Изотондық коэффициент дегеніміз не? Оның мәні бейэлектролиттер және электролиттер үшін неге тең?
Гидратациялану (сольватациялану) дәрежесі, гидратациялану (сольватациялану) жылуы иондардың валенттілігі мен радиустарына байланысты қалай өзгереді?
Әлсіз электролиттер деп қандай электролиттерді айтады? Мысал келтіріңіз.
Оствальдтың сұйылту заңының математикалық өрнегін жазыңыз.
Активтілік, иондық күш деп нелерді айтады? Олардың формулаларын жазыңыз. Ионның активтілігі мен концентрациясының қандай айырмашылығы бар?
Ерітіндінің меншікті электрөткізгіштігі дегеніміз не? Оның өлшем бірлігі қандай болады?
Эквиваленттік электрөткізгіштік дегеніміз не? Меншікті және эквивалент электрөткізгіштер арасындағы байланысы қалай өзгеретінін график түрінде көрсетіңіз.
Иондардың тасымалдау санының формуласын жазыңыз.
Кольрауш заңының математикалық өрнегі қалай жазылады?