Тарау білім беру жүйесі әлеуметтік – экономикалық дамудың жетекші факторы


ТАРАУ 4. БІЛІМ МЕКЕМЕСІНІҢ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІ



бет3/3
Дата08.09.2017
өлшемі370,02 Kb.
#31235
1   2   3

 ТАРАУ 4. БІЛІМ МЕКЕМЕСІНІҢ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІ.

Мектепке дейінгі білім беру қазақ тілінде аптасына – 5,6 сабақтан қазақ тілінде өткізіледі. 
Мұғалім мен тәрбиеленушінің қатынасы-3%-ды құрайды.
Мектепке дейінгі білім мен тәрбие берудегі даярлық топқа келетін оқушылардың саны өсуде.

Жалпы орта білім беру.
Бастауыш мұғалімі мен оқушы арасындағы қатынас 1 қыркүйектен 2014 оқу жылында-7 %
Кесте 13. Білім мекемесіндегі білім беру үрдісінің мінездемесі.




Оқу жылы

Барлық оқушы

Сыныптар саны, бірлік

Оқыту тілі бойынша

1-4 сын

5-9 сын

Мектеп алды сын

Сыныптар саны, бірлік

Каз.т

Ор.т

2012-2013

36

15

13

2

16

20

3

1

2013-2014

26

11

9

2

11

14

4

1

2014-2015

9

4

9

0

9

0

3

1

2012-2013 оқу жылында оқу жылының басында мектебімізде барлығы 36 оқушы болды.Сынып- комплекті 15, бастауыш сыныбында 15 оқушы, орта буында 20 оқушы, , мектеп алды даярлык сыныбында 3 оқушы болды.

2013-2014 оқу жылында оқу жылының басында мектебімізде барлығы 26 оқушы болды.Сынып- комплекті 11, бастауыш сыныбында 11 оқушы, орта буында 14 оқушы, , мектеп алды даярлык сыныбында 4 оқушы болды.

Мектептегі қозғалыстардың нәтижесінде жылдар бойы оқушылар контингенті дағдарыста. Бұл оқушылардың кемуінде. 2014-2015 оқу жылынан бастап мектеп «Бөгенбай бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі статусына ие болды. Оқу жылының басында 9 оқушы , сынып комплектісі-4. Негізінен оқушылардың қозғалысы ауыл сыртына кетуінде.

Мектеп қалыптасқаннан бері мектебіміздің борышы:

 - Жеке тұлғаны дамыту.

- Әлеуметтік және жеке мәдени құндылықтарды қалыптастыру.

- Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

- Шыдамдылыққа және сыни көзқарасқа тәрбеилеу.

- Өзінің дамуын қамтамасыз ету

деген ұстанымдамыз.

Білім бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес және жоғарыда айтылған бағыттарға сүйене отырып мектептің жұмыс жоспары құрылды, 2014/2015 оқу жылының 1 қыркүйегіндегі ұжымның педагогикалық кеңесінде қаралып, бекітілді.

Оқушылар мектепішілік өткізілген олимпиада, қалалық олимпиадаларға қатысты.



Интеллектуалды марафон «Кенгуру – баршаға арналған математика»

2014-2015 оқу жылы

Сыныбы

Оқушы саны

Сертификат

4

3

3

Барлығы

3

3


Интеллектуалды марафон

«Ақбота»

2014-2015 оқу жылы

Сыныбы

Оқушы саны

Сертификат

4

3

3

Барлығы

3

3


Сынып сағаттары, әр-түрлі конкурстар өткізіледі.Жұмыс жоспары бойынша құқық бұзушгылықтың алдын алу шараларына байланысты және патриотизмге тәрбиелеу мақсаттарында іс-шаралар жүргізілді.Мектептегі үйірме жұмысына қатысатын балалар саны -9
Оқу- материалдық базасының толықтырылуы.

Тәуелсіз елімізді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарына тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан-дүниесі бай, білімі мен біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз. Кітапхана алдында тұрған міндет – ХХІ ғасыр азаматтарына алуан түрлі ақпараттар ағымына жөн сілтеп, пайдалыларын өз игіліктеріне жұмсауға үйрету, ақпараттық қоғам тіршілігін әзірлеу.

Халқымыз өнер мен білімді қадірлеген. Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ал, ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине кітаптан. «Кітапхана – білімнің күн шуағы» десек, «Ізденсем, білсем» деген балаға кітапхананың есігі арқашан ашық.

Осы жылдар бойынша оқушыларымыз келесі баспа оқулықтарымен камтылған: «Атамұра», «Арман ПВ», «Білім»



«Келешек», « Мектеп», « Алматы кітап»

2012-2013 жж

2013-2014 жж




201-2015

7 «А» (100%), 7 «Б»(80%), 8 «А» (100%), 8 «Б»(100%); 1 «А» (100%).

9 «А» (100%), 9 «Б» (100%), 2 «А» (50%)




1-4 сыныптар  100%



4.1.  Мектептегі тәрбие жұмысы.
Тәрбие жұмысының мақсаты: -Дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол,еңбекқор,іскер, егеменді еліміздің ертеңін нұрлы етер барыс текті намысты ұрпақ тәрбиелеу.
Мектеп білім беруді іске асырмас бұрын өзінің алдына әр оқушыны төмендегі бағыттарда тәрбиелеу мақсатын қойды.

  • Адамгершілікті, адамзатқа тән құндылықтарды ұғындыру.

  • Еңбекке дайын, денесі шыныққан тұлға тәрбиелеу

  • Отан сүйгіш, ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу

  • Ата – аналарды мектеп оқу – тәрбие жұмысына тарту, мектептің басқа да байланыс бағыттарын кеңейту арқылы тәрбие мәселелерін шешу.

  • Салауатты өмір салтын уағыздау.

Мектебіміз ауылымызда орналасқан жалғыз ғана мәдениет орталығы. Мектебімізде шама-шарқымызға қарай әр-түрлі іс-шаралар өткізуге тырысамыз. Оқушыларымызға оқу-тәрбие процессінде жағдай туғызу біз үшін үлкен міндет. Пән апталықтары, спорттық сайыстар, сынып сағаттары, ұлттық дәстүрлі мерекелері, қарттар күні, ашық сабақтар,ата-аналармен кездесу,сенбіліктер мектебімізде кеңінен орын алған.
Жеткіншектер арасында құқық бұзуға қарсы жұмыстар жүргізу.
Жұмыс жоспары бойынша құқық бұзушгылықтың алдын алу шараларына байланысты және патриотизмге тәрбиелеу мақсаттарында іс-шаралар жүргізілді. Осы және басқа да көптеген тәрбие бағыттарын іске асыру мақсатында мектеп ұжымы жыл басынан түрлі іс – шаралар өткізді
Осы ретте атқарылған жұмыстар:
Қыркүйек айының соңғы апталығында Тілдер күні мерекеленді. Осыған байланысты мектепте онкүндік жоспары құрылып, бастауыш сынып мұғалімдері онкүндік бойы сынып сағаттары мен тәрбие сағаттарын және ашық сабақтар өткізді.Жоспар бойынша Тілдер күніне байланысты шығармалар жазылып, аудандық басылымға берілді. «Алтын күз» мерекесіне арналған бағдарламалар, байқаулар мен жәрмеңкелер дәстүрге айналған. «Мұғалімдер күні» мерекесінде мектеп оқушылары өзін - өзі басқару күнін ұйымдастыру арқылы ұстаздық еңбектің қыр – сырына қанығады.Мамандық таңдаудың бір тарауы осы күні ашылады. Әрі қарай «Тәуелсіздік күні», «Жаңа жыл», «Аналар мерекесі» де кезегімен келіп жетеді.Әр күннің өзіне тән ерекшелігі, ұмытылмас сәттері шәкірттеріміздің санасын кеңейтіп, ой - өрісін толықтырады.
 
Ата – бабамыздың асыл мұрасындай болып жеткен «Наурыз» мерекесін жыл сайын жаңа бағдарламалар құру арқылы жандандырып өткізуге тырысамыз.Әр сынып мерекелік дастархан жайып, салт – дәстүр көрсету, ән айтып, би билеуден бірінен - бірі асып жатады.
Халықаралық әйелдер күніне арналған сынып жетекшілер әр – түрлі тақырыпта тәрбиелік мәні бар сынып сағаттарын өткізді.Атап айтсақ: «Анам үшін мақтанам», «Ана өмірдің шуағы», «Ардақтайық ананы», «Қыз сыны», «Анамызға мың алғыс», «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған», «Ал, кәнекей қыздар», «Ана бақыты – бала бақыты» ата – аналармен сайыс сабағы, барлық сыныптар қатысқан концерт өтті. 
Мектепте мектеп медбикесі Даурова Е.И. «АҚТҚ және ЖҚТБ дегеніміз не?», «Жұқпалы тері аурулары», «СПИД», «Миопия жайлы не білесің?» тақырыптарында тартымды әңгімелер, шаралар ұйымдастырып, сауалнамалар жүргізді.Аурудың таралуы жайында мәліметтер берді.
Нашақорлық пен наша саудасына қарсы стратегияны жүзеге асыру мақсатында мектеп қабырғасында мектеп медбикесі мен психологы бастамасымен оқушылар арасында «Нашақорлық туралы сөйлесейік», «Жан сырын айтып сырласу», «Нашар қылық, зиянды әдет, жұқпалы ауруларды болдырмау - әр азаматтың міндеті»- атты тақырыптар бойынша, «Есірткіге тәуелділік дегеніміз не?», «Есірткі адамдарға не әкелді?» деген сұрақтарға сауалнамалар жүргізіліп, пікір – сайыс, әңгіме сабақтар өткізілді.
Мектепте жүргізіліп жатқан пән апталықтарында сынып жетекшілер әр – түрлі тақырыптарда ашық тәрбие сағаттарын жүргізіп тұрады.
Оқушыларды салауатты өмір салтына бағыттау мақсатында мектепте апта бойы жүргізілетін шахмат, шашка ойындары жүргізіледі.
Сонымен, мектептегі тәрбие одан әрі дамуы, оған лайық бағыт – бағдардың оңтайлы жағын іздеп, мұғалімдерге меңгертуге байланысты. Жаңаша оқыту мен тәрбиелеуде, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәрбие арқылы оқушылардың белсенділігін, шығармашылығын арттыру, дарынды оқушылардың қабілетін жетілдіруге баса назар аударылды. Ұстаздар қауымы өз шәкірттеріне жеке тұлға ретінде қарап, олардың қабылдауына, мінез – құлқына, бейімділігіне қарай жұмыс жүргізеді.Егеменді еліміздің болашағы дарынды ұрпақ. Сол дарынды ұрпақты қалай бағыт берсек, солай жетіледі.Бүгінгі күні өз елін сүйетін, адамгершілігі биік, ақыл – ой, парасаты терең, еңбексүйгіш жастарды тәрбиелеу негізгі мақсатымыз екенін біздің педагогикалық ұжым анық түсінеді.
Сондықтан қазіргі таңда мектептің алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі-білім беру мен қатар тәрбие жүйесін жетілдіру. Жалпы білімді ізгілендіре отырып, тәрбие беру жолдары қандай? Тәрбие беру жолдарын қалай жетілдіруге болады?
Бөгенбай бастауыш мектебінде тәрбие Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінің 2006 – 2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасына негізделіп құрылған.
Тәрбие мәселесін көтеруді көздейтін бағдарлама мектептің алдына жүктейтін міндеттерді, мақсатын, ұстанымдарды өзінің айқындығымен нақтылығымен жандандыра түседі.
Тәрбиенің негізгі мақсаты – жеке тұлғаны дамытудағы толыққанды, парасатты, дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер азаматтың бейнесін қалыптастыру. 
Бұл орайда ата – аналар комитетінің ролі айрықша. Мектеп жанынан құрылған ата – аналар комитеті бала тәрбиесіне ықпал етуде көптеген игі істердің бастамасы болуда. Мектеп пен жанұяның тәрбие берудегі біріккен іс - әрекеттерінде әр түрлі әдістер қолданылады.Оны екі топқа бөлуге болады: бірінші әдістерге оқушыларға ата – аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру арқылы әсер ету жатса, екіншісіне – тікелей әсер ету жатады.Ата – аналар мен мұғалімдердің жеке кездесулерінің пайдасы мол. Көзбе – көз кездескенде ең жан ауыртатын, құпия, басқа адамдардың көзінше айта алмайтын сырларын бөлісе алады. Осындай әңгімелесуде жасөспірімдердің тәрбиесіне әсер ететін әдісті табу оңай болады. Мектебімізде биылғы оқу жылында ата – аналарға арнайы Ашық есік күнін ұйымдастырып, онда ата – аналар келіп балаларының сабақтарына қатысып, мектептегі өмірлерімен танысты. 
Қазіргі мектеп қабырғасында дамып жетілген жас ұрпақ, ертеңгі ел болашағын жасаушы қайраткер. Сондықтан бала бойында өзі жайлы сыр берген болмашы жақсы нысанды одан әрі дамытып, жаман нышанды дер кезінде тоқтата білейік.
1. « Армысың алтын ұя мектебім! » -алғашқы қонырау мерекесі
« Ана тілім ардақтым ! »
« Арманы үлкен азат ел » - Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған мерекелік кеш
« Аялайық ананы ! » - аналар мерекесіне арналған мерекелік кеш
« Наурыз-думан » наурыз мерекесіне арналған мерекелік кеш
« Бір шаңырақ астында! » 1 мамыр күніне арналған мерекелік кеш.

 ТАРАУ 5. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕСІ.

Кесте 14. Жалпы негізгі білім бітірген оқушылар саны.




2013


2014


2015

0

1

0









Мектептегі оқушылар саны бойынша қайтадан сыныпта қалдырылғандар жоқ-0%, мектептегі оқу үлгерімі- 55 %-ды құрайды.































ҚОРЫТЫНДЫ


Жас ұрпақ тәрбиесі- адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Адамның бүгіні де, болашағы да тәрбиелі, білімді ұрпаққа байланысты. «Бір баланы адам етіп өсіргенше, бір шаһар абат болады» деген екен көне шығыс даналығы. Осы салыстырудың өзі-ақ баланың шын мәніндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін зор еңбекті қажет ететін ауқымым кең, жауапкершілігі мол жұмыс екенін ұқтырса керек. Сондықтан да Бөгенбай бастауыш мектебінде оқу-тәрбие жұмысын жақсарту мақсатында жүргізілген жұмыстар өз жалғасын таба бермек. Бірнеше жылдан бері білім сапасын арттыру міндеттері шешіліп келеді. 



  • Бөгенбай бастауыш мектебінде даярлық сыныбында 3 оқушы бар. 

  • 5-6 жастағы балалардың барлығы оқумен толық қамтылған. 

  • Соңғы үш жыл бойынша мектеп оқушыларының саны ауытқуда. 

  • Бастауыш сыныптың барлық оқушылары ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

  • Мектеп интернет жүйесіне қосылған. 

  • Даярлық сыныбындағы оқушылар саны артып келеді.

  • Мектеп бір ауысымда жұмыс істейді. 

  • Мектептегі жұмыскерлердің саны тұрақты.

  • Жыл сайын мектепте жөндеу жасалып отырылады.

  • Мектеп айналасында көркейту- көгалдандыру жүргізіледі.

  • Мектеп кітапханасы жаңа оқулықтармен толықтырылып отырылады.

  • Мектептің жылу жүйесі де жыл сайын жөндеуден өткізіледі. 

  • Материалдық-техникалық жағдай орташа деңгейде.

ТҮИІН:

Жасалып отырған ашық баяндамада «Бөгенбай ауылы бастауыш мектебі» коммуналды0 мемлекеттік мекемесінің бүгінгі күнгі хал-ахуалына, ертеңгі күнгі дамуына талдауды индикаторлар және көрсеткіштер арқылы салыстырмалы зерттеу барысында көрсетуге тырыстық. Бұл осы жылдар аралығында білім жүйесінде болып жатқан өзгерістерді байқатады. Өзгерістер қанағаттанарлықтай.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет