Тапсырма 1.
Егер трапецияның орта сызығы 16см, ал табандарының қатынасы 3:5 болса, трапецияның табандарын табыңыз.
Тапсырма 2.
Теңбүйірлі үшбұрыштың табанының ортасынан өтетін және бүйір қабырғаларына паралель болатын түзулер өткізілген. Пайда болған төртбұрыштың түрін анықтаңыз. Егер бүйір қабырғасы 8см болса, осы төртбұрыштың периметрін табыңыз.
Тапсырма 3.
Шебердің шеберханасына тордың темір шыбықтарын жасауға тапсырыс берілді. Шебер өзінің нобайындағы бірнеше көлемдерді белгіледі. Тапсырыс орындау үшін тордың темір шыбықтарын қанша метрін керек екенін есептеңіз.
Берілгені: АН //ВG//CF//DE DE=40м, CF=50м, CD=8м, EF=10м
1-тапсырма
MPLT теңбүйірлі трапецияның кіші табанындағы Р төбесі арқылы МТ үлкен табанына РН биіктік жүргізілген. Трапецияның орта сызығының ТН кесіндісінің ұзындығына қатынасын табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
LE биіктігін жүргізеді;
табандарының ұзындығын айнымалылар арқылы өрнектейді;
орта сызықтың қасиетін қолданады;
орта сызықты айнымалылар арқылы өрнектейді;
тіктөртбұрыштың қасиетін қолданып НЕ-ні өрнектейді;
ЕТ –ны табады;
ТН-ты табады;
ТН пен орта сызықтың қатынасын табады.
2-тапсырма
Теңбүйірлі трапецияның кіші табаны – 8см, ал бүйір қыры – 9см. Теңбүйірлі трапецияның доғал бұрышынан шығатын биссектрисалар, үлкен табанында жатқан, бір нүктеде қиылысады. Трапецияның орта сызығын табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
- теңбүйірлі трапецияның қасиеттерін қолданады;
- түзулердің параллельдік қасиеттерін қолданады;
- трапецияның үлкен табанын анықтайды;
- трапецияның орта сызығының қасиетін пайдаланады;
- трапецияның орта сызығын табады.
Достарыңызбен бөлісу: |