Тарау. Тәрбиенің әлеуметтік философиялық негіздері


Педагогикалық - диагностикалық эксперимент құрылымы мен шарттары



бет144/165
Дата11.01.2022
өлшемі415,77 Kb.
#111271
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   165
Байланысты:
Тәрбие теориясы, әдістемесі ЭЛЕКТР.ОҚУЛЫҚ 2017 Иманбаевой

14.2 Педагогикалық - диагностикалық эксперимент құрылымы мен шарттары. Педагогикалық - диагностикалық эксперимент құрылымына бастапқы зерттеу, анықтаушы, қалыптастырушы, бақылау, салыстыру, қорытындылау, бекіту қамтылады. Диагностикалаудың әдістемесіне, әдіс - тәсілдеріне сүйене отырып бақылау әдісі, сауалнама әдісі, әңгіме, әңгімелесу, интервью, тест, контект талдау т.б. әдістер негізінде эксперименттік жұмыстар жүргізу көзделеді.

Педагогикалық - диагностикалық зерттеуде ең маңызды әдістердің бірі контект талдау әдісі, зерттеуге алынған объектіден жазбаша шығарма, хат, эссе жазу арқылы оқушының іс - әрекетіне мазмұнды талдау жасалады. Жиі жүргізілген контект - талдау әдісінде оқушыға жекелей тұлғалық сыпаттама бере аламыз.

Мәліметтерді алу және жинақтауға байланысты аз уақыт ішінде тест жүргізу арқылы тұлғаның қабілеті мен көңіл - күйін айқындауда тест әдісінің көптеген бағыттарын пайдалануға болады: тұлғаға бағытталған, жобалау, интеллектіні айқындау, сыни тұрғыда ойлау, критериалдық - бағытталған т.б.

И.М.Борытко тұлғаның тәрбиелігі мен білімділігіне диагностика жүргізуде төмендегі шарттарды ескеру керектігін ұсынады:

- сапалық және сандық сипаттама жасау ( жасы, әлеуметтік жағдайы, мекен жайы, оқуы, медициналық - биологиялық жағдайлары);

- зертелушінің сапалық және сандық сипаттамасын бағалау критерийлерін құрастыру;

- айқындалған критерийлер зерттеу барысында қаншалықты кездесетінін айқындау;

- сипаттамадағы анықталған мүмкін болған себептерді жіктеу;

- зерттеу барысында айқындалған кемшіліктерді жоюдың жолдарын көрсету;

- зерттеу барысында айқындалған жағымды тәжірибені насихаттаудың қажеттілігін негіздеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет