жану мерзімі 1 сағатқа жетерлік газ балоны бекітілген. Газ түтік арқылы пілтеге беріледі. Негізі шырағданның ішкі құрылымы 2008 жылғы Бейжің олимпиадасының шырағданына ұқсас. Бір өзгешелігі қытайлық шырағданның салмағы жеңіл болғанында, оның салмағы 985 грамм болған. Азиада шырағданы Бейжің олимпиадасяның шырағданынан ауыр әрі сапалы болып дайындалған. Біздегі алау құтының салмағы – 1 кг 700 грамм. Бастапқыда Азиада шырағданының салмағы – 1,350 грамм болады деп есептелген. Бейжің шырағданы салмағы аз болуының себебі оның үстіңгі бөлігі металдан құйылса, оның төменгі жағы пластмаспен жымдастырылған. Қысқы Азия ойындары болғандықтан алаудың суықта сөніп қалмауы ескерілген. Азиада алауының үздіксіз жанып тұруына табиғаттың ешбір тосқауыл болмауы ерекше ескерілген. Азиада үшін әзірленген 100 шырағдан және тасымалданбалы оттық. Жалпы алау эстафетасы арналып 100 шырағдан әзірлен-ген. Олардың әрқайсысының бағасы бір мың АҚШ долларындай. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әрбір алаугерге қолындағы шырағданды естелікке қалдыруға мүмкіндік жоқ екен. Тек эстафета өтетін әр өңірге ескерткіш ретінде бір данадан қалды-рылады. Қалғандары Азия олимпиадалық Кеңесінің мүшелері мен басқа құрметті қонақтарға сыйға тартылмақ. Қазіргі таңда Қытайдан жеке бөлшектеліп жеткізілген шырағдандар толық құрастырылып біткен. Әр шырағданның төменгі бөлігінде өзіндік реттік саны бар. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен тұспа-тұс келген құрлықтың ең мәртебелі сайысына 27 мемлекеттен 4 мыңнан аса спортшысы мен қонақтар қатысты. Жай қатысып қана қоймай, өткір тайталаста жүлде үшін жан алысып, жан берісті. Биылғы ақ Азиаданың ең басты сенсациясы - 32 алтынды өңгеріп әкеткенҚазақстан! Барлығы 69 алтын медаль болса, соның жартысына жуығы өзімізде қалды. Осы жарыста Қазақстан Азиада ойындарының жаңа рекордын орнатты. Қазақстан құрамы сапында 168 спортшы өнер көрсетті. Соның 28-і қаракөз қандасымыз. Сол 28-дің 13-і, яғни тең жарымына жуығы Батыс Қазақстан облысынан. Бұл да бізге мақтаныш! VII Қысқы Азия ойынында шорт-тректен құрлық мықтыларымен бақ сынасқан, ел намысын қорғап, универси-тетіміздің «дене шынықтыру және спорт» мамандығының сту-денттері Нұрберген Жұмағазиев, Инна Симонова, Ксения Мотова, Әсел Камешевалар қола медальға қол жеткізді. Бұл біз үшін мақтаныш! Ия,сонымен дүрмекті күндер, қуанышты сәттер артта қалды. Бірақ, Қазақстан спортшыларының өз еліне алып берген қайталанбас жеңісті сәттері еш уақытта да ұмытылмақ емес. Ал,сол жарқын жеңісті алып берген спротшылар есімі тарих бетіне алтын әріптермен жазылды. Қазақ елінің туына -32 алтын медаль қадалды. Барлығы 70 ( 32 алтын, 21 күміс, 17 қола) медаль! Бұл жетістіктер біз үшін зор мақтаныш, үлкен мәртебе. Алға, Қазақстан!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет