Тапсырма нұсқа



бет11/11
Дата25.11.2022
өлшемі93,52 Kb.
#159864
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Микрош от Мишки 13-апта 1-12 нұсқалар Сабина А - депутат города Алматы

Өсімдік аурулары, туындау себептеріне байланысты жұқпалы (түрлі бактерия, вирус, саңырауқұлақ,гематода, т.б. тудыратын) және жұқпайтын (қоректену тәртібінің бұзылуынан, ыстық-суықтан, өнеркәсіп қалдықтарының әсерінен, т.б.) аурулар топтарына бөлінеді. Жұқпайтын ауруларға қыстың үскірік аяздарынан жеміс ағаштарының діңі шытынап жарылуы, күздік егістер мен көпжылдық шөптесін өсімдіктердің үсікке ұрынуы, жаз айларының аптап ыстығы мен куаңшылығы, аңызақ желдер салдарынан астық дақылдарының масақтарында дән байлануы төмендеп, шөпектенуі, т.б. жатады. Күйік ауруы – органдар мен жүйелердің күрделі бұзылуы, үлкен күйіктердің салдарынан дамиды. Күйік ауруларының себебі — терінің барлық түрлерінің жоғалуы, плазманың жоғалуы, эритроциттердің бұзылуы, сондай-ақ метаболикалық бұзылулар. Даму ықтималдығы, бұл патологияның ауырлығы мен болжамын пациенттің жасы анықтайды, оның денесінің жалпы жағдайы және басқа да факторлар. Алайда, зақымдану аймағы жетекші рөл атқарады. Емдеу антибиотикалық емдеуді қамтиды, инфузия және детоксикация терапиясы, барлық органдарды және жүйелерді түзету.
Зиянды саңырауқұлақтардың, бактериялардың, кейде аяз салдарынан өсімдіктің кейбір бөлігі дұрыс өспей, шектен тыс ұлғайып ісікке, бұдырға айналып, өсімдік рагіне әкеліп соқтырады. Көпжылдық ағаштардың мех. немесе аяздан зақымданған діңдерінде, тамыры мен тамыр жемісінде, кейбір өсімдіктердің сабақтары мен гүл қауашақтарында, жапырақтарында бунақ денелілер жұмыртқаларын салып, сонда өсіп-көбейіп, зақымданған органды пішіні домалақтау келген ісіктерге айналдырып, оның дамуына себепші боладыBasіdіomycetes класының Puccіnіa туысына жататын саңырауқұлақтар тарататын аса зиянды және кең таралған кесел – өсімдіктердің тат аурулары. Тат өсімдіктің жер бетіндегі бөлімдеріне, оның ішінде гүліне, жемісіне түседі. Ауру белгілері жапырақ пен сабақта және масақтың қауыздарында ақшыл сарғыш (сары тат), қоңырқай (жапырақ немесе қоңыр тат), қызғылт-қоңырқай (сабақ таты) түсті, көлемі әр түрлі күлдіреуіктер түрінде байқалады. Олар, әсіресе астық дақылдарында көп кездеседі. Сары тат көбінесе оңтүстік пен оңтүстік-шығыс аймақтарда күздік бидай егісінде кең таралған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет