Тарау. Тәрбиенің әлеуметтік философиялық негіздері


Педагогикалық шеберліктің құрылымы



бет99/165
Дата11.01.2022
өлшемі415,77 Kb.
#111271
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   165
Байланысты:
Тәрбие теориясы, әдістемесі ЭЛЕКТР.ОҚУЛЫҚ 2017 Иманбаевой

Педагогикалық шеберліктің құрылымы. А.С.Макаренко «Оқушылар мұғалімнің қаталдығын, әр нәрсенің анығына жетуді көздейтін сұрау-тапсырмаларына мойын ұсынғанмен де, оның өз кәсіби ісін нашар меңгеруін кешірмейді», - деп көрсетеді. Олар мұғалімнің өзіне деген сенімін, білімін, біліктілігін, икемін, өнерін, қолынан не нәрсенің келетінін, ойын анық түйіндеуін, тәрбие жұмысын біліктілікпен ұйымдастыра білуін жоғары бағалайды. Сонымен бірге, А.С.Макаренко «Менің тәжірибе жүзінде көзімнің жеткені, оқу-тәрбие ісі біліктілік пен іскерлікке негізделген шеберлік мәселесіне тіреледі», - деп көрсетеді.

Әр педагогтың меңгеретін шеберлік деңгейі әр түрлі болады. Бірден шеберлікті меңгеру де оңай емес. Өкінішке орай, кейбір мұғалімдердің шеберлікті шыңдауына ұзақ уақыт пен тәжірибе қажет болса, ал кейбіреулерінің шеберлік деңгейін меңгере алмауы да мүмкін.

Шеберлікті жетік меңгеру үшін мұғалім педагогикалық үдерістің заңдылықтары мен тетіктерін білуі тиіс. Осыған орай, педагогикалық тұрғыдан ойланып, әрекет етуге, педагогикалық үдерісті құрамды бөліктеріне ажырата білуге, әр жеке педагогикалық үдеріс компонентінің тұтастықпен байланысын саналы түсінуге, оқыту мен тәрбиелеу теориясының идеясын, тұжырымдамасын, принциптерін қарастырып отырған құбылысқа сай анықтай білуі тиіс; педагогикалық құбылыстың диагностикасын анықтап, оның психологиялық және педагогикалық түсініктерінің қандай категорияға жататынын айқындай білуі керек; негізгі педагогикалық мақсатты белгілеп, оны тиімді шешуді көздеуі шарт.

Кәсіби шеберлік мұғалімнің өзі қаруланған теориялық білімін өз іс-әрекетінде қолдануына байланысты болады. Теорияны тәжірибеде қолдана білу, теориялық ойлауды қажет етеді, көбінесе мұғалім педагогикалық қызметтің осы қырын біле бермейді. Екіншіден, педагогикалық қызмет – біртұтас процесс, ол философия, педагогика, психология, методика, т.б. ғылымдардың синтезіне негізделеді, ал мұғалімнің білімі жеке түсініктерден тұратындықтан да, ол түсініктер басқарылатын жалпыланған дағдылар деңгейіне көтерілмейді. Осыдан барып, мұғалім педагогикалық қызметінде ғылымға қатысы жоқ күнделікті педагогикалық дағдыны ғана меңгеріп, теорияны тәжірибеде қолдануды білмейді.

Педагогика өзінің дамуы барысында түрлі екшелген педагогикалық нормативтер, пайдалы ұсыныстар мен оқу-тәрбие ережелерін қалыптастырған. Олардың көпшілігі теориялық білімді қажет етпесе де, кейбіреулері педагогикалық процесс заңдылықтарынан туындап, теория мен тәжірибенің дамуына қарай өзгеріске ұшырап отырады. Сондықтан нормтивтер - дәстүрлі және инструктивті, шартты және шартсыз, эмпирикалық және рационалдық болып бөлініп, педагогиканың қолданбалы бөлігіне айналады. Көп жағдайда педагогикалық қызметте, осы нормативтерді басшылыққа алуға тура келеді, демек, кез келген педагогикалық қызметтен шығармашылық әрекетті, жаңалықты талап етуге болмайды. Сонымен бірге осы сараланған нормативтердің педагогикалық қызметке тигізетін зиянын да айтуға болады, өйткені белгілі нормтивті сақтау, педагогикалық теорияны жоққа шығарып, педагогикалық ойды догмаға айналдырып, жоғары жақтан үнемі нормативті нұсқау күтуге мәжбүр етеді де, педагогикалық процестің даму диалектикасын ескермейді.

Педагогикалық шеберлік - педагогикалық қызметтің жоғары даму деңгейін, педагогикалық технологияны жетік меңгерумен бірге, педагогтың тұлғалық сапасын, тәжірибесін азаматтық және кәсіби ұстанымын анықтайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет