Химиялық тәжірибені орындауға арналған тапсырмалар
|
1 нұсқа
|
2 нұсқа
|
нұсқа
|
Индикаторларды қолданып магний нитраты, натрий карбонаты,натрий хлориді ерітінділерін анықтаңдар
|
Сендерге берілген тұздың натрий карбонаты екенін дәлелдеңдер.
|
Сендерге берілген тұздың натрий сульфаты екенін дәлелдеңдер.
|
Нөмірленген үш сынауыққа натрий карбонаты,натрий сульфаты,натрий хлориді бар.Күміс нитраты бар ерітіндіні қолданбай ,әрбір затты анықтаңдар.
|
Кальций сульфатының сапалық құрамын анықтаңдар.
|
Магний хлоридінің сапалық құрамын дәлелдеңдер
|
Сендерге берілген судың карбонатты кермектігін анықтаңдар
|
Сендерге берілген суда кальций сульфатының болатының дәлелдеңдер
|
Сендерге берілген натрий гидроксидінің ерітіндісін ашық банкада сақтағанда біртіндеп натрий карбонатына айналғанын дәлелдеңдер.
|
Сендерге берілген магний нитраты ерітіндісі гидролизге ұшырағанын дәлелдеңдер.Ерітіндіде қышқылдық немесе сілтілік орта түзіле ме?
|
Басқа реактивтерге жүгінбей ,сынауықтардың қайсысында күкірт қышқылы ,калий гидроксиді,магний карбонаты болатынын анықтаңдар.
|
Сынауықтардың қайсысында кальций тұзы ,литий тұзы ,натрий тұзы болатынын анықтаңдар.
|