Тапсырма 1. Тақырып: Тарихшы этнология туралы не білуге тиіс Тарихи-этнологиялық талдау тәжірибесі
Шаруалардың жерді пайдалану үлгісі
Финдердің тың жерді игеру моделі
Түркиядағы кемализм
Ереван
1. Мәтінді оқығаннан кейін қысқаша аннотация жасаңыз 2. Мәтіндегі тақырыптың мәнін ашатын негізгі ұғымдарды іріктеп алып, оларға қысқаша анықтама беріңіз
Тарихи-этнологиялық талдау тәжірибесі Шаруалардың жерді пайдалану үлгісі Орыс шаруалар общинасын, әсіресе Сібір аумағындағы мұжықтар қауымының даму қарқынын зерттеушілердің ең көрнекті өкілдерінің бірі – осы
тақырыпқа бірнеше көлемді еңбек арнаған А.А. Кауфман бір кітабында «жүйеліліктен жұрдай, кесіп-пішу мен шектеулерге негізделген, кей өңір-лерде үкіметтің реттеуші ықпалына мүлде ұшырамаған осынау жер иелену тәртібі, әлбетте, ала-құлалықтан ада бола алмайды, онда меншіктің бір ғана
түрі – жеке-дара, әулеттік-мұрагерлік шаруашылық пішіні ғана жоқ»1 деп
жазады. Тағы бір кітабында сөз арасында мынадай ескерту жасайды: «Неліктен [жер ресурстарын] үдемелі ығыстыру әрекеті кері эволюцияға – теңгермелі пайдалануға емес, әулеттік иеліктерді бекітуге емес, басқаша жолға
алып келді? Мұны, бәлкім, «еңбек ету құқы» деп түсіндіруге болатын шығар? Бірақ сол құқық Сібірде, сірә, Ішкі орыс губернияларында осы бағытқа
ықпал етті де, неге Украинадағы отбасылық, жеке-дара иеліктерді тиянақтау ісіне бөгет жасамады?» Шынында да, статистикасы өте қызық: ХІХ ғасырдың басына таман Ішкері Ресейде қауымдық жер пайдаланудың жалпы үлес салмағы 98%-дан (солтүстік және шығыс аймақтарда) 89%-ға дейін (оңтүстік және батыс аймақтарда)3 ауытқып тұрды, бұл Шығыс Арменияда да тап осындай – 86 % шамасында4, салыстырмалы түрде Бессарабияда – 77%, есесіне Белоруссия мен Сол жағалаудағы Украинада шамамен 35% болды.
Грузия мен Литвада, Ресей империясының ұлты фин тұрғындарында ол
нөлге теңесті. Осылайша, көршілік деңгейі, араласып-құраласу оңтайлылығы, үкіметтің араласу әдібі халық тыныс-тіршілігіндегі жер пайдалану сияқты маңызды факторға онша әсер еткен жоқ.
Бұған капитализмнің даму деңгейі қандай екенінің еш қатысы жоқ. Белоруссия мен Украинаға қарағанда, ол Ішкері Ресейде жоғары еді. Кертартпалық пен дәстүршілдік те бұған әсер етпеген: ХІХ ғасырдың соңында ішкері орыс шаруалары Сібірде іс жүзінде мұралауға құқылы общиналық жатақтар құрды, алайда оларда жер тапшылығы артқан кезде өздігінен іске қосылатын теңдестіруші тетік пәрменді болды. Армениядағы шаруалар жер бөлісудің бұрын үстемдік құрған үлгісінен гөрі, Ресейде кең таралған мейлінше теңдестіру моделін қолай көрді де, Столыпин реформасы кезінде Ресей үкіметі тықпалап баққан отбасылық
жер пайдалану жүйесін қабылдамады. Бұл кезде Ресейдің орталық аймақтарымен салыстырғанда, Күнгей Кавказдағы капитализмнің даму деңгейі төмен болды.
Тарихшы осы жерге бөгеліп, тарихи факт екенін мойындай салуға қақылы. Олардың айқын түсіндірмелерінің ешқайсысы көңіл қанағаттандыр-майды, сондықтан да А.А. Кауфман сияқты қадам жасап, «бұл, менің ойымша, ғылыми таным аясынан шығып кететін мәселе»6 деп мәлімдеуге болады
(Дегенмен барлық нәрсенің түсінігін тауып үйренген А.А. Кауфманның өзіне мұндай ой түю оңай болмағаны сөзсіз).
Бұл жерде А.А. Кауфман «ғылыми таным» деп тарихты, экономика мен
демографияны меңзеп отыр. Зерттеуші мәселеге этнология көзқарасы тұрғысынан үңілмегендіктен, оның тұжырымы негізді қорытынды бола алмайды. Шаруалардың жер пайдалану тәртібіне қатысты әлгінде келтірілген де-30 ректерді этнология түсіндіріп бере алады.