Тарау. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар



бет1/5
Дата10.06.2017
өлшемі1,11 Mb.
#18699
  1   2   3   4   5



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ..................................................................................................................... 2
1 ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

1.1. Білім беру жүйесінің жай-күйін талдау ..........................................................4

1.2. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің

педагогикалық қызметі.............................................................................................19

1.3. Білім бағдарламасын іске асыру кезеңдері .....................................................24
2 ТАРАУ. ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ПЕДАГОГ МАМАНДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

2.1. Мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық құзырлығы

мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.............................................................34

2.2. Білім берудегі ақпараттық технологиялар.......................................................50

2.3. Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі .............................................70
ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................................77
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................................79
ҚОСЫМША.............................................................................................................81

КІРІСПЕ
Диплом жұмысының көкейтестілігі:

Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті дамыған 50 елдің қатарына кіру үшін ең алдымен білім беру жүйесінің реформалау қажет. Қоғамның даму деңгейін, елдің экономикалық қуаты, ұлттық қауіпсіздік білім беру жүйесінің қалыптасуына маңызды рол атқарады.

Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны білім беру саласында жаңарту қажет. Қазіргі таңда білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр. Оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген жүйесінің болмауы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штатт санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер тигізіп отыр.

Әлемнің алдындағы қатарлы елдерінде жоғары және жоғары оқу орныннан кейінгі білім беру жүйесінің дамуын сараптасақ онда кредиттік білім беру жүйесін мамандар даярлауға үш сатылы модульді кеңінен таратқан: бакалавриат, магистратура, Рһ – Д доктарантура. Бұл модуль АҚШ университеттерінде және Европалық көптеген елдерінде қолданылады. Бұл білім беру жүйесі қазіргі таңда академиялық ұтқырлықты және еңбек нарығының тез өзгеріп тұрған шағында мамандарға деген сұранысты қамтамасыз етеді. Осыған орай Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесі педагог кадрларын даярлау барысында олардың біліктілігін арттыру мақсатында білім беру мазмұнын реформалауда.

Көптеген педагогика ғылымдары бойынша жүргізіліп жатқан зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек тәжірибелік жағында көптеген кемшіліктері бар екендігін көруге болады. Сондықтан біз зерттеп отырған мәселе бойынша Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін педагогикалық қызметті дамыту үшін мұғалімнің ақпараттық коммуникациялық,мәдени және жаңа технологияларды қалыптастыратын механизімдерді іске асыру қажет

Диплом жұмысының мақсаты: осыған орай біз өз дипломдық жұмысымызда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің даму тенденциясын жан – жақты талдауды, оның тәжірибеде алатын орнын мақсат етіп қойдық.

Зерттеу міндеттері:

- білім беру жүйесінің жай-күйін аңықтау;

- қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің педагогикалық қызметін зерттеу;

- мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық құзырлығы мен ақпараттық мәдениетін арттыру;

- білім берудегі ақпараттық технологияларды іске асыру.

Диплом жұмысының объектісі: Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің динамикасы болып табылады.

Зерттеу пәні: Қазақстан Республикасының білім беру стандарттары, білім беру технологиялары, типтік бағдарламалар және оқу жұмыс жоспарлары.

Дипломды зерттеудің әдіснамалық негіздері:

Білім беру жүйесін зерттеген орыс ғалымдарының еңбектері:

М.В Лебедева, О.Н.Шилова, Д.Ш.Матрос, Д.М. Полев, Н.Н.Мельникова,

А.Л.Зимин, Е.К.Хеннер, В.А.Каймин, А.П.Шестаков т.б.

Қазақстан Республикасының білім жүйесінің реформалауға үлесін тигізген ғалымдардың еңбектері Қ.Қоянбаев, Р.Қоянбаев, Н.Д.Хмель, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Қ.Бержанов т.б.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының білім беру технологиясы

Зерттеудің ғылыми педагогикалық әдістері: салыстырмалы, ғылыми-теориялық, аналитикалық, статистикалық, тәжірибелік педагогикалық әдістерді кеңінен қолдану.

Диплом жұмысы: кіріспеден; екі бөлімнен; қорытындыдан; пайдаланған әдебиеттерден; қосымшадан тұрады.

1 ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


    1. Білім беру жүйесінің жай-күйін талдау

Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді.

Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді.

Жедел өзгеріп тұратын әлем және ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Оқитындар қазақстандық білім беру жүйесі бағыт алған білімнің, дағды-біліктің жиынтығын (білім үстемдігі) меңгеріп қана қоймауға тиіс. Оқитындардың өзін барынша көрсете білу және қоғам өміріне пайдалы түрде қатысу үшін (құзыреттілік) ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалану дағдысын бойына сіңіру әлдеқайда маңызды да күрделі. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзыретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген жүйесінің болмауы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді\2\.


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Көптеген дамыған елдер мектепке дейінгі білім беруге тең қол жеткізу үшін мүмкіндіктер жасайды. Бұл тек қаржыландыру деңгейінде ғана емес (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің білім берудің жалпы бюджетінен 9,5 %, 1999 ж.), сонымен қатар балалардың толық күнге немесе қысқа уақытқа келуіне негізделген мектепке дейінгі тәрбиенің әр түрлі модельдерін жасаудан да айқын көрінеді: міндетті аналар мектептері, сәбилерге арналған мектептер, 3-тен 5 жасқа дейінгі балаларға арналған мектептер, ойын топтары, балаларды қарау және күту топтары.

Қазақстанда 2000 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдардың саны 12 бірлікке (1%), ал олардағы балалардың контингенті 25 421 балаға (18,7 %) өсті, бұл мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сұраныстарының өсуі мен осы сұраныстарды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы теңсіздікті айғақтайды (1-кесте). Нәтижесінде мектепке дейінгі ұйымдардағы 100 орынға 105-тен 130-ға дейін баладан келді. Тұтастай алғанда, республика бойынша 22 мыңға жуық бала мектепке дейінгі ұйымдарға орналасу үшін кезекте тұр, бес-алты жастағы 127 мың бала мектепалды бағдарламаларымен қамтылуға тиіс.

1-кесте

Жылдар

Желі

Контингент

2000

1144

135287

2001

1167

146375

2002

1162

153965

2003

1156

160708

Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде 16,3 мың педагог қызметкер еңбек етуде, олардың 38,7%-ының жоғары білімі, 52,8%-ының арнаулы орта педагогикалық білімі, 6,4%-ының аяқталмаған жоғары педагогикалық білімі және 2,1%-ының орта білімі бар. Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің 40 %-ының ғана жоғары және бірінші санаттары бар, ал 31,2 %-ының санаты жоқ.

Мектепке дейінгі тәрбиенің нормативтік құқықтық және оқу-әдістемелік базасы құрылуда. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі 82 атаудан тұратын 19 оқу-әдістемелік кешен әзірленді, сынақтан өткізілді және 2003/2004 оқу жылында алғаш рет енгізілді. \5\

1999 жылы Қазақстанда балалардың міндетті мектепалды дайындығы енгізілді, бұл балаларды мектепалды дайындық бағдарламасымен қамтуға әсер етті (1-сурет).


Сурет-1

Балаларды мектепалды дайындықпен және мектепке дейінгі оқытумен қамту көрсеткіштері (%)

С
онымен қатар мектепке дейінгі білім беруде де бірқатар проблемалар бар. Қазіргі таңда мектепалды дайындықтағы тек 40%-ға жуық бала ғана жергілікті бюджет есебінен оқулықтармен қамтамасыз етілген. Жұмыс істеп тұрған балабақшалардағы жиһаздар, спорттық мүкәммал, кітапхана қоры, ойыншықтар, оқытудың көрнекі құралдары моральдық тұрғыдан ескірген және табиғи тозған. Аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің 58%-ы ғана мектепке дейінгі тәрбие мамандарымен жасақталған.

МКҚК (мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар) мәртебесіне ие мектепке дейінгі ұйымдарды қалдық қағидаты бойынша қаржыландыру балалардың балабақшада болу ақысының өсуіне әкеліп соқты және мектепке дейінгі ұйымдарға аса мұқтаж халықтың табысы аз және әлеуметтік жағынан шетін жіктеріне ауыр тиді \6\.

Тұтас алғанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бір жастан алты жасқа дейінгі балалардың балабақшалармен қамтылуының төмендігін көрсетеді (19,1%). Мектепалды дайындықтағы міндетті бағдарламаны бес жастағы балалардың 40%-ы және алты жастағы 60% бала ғана алады.

Жалпы орта білім беру. Жалпы білім беретін мектептегі реформалардың шетелдік тәжірибесі оқытудың мерзімін 12-13 жылға дейін ұзартуды, жоғары сатыдағы оқушылардың оқудағы жетістіктері мен кәсіби оқытуды сыртқы бағалау жүйесін енгізуді көздейді.

Қазақстанның жалпы орта білімі жалпы білім беретін мектептер санының көбеюімен әрі демографиялық және көші-қон процестеріне орай жекелеген өңірлерде шағын жинақталған мектептердің өсуіне ықпал еткен оқушылар контингентінің азаюымен сипатталады (2-кесте).


2-кесте

Жалпы білім беретін мектептер саны

Оқу жылы

Мектептер саны

Оқитындар контингенті

2000/2001

8109

3043,3

2001/2002

8171

3019,5

2002/2003

8164

3095,6

2003/2004

8260

3026,2

Республикада 4272 жалпы білім беретін шағын жинақталған мектеп (бұдан әрі- ШЖМ) жұмыс істейді (жалпы мектептер санының 52%-ы). Оларда 429,1 мың бала (жалпы оқитындар контигентінің 14,1%-ы) оқиды. ШЖМ-нің бір оқушысын оқытуға жұмсалған шығын қалыпты мектепке қарағанда (өңірлерге байланысты) 30 – 100 %-ға жоғары. Мектептердің тұрғын жерден алыс орналасуына байланысты 37 мың баланы тасымалдау ұйымдастырылған.

Қазіргі таңда 3687 (44,6%) қазақ тілінде оқытатын, 2069 (26,1%) қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді. Мемлекеттік тілде оқытатын мектептердегі оқушылардың контингенті ұлғайып келеді. Егер 2000 жылы оқушылардың 52,1%-ы мемлекеттік тілде оқыған болса, ал бүгінгі таңда 54,8%-ы оқиды. Өзбек, ұйғыр, неміс, тәжік, украин және басқа да ана тілдерінде оқытатын мектептер жұмыс істейді.

Республиканың жалпы білім беретін мектептерінде 270 мыңнан астам педагог жұмыс істейді, оның ішінде 195,8 мыңының жоғары білімі, 60 мыңнан астамының кәсіптік орта білімі бар. 36,5 мың педагог жоғары санатты, 67 мыңы бірінші санатты. Шағын жинақталған мектептерде 64 мыңнан астам мұғалім жұмыс істейді \8\.

Жалпы білім беретін мектептердің оқу процесіне оқушы-жетім балалар, тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларындағы балалар тегін қамтамасыз етілетін 1-8 сыныптарға арналған жаңа буын оқулықтары енгізілген. Кәсіптік мектептерде (лицейлерде), колледждерде арнайы пәндер бойынша отандық оқулықтар енгізілуде.

“Білім” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың саны 27 бірлікке артты, бұл арнайы оқытуға мұқтаж балаларды анықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Республикада 614 интернат мекемелері жұмыс істейді, оларда мемлекет есебінен 75 мыңға жуық жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларынан шыққан балалар, девиантты мінез-құлықты балалар тұрады; 18 балалар интернат-үйлері жұмыс істейді, оның ішінде біреуі дене бітімінде кемшілігі бар балаларға арналған, онда толық мемлекеттік қамқорлыққа алынған 2,8 мың бала тәрбиеленуде.

5 отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және 17 жасөспірімдер үйлері ашылды, онда өмір сүру жағдайы отбасына жақын. Тәрбие берудің патронаттық нысаны даму үстінде.

2000 жылдан бастап мектептен тыс ұйымдардың саны 25 бірлікке, оқушыларды қамту 1,6 %-ға артты (3-кесте).
3-кесте

Мектептен тыс ұйымдардың саны

Оқу жылы

Мектептен тыс ұйымдардың саны

Контингент

2000/2001

568

219126

2001/2002

598

251684

2002/2003

617

266547

2003/2004

629

291545

Сонымен қатар жалпы орта білім беруде өз шешімін күткен проблемалар да анықталуда. Оқулықтар шығару тәжірибесінің, авторлар мектептерінің, толыққанды сараптаманы қамтамасыз етудің қаржылық тетігін және институционалдық қолдаудың жоқтығынан оқулықтардың сапасы педагогтер қауымын қанағаттандырмай отыр \5\.

Ескіргендерді пайдалану және қазіргі заманғы оқу жиһаздары мен жабдықтарының, спорт мүкәммалының (әсіресе, ауылдық мектептерде) жоқтығы мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттары талаптарын толық көлемде орындауға мүмкіндік бермей отыр және балалар мен жасөспірімдер денсаулығына кері әсерін тигізеді. Республиканың әрбір үшінші мектебінде пән кабинеттері: химия, физика, биология, математика және т.б., мамандандырылған зертханалар мен спорт залдары жоқ.

256 мектеп авариялық жағдайда тұр. 2 мыңнан астам мектеп күрделі жөндеуге мұқтаж. Еліміз бойынша оқушы орнына тапшылық 500 мыңға жуық орынды құрайды.

Пәндік көзқарасқа негізделген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары оқушылардың өмір жолын таңдауына, мүдделері мен перспективаларын нақты белгілеуіне оң негіз бола алмайды. Жоғары сынып оқушыларының 30%-ы ғана өздерінің қабілеттеріне сәйкес келетін кәсіптік қызметті саналы түрде таңдайды. Болашақ мектеп түлектерінің 70 %-ының өзін-өзі бағалау деңгейі өте төмен және өз бетінше өмір сүруге дайын емес. Жоғары сатыда бейінді оқытудың жетіспеушілігінен еңбек нарығында мектеп бітірушілерге деген сұраныс жоқ.

К


ешенді тестілеудің нәтижелері талапкерлердің білім деңгейлерінің жоғары еместігін көрсетеді. Қанағаттанарлық емес баға алғандар үлесі 5 жыл бойы өзгеріссіз қалып отыр және олар 28-30%-ды құрайды. 2004 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) қорытындылары мектеп бітірушілердің 24,2%-ы жинауға болатын 120 балдың 40 балдық өту деңгейін жинай алмағанын, оқушылардың тек 0,7%-ы 101-120 балл жинап, үздік бағаларын дәлелдегенін көрсетеді.

120 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі балалардың үштен бір бөлігі ғана түзеу ұйымдарында арнайы білім берумен қамтылған. Арнайы білім берудің нормативтік құқықтық және бағдарламалық-әдістемелік базасы, түзеу мекемелері үшін педагог кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесі жетілдіруді және жаңартуды қажет етеді. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды орталықтандырылған есепке алу жүйесі жоқ. Инклюзивтік білім беру нашар дамуда \9\.



Бастауыш және орта кәсіптік білім беру. Дамыған елдердегі кәсіптік білім беру жағдайына жасалған талдау кадрларды даярлау процесіне қатысу үшін жұмыс берушілерді көтермелеу тетіктерінің, сондай-ақ кәсіптік білім берудің сапасын (біліктілікті беру мен қуаттау ұлттық орталықтары) реттеудің институционалдық негізінің бар екенін және кәсіптік бағдарламалардың аса ұтқырлығы мен кірігуін айғақтайды.

Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесі 722 оқу орнынан, оның ішінде жалпы оқушылар контингенті 341,3 мың адам 307 кәсіптік мектеп (лицейлер) пен 415 колледжден тұрады.

Кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарында оқитындардың контингенті 2000 жылдан бастап 2004 жылға дейін 10,3 мың адамға ұлғайды.
4-кесте

Кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарындағы оқитындардың контингенті

Оқу жылы


КМ (КЛ) саны

Оқитындардың контингенті


Мембюджет қаражаты есебінен оқитындардың саны

2000/2001

306

88,3

75,4

2001/2002

312

88,1

72,1

2002/2003

312

89,6

82,3

2003/2004

307

98,7

91,3

2000 жылмен салыстырғанда колледждер саны жекеше оқу орындарын ашу есебінен 101 бірлікке өсті. Колледждерде оқитындардың контингенті 86,5 мың адамға артты (5-кесте).

5-кесте

Колледждерде оқитындардың контингенті

Оқу жылы

Колледждер саны

Оқитындардың контингенті

Мембюджет қаражаты есебінен оқитындардың саны

2000/2001

314

156,1

43,8

2001/2002

349

189,8

45,7

2002/2003

382

207,9

54,8

2003/2004

415

242,6

63,3

Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында 28,1 мың педагог жұмыс істейді. Оның ішінде 2231 адамның жоғары білімі бар, 5647 адамның кәсіптік орта, қалғандарының техникалық орта білімі бар. 7580 адам жоғары санатқа, 6989 адам бірінші санатқа ие. Колледждерде 5 ғылым докторы және 96 ғылым кандидаты жұмыс істейді \10\.

Сонымен қатар, тез өзгеріп отырған экономикалық жағдайда білім беру қызметтерінің реттелмеген нарығының дамуы, жұмыс беруші мен бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесі арасында әлеуметтік серіктестіктің болмауы білім беру деңгейі және экономика секторлары бойынша кадрлар даярлаудағы тепе-теңдіктің болмауына әкеп соқты. Тұрғындардың 10 мыңына шаққанда техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарын даярлаудың саны жоғары білім беру саласына қарағанда едәуір төмен және ол колледждерде - 162 оқушыны, кәсіптік мектептерде - 66 оқушыны, ал жоғары оқу орындарында 439 студентті құрайды. Қызмет көрсету саласы және өндірістік емес сектор үшін кадрларды даярлаудың артуы байқалады, ал техникалық, құрылыс және ауыл шаруашылығы мамандарына деген сұраныс қанағаттанарлықсыз күйде қалып отыр.


Сурет-2

Кәсіптік мектептерде оқушылардың контингенті



Сурет-3



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет