Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі «Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Тапсырма



бет2/7
Дата24.12.2021
өлшемі24,71 Kb.
#128525
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
5 с Қаз т 2 т Жауабымен

Жануарлар туралы ертегілер

Жануарлар туралы ертегілер, хайуанаттар туралы ертегілер — ертегінің көне замандағы мифтер мен әр түрлі тұрмыстық, аңшылық әңгімелердің негізінде пайда болып, кейінгі замандардағы адамдар мінезін, олардың өзара қатынасы мен байланысын аллегориялық түрде жан-жануарлар бейнесі арқылы тұспалдап көрсететін түрі. Жануарлар туралы ертегілер, негізінен, үш топқа бөлінеді: этиологиялық жануарлар туралы ертегілер, классикалық жануарлар туралы ертегілер және мысал ертегілер (аполог). Этиологиялық жануарлар туралы ертегілер — өзінің шығу мерзімі жағынан мұндай ертегілердің ең көнесі. Мұнда хайуанаттардың сыртқы пішіндегі немесе жүріс-тұрысы, мінез-құлқындағы бір ерекшелігі, оның солай болу себебі жайында баяндалады. Бұл топтағы ертегілердің басты ерекшелігі — оқиғаны себеп-салдарлы сипатта баяндауы және байырғы синкреттілікті сақтап қалуы мен этиологиялық мифке жақын болуы. Бұл ертегілердегі хайуанаттардың сипаттамасы басқа елдер ертегілермен сарындас. Мысалы, түлкі — аса айлакер, екіжүзді, алаяқ қу, қасқыр мен жолбарыс — адуынды озбыр, қара күш иесі, аю — икемсіз, қарабайыр, т.б.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет