Тапсырмалар: Ф. И. Голощекиннің "Кіші Қазан" идеясы: мәні мен салдары



Дата05.01.2023
өлшемі19 Kb.
#165048
Байланысты:
тапсырма 11
Tema 1.docx

Тақырып 11. Мемлекеттік құрылыстың кеңестік моделін іске асыру.
Тапсырмалар:
1. Ф.И.Голощекиннің "Кіші Қазан" идеясы: мәні мен салдары.
Қазақ өлкелік партия комитетінің Жер мәселесі жөніндегі шешімдері. Қазақ зиялыларының қуғын-сүргінінің басталуы. Қазақстанның индустрияландыру жолдары мен әдістері туралы пікірталастар. Индустрияландыру мәселесі бойынша қазақ қоғам қайраткерлерінің ұстанымдары. Қазақстандағы индустрияландыру ерекшеліктері.Ф. И. Голощекиннің есімі қастерлі қазақтың тарихында социализмнің бұрмалануы 1925 – 1933 жылдарындағы әрекеттерімен есте қалған.Өз жерінде еркін ойнап күле алмаған сорлы қазақтың қайғысына қайғы қосылып,езулерінен күлкі қашқан сұрғұлт заман дәл осы кездермен күңіренген еді. Голощекин жергілікті ауылдардың қазақ лебін сезінбегенін алға тартып,бізге Қазан төңкерісі керек деп,өзінің ойлап отырған,жоспарлап жүрген идеясын халыққа ұсынған болатын.
Тарих тағылымына көз жүгіртсек,Голощекин алғаш идеясын халыққа таныстырған кезден бастап көптеген қарсылықтарға ұшырап отырған,көбі оның идеясын даттаса,енді бірі мақтаған.Осындай кезде жоғары жақтын қолдауын күткен Голощекин Сталинге арнап хат жазған болатын.Ол өзінің хатында өзінің идеясының қоғамға пайдалы екенін айтып барынша ағынан жарылған болатын.Нәтижесінде Сталин оған кері хат жазып,оны қолдайтынын білдірген.Сталин хатында Голощекиннің идеясының жақсы саясат екенін айтқан.Осылайша алып қолдауға ие болған Голощекин өз идеясы жолында алғы жұмыстарды жасай бастайды.Дәл осы кезден бастап Голощекин идеясына жол ашылды. Голощекиннің негізі «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты екіге бөліктер тұрған,оныі біріншісі өлкенің өнеркәсіптерін орташа және жоғарғы деңгейде дамыту,ал,екіншісі сол өлкелердегі шикізат қорын молайту.Голощекин негізі өзінің идеясын 1927 жылы ұсынып,ол 3 жыл аралығында қолдау көрмей тек 1930 жылы осы идеясы партиялар жиналысында мақұлданған болатын.Солардың қатарында А.Андревте болған болатын.Осылайша Голощекиннің идесы уақыт өткен сайын қолдауға ие бола бастады,бірақ оған қарсылық білдіргендерде болды.Мәселен, Смағұл Садуақасов осы идеяға қарсы болған боалтын.Ал,Садуақасовтың бағыты осы Голощекиндікіне біраз ұқсас болғанымен,негізгі екпін Қазастанды өнеркәсіп еліне айналдыру болды..Қарсылықтар мен қолдауларға ие болған Голощекин өз идеясын іске асыруда аянбай еңбек еткен болатын.Тіпті,сол кезеңдерде Кеңес үкіметіне наразылықтарын білдіріп,ел қамын ойлап,шыр-пыр болып жүрген қаншама адамдар соқпақ жолдардан өтуге мәжбүр болды.Олардың айтқан пікірлерін бұрмалап,сүбелі сөздерін теріске шығарып оларды «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деп атап,жала жауғандар мол болды.Осы кездерде Голощекин өзіне қарсы шыққандардың барлығын дерлік жазалап,түрлі айыптармен кінәлап түрмелерге қамаған болатын.Тек олар ғана емес сондай-ақ дінге қызмет етіп жүрген талай дінқызметкерлерінде өзге жат дінді ұстанушылар деп жазалап,халық алдында бейнелерін жаман реңде көрсеткен болатын. Голощекиннің басқаруымен 1929 жылы - 31, 1930 жылы - 82, 1931 жылы - 80 жалған "контрреволюциялық ұйымдар" ашылып, сол ұйымда болғандар деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары қамауға алынды.Осылайша Голощекинннің идеясы қазақтың бетке ұстар аяулы азаматтарына азапты молынан әкелген болатын.Қаншама қайғы,қаншама жас! Тарихшы ғалымдардың соңғы жылдардағы зерттеулері көрсеткендей, қазақ халқы осы Голощекиннің кесірінен аса ауыр шығынға ұшыраған болатын.Ашаршылықтан және онымен байланысты туған эпидемиялардың салдарынан, сондай-ақ өлім-жітімнің көп болуы, халықтың басқа республикаларға, Қытайға, Иранға, Монғолияға және тағы басқада елдерге көшуі нәтижесінде Қазақстан бірнеше миллиондаған адамдарынан айырылды. Қазақстанда жіберілген орны толмас қателіктер мен бұрмалаушылықтарды Мәскеудегі орталық аппарат жергілікті басқару органдары айыпты деп, барлық бәлені соларға жапты. 1933 жылдың басында қазақтың бағына болар Голощекин орнынан босатылған болатын!Голощекинннің орнынан кетуі талай қазақтың қайғысын азайтып,болар елдің белін буған болатын.Қазақ халқы арамза болған идеяны ұсынушының кетуіне риясыз қуанып,болашақ еркіндікке деген үміт сәулесі туындаған болатын!

2. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарының күштеп көшуі отырықшы. Ұжымдастыру әдістері мен қарқыны. Аштықтың салдары. 1930 жылдардың екінші жартысындағы Қазақстан ауыл шаруашылығының ауыр жағдайы.


Ашаршылық 1930 жылда, Голодоморға жыл бұрын басталған. Ашаршылық кесірінен қазақтар өз республикасында азшылық болып ұшырап, тек 1990 жылда қайта көпшілік болған. Ашаршылық кесірінен қазақтардың бөлігі басқа елдерге, әсіресе Қытайға, Ауғанстанға және Түркияға қаша бастады.Ашаршылықтың басты себебі - ұжымдастыру деп саналады. Кейбір тарихшылар бұл оқиғаны геноцид деп санайды.
1930-1932 жылдары елді аштық жайлады. Аштықтан, түрлі індеттен халықтың 40%-ы қырылды. 1931-1933 жылдары республикадағы 6,2 млн. тұрғынның 2,1 млн-ы қырылды. Оның ішінде қазақтан басқа халықтың шығыны – 0,4 млн адам. 1 млн-нан астам қазақ республикадан тыс жерге көшіп кетті. Ұжымдастыру қарсаңындағы мал саны – 40,5 млн болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн ғана мал қалды.
1932 жылғы шілдеде аштық апаты мен себептері туралы Ф.Голощекинге “Бесеудің хаты” жазылды. Бұл хатты жазған қайраткерлер – Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дəулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев. 1933 жылғы наурызда Т.Рысқұлов аштық апаты туралы И.В.Сталинге, М.М.Кагановичке, В.М.Молотовқа хат жолдады. 1929-1931 жылдары өлкеде қарулы қарсылықтар болды. 1929 жылы қыркүйекте Қарақалпақстандағы Тақтакөпірде, Сырдария округіндегі Бостандықта, қарашада Қостанай округіндегі Батпаққарада қозғалыстар болған. 1930 жылы ақпанда Сырдария округіндегі Созақта, Ақтөбе округіндегі Ырғызда, 1930 жылы наурызда Алматы округіндегі Сарқантта қозғалыстар басталған. Қозғалыстардың негізгі себебі – күштеп ұжымдастыруға, ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс укладының қиратылуына, орташалар мен кедейлерді кулактар ретінде жоюға қарсылық. Семей округі халық наразылығының ірі ошағы болды. 1930 жылғы ақпан-мамыр аралығында Зырянов, Өскемен, Самар, Шемонайха, Катонқарағай аудандарын ірі толқулар қамтыды. “Бандиттік-басмашы қозғалысының көрінісі” деп бағаланған Торғай шаруаларының Батпаққара көтерілісі бүкіл республикаға күшті әсер етті. Қарақұм көтерілісін Орынборда орналастырылған 8-дивизия басып тастады.Көтерілісшілер Созақ ауданының орталығын басып алып, аудан басшыларын өлтірді. 1931 жылғы көктемде Қарқаралы округінің Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау аудандарының көтерілісшілері түгел қырылды.Республика аумағынан шетке қашу жиіледі. Түрікменстан, Қарақалпақ, Иран, Ауғанстанға – Маңғыстау, Жылқосын, Ойыл, Табын аудандарының халқы көшіп кетті. Қытай жеріне – Алматы округінің Балқаш, Шоқпар, Іле, Еңбекшіқазақ, Биен-Ақсу, Сарқант, Жаркент, Бөрібаев аудандарының халқы көшіп кетуге мәжбүр болды. Республика аумағында 372 толқулар мен көтерілістер болған.

3. Ұлттық мүдделерді жақтаушылардың саяси ұстанымы-с. Сәдуақасова,


С. Қожанова, Ж. Мыңбаева. М. Шоқайдың эмиграциядағы саяси қызметі.
М.Шоқайдың эмиграциядағы саяси қызметі
Қоқан қаласын большевиктер жаулап алып, Түркістан (Қоқан) автономиясын құлатуына байланысты Мұстафа Шоқай шет елге эмиграцияға кетуге мәжбүр болады. Шетелдік эмиграция жылдарында көптеген қиыншылықтарды жеңе отырып, ол кең ауқымды, терең мазмұнды саяси күрес жүргізді. А.Керенскийдің «Дни» және П.Милюковтың «Последние новости» газеттерінде қызмет атқарды. 1927 жылдан Зәки Уәлиди Тоғанның редакторлығымен Парижде шығып тұрған «Иени Түркістан» журналына атсалысып, «Туркестан милли бирлиги» («Түркістан ұлттық бірлігі») ұйымына жетекшілік етті. Эмиграцияда жүрген түркі-мұсылман халықтарының Ә.Топчибашев және Г.Исхаки секілді өкілдерімен жиі араласып, пікірлес болды. Оларды Ресейдегі түркі-мұсылман халықтарын азаттыққа жеткізуде күш біріктіре әрекет етуге үндеді. 1929 жылы «Яш Туркестанда» Түркістан халқының мәдениеті, кеңестік биліктің бұл өлкедегі саясаты және 2-дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар, т.б.тақырыптарда зерттеу мақалаларын жазды. 1940 жылы Парижге неміс әскері кіргенде, Мұстафа Шоқай тұтқынға алынып, бірнеше ай концлагерьде отырып шығады. 1941 жылы Мұстафа Шоқай Берлиндегі «Виктория» ауруханасында күмәнді жағдайда көз жұмып, қаладағы мұсылмандар зиратына жерленді
4. Кеңестік білім беру жүйесін құру. Ұлттық және
қоғамның мәдени негіздері. Қазақ тілінің позициясын әлсірету. Арабицадан латын әліпбиіне, содан кейін кириллицаға көшу. Әдебиет пен өнердегі социалистік реализм. Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық қызметі. КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалын құру.XX ғасырдың басы ұлы Абайдың ағартушылық, бостандық дәстүрiн жалғастырумен қатар отаршылдыққа қарсы күрес пен тәуелсiздiктi аңсау идеясын ашық айтып көрсету ұғымымен басталған болатын. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Бейімбет Майлин сынды қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылар қазақ әдебиетін алға сүйреп отырған. Ол уақытта қазақ халқының тарихы мен мәдениеті дамудан кенже қалған кез еді. Қазақ ұлты қараңғылықта қалып, елдің күш-қуаты таусылып, салы суға кетуге аз қалған өтпелі кезеңде қазақ жазба әдебиеті назардан тыс қалмады. Олар қазақтың сол уақыттағы күйiн суреттеп, халықты шыдамдылыққа шақырып, өнер-бiлiмге үгіттеген. Соның бірі Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ» өлеңі халықты рухтандырып, бар дауыспен жар салды. Кеңес дәуірінде әдебиетке келген ақын-жазушылардың барлығы да осы толқынмен қайраттанды. Әдебиетшілеріміз қазақ әдебиетін көркемдiк-эстетикалық тұрғыдан байытып, жаңа жырлар туғызып, жетiлуiне үлес қосты. Сұлтанмахмұт Торайғыров поэмалары, лирика өлеңдерi, публицистик мақалалары ақынның түрлі саладағы iзденiстерiн айшықтады. Әдебиеттегi сыншылдық бағытты дамытып, ағартушылық идеяны көркем сөз арқылы өрiстетуге Сәбит Дөнентаев, Мұхамеджан Сералин, Спандияр Көбеев, Бекет Өтетiлеуов, Тұрмағамбет Iзтiлеуов, Ғұмар Қараш, Нарманбет Орманбетұлы, Бернияз Күлеев, т.б. елеулi еңбек сiңiрдi."КСРО Ғылым Академиясы 1917 жылы Рессейдің Сан-Петербург Императорлық Академиясының негізінде Рессейлік Ғылым Академиясы болып қайта құрылды. Академияны қаржылау Халық ағарту комиссарияты мен ғалымдардың тұрмысын жақсарту Орталық Комиссисы арқылы жүргізілді. 1925 жылы Рессей ғылыми Академиясының 200 жылдығы аталды, осы жылы Академияның жаңа жарғысы қабылданды Бірінші президенті ретінде КСРО ҒА-ның танымал ғалым, геолог Карпинский Александр Петрович таңдалды.Тәуелсіз Ғылым академия жұмысына Кеңестік үкімет және партия жағынан бақылау 1920 жылдардың ортасынан басталды: 1925 жылы Академия КСРО-ның Кеңестік халықтар комиссариатына бағынды.1929 жылы Академияны «тазартуға» Ленинград қаласына Ю.П. Фигатнер басқарған үкіметтік комиссия жіберілді. Осы тексерістің шешіміне сәйкес 1929 жылдың маусым-желтоқсан айларында ҒА-сынан 128 штаттағы (барлығы 960 адамдар) және 520 штаттан тыс (барлығы 830 адамдар) қызметкерлер жұмыстан босатылды. Академияның тәуелсіздігін жақтайтын осы ұжымның хатшысы Ольденбург С.Ф. 1929 жылдың қазан айында хатшылық кызметінен кетірілді. Осыдан кейін Академияны толық бақылау партиалық-мемлекеттік органдар иеменленді. 1929 желтоқсанан — 1930 желтоқсан аралығында «Академиалық іс» бойынша 100 астам адамдар (негізіен тарих және гуманитариялық саласының ғалымдары) қамауға алынды.1930 жылы Кеңес үкіметінің қайта құрылуына байланысты Ғылым Академиясы КСРО Орталық Атқарушы Комитетіне бағындырылды
1934 жылы Академия президиумы және 14 ғылыми институттар Ленингадтан Москваға көшірілді. КСРО ҒА жүйесіне 80 ғылыми институттар кірді, оларды 2000 дей ғылыми кызметкерлер болды. 1940 жылдары институттар саны 150 жетті, ал ондағы ғылыми кызметкерлер — 4000 жуық болды."

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет