тарау. Білім берудегі менеджменттің Ғылымитеориялық Әдіснамалық негіздері менеджмент басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде



Дата17.11.2022
өлшемі14,16 Kb.
#158718
Байланысты:
менеджмент
Келіссөздер және іскерлік жиналыстар туралы Скачать Реферат, Келіссөздер және іскерлік жиналыстар туралы Скачать Реферат, Лекция мәтіні, Кәсіпкерлік және бизнес негіздері.10-сынып. 2-бөлім, О ушыларды о у мотивациясын зерттеу, Қысқа мерзімді жоспар Әдебиет Д.Исабеков "Әпке" драмасы

1-ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ҒЫЛЫМИТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1. 1 Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде. XXI ғасыр, жаhандану процесі, ақпараттану инновациялық экономиканың автоматтандырылуы барысындағы туындаған әлемдік жаңа өркениеттің бастамасы болуда және өмірдің барлық саласында терең өзгерістер енгізуде. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерделесек, ғалымдар білім берудің даму бағытын зерттеу негізіне алатындығына көз жеткіземіз. Менеджменттің тарихы шамамен жүз жыл және ол түрлі мәдениеті бар және даму деңгейі әртүрлі елдерде сыннан өтті, осыған қарамастан өзінің барлық жүйесінде, өміршеңдігі мен тиімділігін дәлелдей алды. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары менеджмент өз маңыздылығын айқын көрсетті. Қазіргі әлемде менеджмент мамандық ретінде, білім саласы ретінде шын мәнінде интернационалдық болды, оның әлемдегі жетекші маңызы қазіргі таңда сөзсіз, ал теория мен тәжірибенің дамуына, тіпті басқаруға үйретуге әсері неғұрлым зор. Индустриалды қоғамнан ақпараттық (постиндустриалдық) қоғамға ауысу білімнің адам тіршілік әрекетіндегі алатын басты рөлін анықтайды. Білім сапасы тек бір адамның ғана емес, бүкіл қоғамның да табыстылығының маңызды факторы болатындай қоғамдық өмірдің аясында қалыптасуда. Квалиметрия саласындағы белгілі маман А.И.Субетто: «XXI ғасырдың адам және қоғамының жаңа онтологиясында адам қасиеттерінің, қоғам парасатының сапасы және қоғамдағы білім беру жүйесі сапасының озық даму заңы тұрақты даму шарты болып табылады» – деп атап көрсеткендей, бүгінгі таңда бүкіл білім беру жүйесінің дамуымен қатар, оның бөлек мекемелерінде де даму стратегиясының бағыттарын анықтау маңыздылығы едәуір өсуде. Стратегиялық менеджменттің мәні – үш маңызды сұраққа жауап беруінде: 1) Қазіргі таңда кәсіпорын қандай жағдайда? 2) Бірнеше жылдан кейін ол қандай жағдайда болғысы келеді? 3) Күтілетін жағдайға қалай жетуге болады?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет