Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.1.5.1 – өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып, жеткізу.
Күтілетін нәтиже
Барлық оқушылар: мәтіндегі негізгі ой мен тақырып туралы түсініктерін жазба жұмыстар арқылы бекітеді.
Көптеген оқушылар: топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Кейбір оқушылар: білімді сыныптастарына түсіндіріп, оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Құндылық
Сұлулықты, әдемілікті көру, сезіну, бағалау
Пәнаралық байланыстар
Дүниетану. Көркем еңбек
АКТ-ны қолдану дағдылары
Суреттер, интербелсенді тақта, үнтаспа
Алдыңғы білім
Б. Соқпақбаев. «Қамқорлық»
Жоспар
Уақыт
Жоспарланған жұмыс түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту. Сыныпты қалыпқа келтіру. Ойсергек: Бір-бірімізді тыңдаймыз десек, 1 рет қол шапалақтаймыз. Ұйымшыл боламыз десек, 2 рет қол шапалақтаймыз.
Белсенділік танытамыз десек, 3 рет қол шапалақтаймыз.
«Түймедақ күлтелері» әдісі арқылы үй жұмысын сұрау. Түймедақ күлтелеріндегі үй тапсырмасына байланысты сұрақтарға жауап беру.
Топқа бөлу. Гүл түрлері (1, 2, 3, 4-ке санатып, топқа бөліну. Әр топты гүлдің түріне сай атау).
Ітоп. Раушан гүл.
ІІтоп. Қызғалдақ. ІІІ топ. Лала гүл.
ІV топ. Жауқазын.
Гүлдер
«Гүл» арқылы бағалау: Өте жақсы – ашылған гүл.
Жақсы – жартылай ашылған гүл.
Талпынды – ашылмаған гүл (сабақтың соңына дейін осы гүлдер арқылы бағалау)
Сабақтың ортасы
Мағынаны ажырату. Ойқозғау.
Балалар, қандай топтарға бөліндік?
Біз сабақта бүгін не жөнінде өтеміз?
Мақсатымыз не болмақ? Бағалау критерийімен таныстыру.
Бағалау критерийі. Өз ойы мен сезімін көркем бейнелі сөздерді қолдана отырып, жеткізе алады.
Бағалау. БК бойынша бағалау.
Бағалау
критерийі
Дескриптор
Білім алушы
Балл
Мәтіннен көркем бейнелі
сөздерді табу
Гүлдерге қатысты көркем бейнелі сөздерді табады.
1
Сол сөздердің көмегімен
өлеңді мазмұндайды.
1
Көркем сөйлеу
Қай гүлді анасына, ұстазына, досына, туған күн иесіне сыйлайтынын
көркем сөйлеп жеткізеді.
1
Көркем жазу
Гүл туралы 5 жол өлең
құрастырады.
1
Көркемсөздерді қолданады.
1
Бағалау парағы
1-тапсырма. Осы пікірдің дұрыстығын дәлелде. Туған өлкем гүлдерменен көрікті. Өйткені
1. …
2. …
3. …
2-тапсырма. Өлеңді тыңда. «Гүлдер» Автормен танысу айдары. Т. Молдағалиев ҚБ ретінде: дәптердегі 1-тапсырма. Берілген
көркемсөздерді қолдана отырып, өлеңді қарасөзбен жаз. Сөз көлемі – 30–35.
Көркемсөздер: қызыл гүлдер, көк гүлдер, ақ гүлдер, көп гүлдер, шоқ, отқа ұқсап, лүпіл.
Үнтаспа Слайд
Автордың портреті
Гүлдің суреттері немесе гүлдер
Жұптық жұмыс. 4-тапсырма. Өлеңнен гүлдерге қатысты көркемсөздерді табыңдар.
І топ. Көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып, гүлдерге сипаттама бер.
ІІ топ. Өздері сыйлайтын гүлдер туралы пікірлесу.
ІІІ топ. Өлеңнің қысқаша мазмұнын айт.
ІV топ. Өлеңнің мазмұнына сай берілген гүлдердің пайдасы мен зияны туралы айту.
Жеке жұмыс. ҚБ ретінде: дәптердегі 2-тапсырма. Cуреттегі гүлдердің қайсысын туған күн иесіне сыйлар едің? Неліктен? Пікіріңе екі дәлел келтір.
раушан лалагүл қызғалдақ
Ойтолғау. Жазылым. Жеке жұмыс. 5-тапсырма. Гүл туралы 5 жолды өлең құрастыр: 1-жол – тек бір сөзбен беріледі: зат есім.
2-жол – тақырыпты екі сөзбен сипаттау: сын есім.
3-жол – тақырыпқа қатысты 3 қимыл атауын жазу: етістік. 4-жол – 4 сөзден тұратын сөйлем.
5-жол – тақырыппен мәндес бір сөз: синоним.
Бүгінгі сабағымыздың мақсатына жеттік пе (оқушылардан сұрау)? Қалай жеттік? Не істедік?
Тапсырма
Сабақтың соңы
Кері байланыс. Ауызша.
Рефлексия. «Гүлдер» әдісі
Кері байланыс жасау.
Сендер қандай пікірдесіңдер?
Нені біле алдыңдар?
Не қызықтырды?
Саған пайдасы бар ма?
Не жаман, не жақсы болды?
Қосымша мағлұматтар
Дифференциация –
Бағалау –
Пәнаралық байланыс
Сіз оқушыларға көбірек
Оқушылардың
Қауіпсіздік ережелері
қолдау көрсету үшін не
ақпаратты
АКТ-мен байланыс
істейсіз? Қабілеті жоғары
қаншалықты
Құндылықтармен байланыс
оқушыларға қандай
меңгергенін қалай
(тәрбиелік элемент)
тапсырма беруді көздеп
тексересіз?
отырсыз?
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты): 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?