Тапсырмалар



Дата12.12.2021
өлшемі13,95 Kb.
#99881
түріСабақ
Байланысты:
2-saba-d


Сабақтың тақырыбы: Өркениеттің дәстүрлі (аграрлық)түрі: көшпелі және отырықшы-егіншілік

ТАПСЫРМАЛАР:

  1. Берілген екі мәтінді дәптерлеріңе жазыңдар

а/ Дәстүрлі / аграрлық/ өркениеттің технологиялық негізін адам мен жануар күшін пайдаланатын, әртүрлі ауыл –шаруашылық құралдар /соқа, балта, тырма/ құрады. Осыдан келіп өндірістің материалдық игіліктері мен адамдарды пайдаланатын қарапайым отбасылық және түрлі жеке кооперациялар пайда болды.

Аграрлық өркениеттің ерекшеліктері:

-табиғи –климаттық жағдайларға тәуелділік;

-техникалық процестің шектеулігі;

-өз қажеттілігі үшін ғана өнім өндірудің басым болуы;

- әлеуметтік негіз – қоғам мен отбасы;

-басқару формасы – деспоттық;

-құқық пен заңға қарағанда, билік – үлкен құндылық;

-адам саясаттан алшақ, саясат – азғантай ақсүйектер тобының ісі;

- мемлекеттің жеке адам мүддесімен санаспауы.



ә/ Индустриалды өркениет – бұл экономикалық негізі жаппай машиналық өндіріс болып табылатын қоғам.

Ол машинаның жаппай қолданысқа еніп, өндірісте қол еңбегін ығыстыруына байланысты пайда болды. Машина өзіндік бір бағалау дүниесіне айналып, оны тұрақты түрде дамытып, жетілдіріп отыру осындай өркениеттің пайда болуына әкелді. Машина қалыптастырған өркениетте үздіксіз техникалық жаңару қажеттілігі туындап отырды.



Индустриалды өркениет адамның мол мүмкіндігін сезінуге, қоршаған ортаны қайта құруға деген сенімін қалыптастыруға, қоғамдық өмірдің барлық саласына бұрын –сонды болмаған өзгерістер орнатуға жол ашты.

2/ Постиндустриалды өркениет туралы конспект жазыңдар / оқулықтан /

3/ Замануи өркениеттің дамуына ақпараттық технологиялардың тигізетін әсері қандай?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет