9.4 Ұзақ мерзімді активтердің тозуының бақылау мен аудиті
Бухгалтерлік есепте амортизациялық аударымдардың бес жолы бар. Кез келген кәсіпорын осы аударымдардың бір жолын дұрыс таңдауы қажет.
Мысалы: Қызмет көрсету аясынан тез шығарылуы материалдық емес активтердің активті болуына байланысты, ол көлік құралдарына және офистегі жиһаздарға байланысты емес.
Салық салу мақсатында амортизациялық аударымдардың бір жолы қолданылады – қалдық құнының азаюы. Бұл жол бухгалтерлік есеп қалдық құнымен ұқсас болғанымен, ол тіптен басқаша. Сондықтан бухгалтерлік есеп және салық салу мақатындағы амортизациялық аударымдар нәтижесінде екеуі әр түрлі қорытынды береді.
Материалдық емес активтерге амортизациялық аударымдар белгілі бір мөлшерде ай сайын аударылып отырады. Ол материалдық емес активтердің бастапқы құны мен қызмет көрсету уақытына байланысты.
Кез келген шаруашылық жүргізуші субъект материалдық емес активтер түрлеріне қызмет ету уақытын және одан пайда алу мерзімін белгілеуі қажет:
а) материалдық емес активтер бойынша, олардың пайда әкелуіне байланысты қолдану мерзімі (патент, лицензия т.б), қолдану мерзімі көбінесе патент және лицензияда көрсетіледі – 1, 5, 10, 15 жыл.
б) материалдық емес активтер бойынша, қолдану мерзімі дәл қойылмайтын объектілер, мұндай мерзім 10 жылдан артық қойылмайды.
в) материалдық емес активтер бойынша, кәсіпорын меншігінде пайда болу көзі және жарғылық апиталда көрсетілген кәсіпорынның жұмыс істеу уақытына байланысты қойылады, бірақ кәсіпорынның қызмет ету уақытынан артық болмауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |