Практикалық жұмыс 4.
Тапсырмалар:
1.Білім берудегі платформалар.
2.Бақылау жүйесіне арналған платформалар.
3.Онлайн тақталар.
Жауаптары:
1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, Асхат Аймагамбетов өзінің кезекті сөйлеуінде былай деген болатын: «Оқу процесін ұйымдастыру үшін барлық оқытушылар мен студенттерге электронды платформаларға қол жетімділік беріледі. Құрал ретінде бейне сабақтар, дербес және онлайн жұмыс, онлайн курстар және т.б. қолданылады.
Бізде бірнеше керемет жүйелер бар: "Bilimland", "Google Classroom", "MOODLE", "Univer", "Platonus", "Canvas", "Daryn.online" және т.б. «Coursera» платформасы сонымен қатар курстарға кіруге мүмкіндік ашты, «ZOOM» қызметі сабақ өткізуге ақысыз қол жетімділікті қамтамасыз етті».
Осы білім беру платформаларына тоқтала кетсек:
1. Bilimland- BILIM MEDIA GROUP тобының арқасында дүниеге келген платформа.Олар өздері туралы: «BILIM – біздің жұмыстың мағынасын ашатын сөз ғана емес, өмірімізге шырақ болар басты құндылық. Халқымыздың «білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні қаріп» деген көнеден келе жатқан нақыл сөзі бар. Бірақ жалпы адамзат баласы бұл сөздің түпкі мағынасын енді ғана түсінгендей. Себебі бүгінгі заман талабы – жеке тұлғаның да, мемлекеттің де тағдырының тек білімге тәуелді болуы. Ендеше біздің мұратымыз – баршаға қолжетімді, сапалы білім беру.
MEDIA – білім беруге қажетті мазмұнды жасақтауға және оны таратуға қажетті технологиялар. Осы салада соңғы 20 жылда болған жаңалықтар адам өміріне Гутенбергтен Цукербергке дейінгі 500 жылға бергісіз өзгерістерді алып келді. Сол жаңалықтардың білім беруге тигізетін ықпалы күн санап артып келеді. Ендеше заманынан қалмауға талпыныс жасап жүрген контент шығарушы ұйым ретінде біз технология күшіне арқа сүйеген білімнің кемел болашағына кәміл сенеміз.
GROUP – білімнің қадірін жете түсінген, технологияның пәрменіне сенген майталмандар тобы дегенді білдіреді. Олардың арасында мектептің жайын жақсы білетін тәжірибелі мұғалім мен әдіскер маман да, жанына жақын ермегін сүйікті кәсібіне айналдырған жас ғалым, аниматор, дизайнер мен компьютер инженері де бар. Ниеттері мен пікірлері ортақ жасампаз адамдардың қиялы, қабілеті мен ерен еңбегі арқасында BMG жобасы өмір шындығына айналды.» осылайша мәлімдеме жасаған және миссиясы «Bilim Media Group – Қазақстандағы электронды оқыту нарығын дамытушы инновациялық компания. Біз білім беруге қажетті контентті жасаумен, оны бейімдеумен және соған қатысты технологиялар мен қызметтерді таратумен айналысамыз. Бұл қызметтерді тұтынушылар арасында мемлекеттік мекемелер, ірі IT-компаниялар, медиақұрылымдар, елдегі жетекші оқу орындары бар. Дегенмен бәрінен бұрын бізге мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың ықыласы қымбат.» деп жариялаған.
Портал туралы көптеген жағымды пікірлер бар (1-сурет)
1-ші сурет.
2. Kahoot - білім беру жобаларына арналған қосымша. Сіз оны тест, сауалнама, танымдық ойын құруға немесе білім марафонын ұйымдастыруға қолдана аласыз. Қосымша жұмыс үстелінде де, смартфондарда да жұмыс істейді.
Бұл қалай жұмыс істейді
1-қадам.Сайтпен жұмысты бастау үшін сізге тіркелу керек. Сонымен бірге
өзіңіздің кім екеніңізді көрсетіңіз - мұғалім немесе студент.
2-ші сурет.
2-қадам
Тіркеуден кейін сіз танымал және жаңа тестілер мен басқа қолданушылар жасаған ойындар бар параққа түсесіз. Өзіңіздің тестіңізді құру үшін «Create» бөліміне өтіңіз.
3-ші сурет.
3-қадам
Сізге қандай викторина немесе ойын жасағыңыз келетіні туралы таңдау жасалынады. Студенттерге арналған ақысыз нұсқада викторина (Quiz) ғана қол жетімді.
Викторина құру үшін сіз форманы толтыруыңыз керек.(4-сурет)
4-сурет.
4-қадам.Форманы толтырып болған соң, «Done» батырмасын басу арқылы викторинаны сақтаймыз.(5-сурет)
5-сурет.
5-қадам.
Достарыңызбен бөлісу: |