Студенттер контингентін қалыптастыру жұмыстарының есебі және
2016-2017 оқу жылындағы кәсіби бағдар жұмыстарының міндеттері
1. Дайындық жұмыстары
Тараз қ. 19.10.2016 ж.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №111 қаулысымен бекітілген (2016 жылғы 14 шілдедегі №405 қаулыларымен өзгерістер енгізілген) «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары» негізінде талапкерлердің құжаттарын қабылдауды, кешенді тестілеуді өткізуді, білімгерлер контингентін қалыптастыруды ұйымдастыру мақсатында ректордың 2016 жылдың 3 маусым №43 бұйрығымен Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының қабылдау комиссиясының құрамы бекітілді. Қабылдау комиссиясының құрамында институт ректоры, проректорлар, факультет декандары, редакциялық баспа бөлімінің бас маманы, ақпараттық технологиялар орталығының басшысы және т.б. енді.
Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 31 мамырдағы №349 бұйрығымен Тараз мемлекеттік педагогикалық институты кешенді тестілеу өткізетін жоғары оқу орны болып белгіленді. Осы бұйрыққа сәйкес Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті кешенді тестілеуге өтініш қабылдайтын жоғары оқу орындары болып бекітілді.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының қабылдау комиссиясының 2015-2016 оқу жылындағы жұмыс жоспары 2015 жылғы 10 қазан бекітілді. Институттың қабылдау комиссиясы өз жұмысын осы жоспар негізінде атқарды.
Талапкерлердің құжаттарын қабылдауды ұйымдастыру мақсатында ректордың 2016 жылғы 3 маусымдағы №44 бұйрығымен техникалық хатшылар құрамы бекітілді. Техникалық хатшылардың жалпы саны – 14. Техникалық хатшылар қажетті инструкциялармен және әдістемелік нұсқаулармен мерзімінде қамтамасыз етілді.
Техникалық хатшыларға келесі міндеттер жүктелген:
талапкерлердің өткізіп жатқан құжаттарының талапқа сай екендігін тексеру;
қабылданған құжаттарды тіркеу және талапкерлерге қолхат беру;
тест сынағына арналған тіркеу журналын жүргізу;
өтініш бланкілерінің дұрыс толтыруларын бақылау;
өтініш бланкілерін сканерден өткізу;
кешенді тест сынағына қатысуға рұқсат қағазын тарату;
құжаттардың мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға жіберілгені туралы талапкерлерге анықтама беру;
жеңілдікке құқы бар талапкерлердің аты-жөнін тізімге енгізу;
талапкерлердің өзгерген мәліметтерін қайтадан журналға енгізу;
талапкерлердің өтініштерін тіркеу журналын жабу;
талапкерлердің құжаттарын қайтып беру;
техникалық хатшының базадағы мәліметтерін бақылау.
Барлық техникалық хатшылар өздеріне қойылған міндеттерді толығымен орындады.
Қабылдау комиссиясының стендтеріне талапкерлерге және қабылдау комиссиясының жұмысына қажет келесі ақпараттар мен мәліметтер орналастырылды:
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтік ережелері;
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтына қабылдаудың ережелері;
тестілеу жүргізілетін пәндер және бейіндік пәндер көрсетілген мамандықтар тізімі;
мамандықтар бойынша республика көлемінде бөлінген мемлекеттік білім гранттары туралы мәліметтер;
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты бөлінген адрестік мемлекеттік білім гранттары туралы мәліметтер;
шығармашылық емтихандарды қабылдау ережелері;
тестілеу пәндері және шығармашылық емтихандар бойынша консультация өткізу кестесі;
шығармашалық емтихандарды қабылдау кестесі;
күндізгі бөлімге оқуға қабылданған студенттерге төлемақы төлеуде берілетін жеңілдіктер туралы мәліметтер және т.б.
Кәсіби бағдар жұмыстарын тиімді жүргізу үшін келесі ақпараттық-жарнамалық материалдар дайындалды:
Түрлі түсті плакат (қазақ және орыс тілдерінде) – 500 дана;
Түрлі түсті буклет (қазақ және орыс тілдерінде)-1000 дана.
Түрлі түсті флаер:
қазақша – 2000 дана,
орысша – 1000 дана.
Бір түсті флаер:
қазақша – 3000дана,
орысша – 2000 дана.
Жоғарыдағы келтірілген кәсіби бағдар жұмыстарына арналған ақпараттық-жарнамалық материалдарда келесі мәліметтер келтірілген:
таңдау және бейіндік пәні көрсетілген институт мамандықтарының тізімі;
құжат тапсыру мерзімдері;
қажетті құжаттар тізімі;
төлемақы негізінде күндізгі бөлімге оқуға қабылданғандарға берілетін жеңілдіктер туралы мәліметтер.
Қабылдау комиссиясы қажетті техника және кеңселік заттар, құрал-жабдықтармен толығымен қамтамасыз етілді.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының қабылдау комиссиясының кәсіби бағдар жұмысына арналған жарнамалық роликтерді көрсету және газет беттерінде хабарландыруларды орналастыру мақсатында «Қазақстан-Тараз», «Астана», «31 канал» телеарналарымен және облыстық, аудандық БАҚ-мен келісімшартқа отырды. Мектеп бітірушілер арасында кәсіби бағдар жұмысын нәтижелі жүргізу мақсатында Тараз қаласындағы және Жамбыл облысының аудандарындағы мектептер мен орта кәсіптік білім беру мекемелері факультеттерге бөлініп, бекітілді. Тараз қаласы мен Жамбыл облысы аудандарының орта мектептері мен орта арнаулы кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектерімен кәсіби бағдар жұмысын тиімді жүргізу мақсатында ректордың өкімімен факультет оқытыушы- профессорлары мен қызметкерлері құрамынан мобильдік топтар құрылды.
№
|
Жауапты факультеттер
|
Бекітілген аудандар
|
Мектеп бітірушілер саны
|
1.
|
Педагогика
|
Т.Рысқұлов, Мойынқұм
|
637/237
|
2.
|
Физика-математика
|
Байзақ , Сарысу
|
644/268
|
3.
|
Тарих және әлеуметтік педагогика
|
Қордай
|
951
|
4.
|
Филология
|
Жамбыл, Талас
|
578/327
|
5.
|
Өнер және мәдениет
|
Жуалы , Шу
|
592/890
|
6.
|
Химия-биология
|
Меркі
|
694
|
7.
|
Институт бойынша барлық факультеттер
|
Тараз қаласының мектептері
|
2749
|
Облыс бойынша мектеп бітірушілер саны
|
8561 оқушы
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №111 қаулысымен бекітілген (2016 жылғы 14 шілдедегі № 405 қаулыларымен өзгерістер енгізілген) «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары» негізінде Тараз мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға қабылдау ережесі дайындалып институттың 2016 ж. 19 шілде күнгі Ғылыми кеңесі мәжілісінде бекітілді (№11 хаттама).
«ҚР жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлердің құжаттарын қабылдауды және кешенді тестілеуді өткізуді ұйымдастыру туралы» (ҚР БжҒМ 2016 жылғы 31 мамыр №349 бұйрығы) 3 тармағына сәйкес кешенді тестілеуге апелляциялық комиссия құрамы, шығармашылық емтихандарды қабылдайтын комиссия құрамы, шығармашылық емтиханның апелляциялық комиссия құрамы ректордың 2016 жылғы 14 маусымдағы №49 бұйрығымен және шығармашылық емтихандарды қабылдайтын комиссия құрамы 13 маусымдағы №45 бұйрығымен бекітілді. Сұхбаттасу комиссиясының құрамы ректордың 2016 ж. 13 маусымдағы №47 бұйрығымен бекітілді.
Тестілеу пәндерінің және шығармашылық емтихандарының консультация кестелері, шығармашылық емтихандардың кестелері бекітіліп, көшірмелері қабылдау комиссиясының стендіне ілінді.
2. Кәсіби бағдар жұмысы
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының қабылдау комиссиясы кәсіби бағдар жұмыстарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №111 қаулысымен бекітілген (2016 жылғы 14 шілдедегі №405 қаулыларымен өзгерістер енгізілген) «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламарын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын» басшылыққа ала отырып жүргізді.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының кәсіби бағдар жұмысы 2015-2016 оқу жылында екі кезеңнен тұрды:
1.Дайындық жұмыстары:
- факультеттер бойынша кәсіби бағдар жұмысына жауапты оқытушы-профессорларды бекіту;
- 2015-2016 оқу жылына арналған институт және факультеттердің кәсіби бағдар жоспарларын бекіту;
- институт, институт мамандықтары туралы плакаттар, буклеттер мен флайерлер дайындап, көбейту;
- Жамбыл облысы мен Тараз қаласының мектептеріне кәсіби бағдар жұмысын тиімді жүргізу мақсатында фаультеттерде мобильдік топтарды құру;
2. Кәсіби бағдар жұмыстарының орындалуы:
- институттың баспа секторымен бірлесе отырып институт туралы плакаттар мен буклет, флайерлар жеткілікті дәрежеде сапалы шығарылып, үйлестірілді;
Институттың мамандықтары мен оқуға қабылдау ережелері және институт жаңалықтары туралы жыл бойына әлеуметтік, корпоративтік желілер арқылы байланыс орнатылған. www.tarmpi.kz, www.tarmpi-innovation.kz, www.bibltarmpi.кz және www.e-islam.tarmpi.кz web-сайттары аймақтағы ЖОО қорларының ішіндегі көп пайдаланылатын сайттардың бірі.
Р/с
|
БАҚ-та жарияланған мақаланың тақырыбы
|
БАҚ атауы
|
Мерзімі
|
Авторлары
|
1
|
Талапкер-2016
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
|
Шамшырақ
(ОҚО, Түлкібас ауданы)
|
№10
27.02.
2016ж
|
Физика және ФОӘ каф. профессоры С.Тамаев
|
2
|
Талапкер-2016!
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты оқуға шақырады!
|
Шұғыла
(Жамбыл ауданы)
|
01.06.
2016ж
|
Филология факультеті
|
3
|
Талапкер-2016!
ТарМПИ-кемел білімге бастайтын жол
|
Талас тынысы
(Талас ауданы)
|
03.06.
2016ж
|
4
|
Мамандық таңдау-
табыстың кілті
|
Меркі тынысы
(Меркі тынысы)
|
8.06.
2016
|
Химия-биология факультетінің деканы,
PhD докторы
|
5
|
Жас түлек-2016!
|
Шу өңірі
(шу ауданы)
|
11.06.
2016ж
|
Өнер және мәдениет факультетінің ұжымы
|
6
|
ТарМПИ-кемел білімге бастайтын жол
|
Жаңа өмір
(Жуалы ауданы)
|
17.06.
2016
|
Өнер және мәдениет факультетінің деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Көшкінбаева
|
7
|
Мұғалім мәртебесі жаңа белесте
|
Дөңгеленген дүние
|
06.04.
2016ж.
|
Тарих және әлеуметтік педагогика факультетінің деканы З.Тоқбергенова
Кафедра меңгерушісі, т.ғ.кандидаты З.Абдрасилова
|
8
|
Жаңа өмір
(Жуалы ауданы)
|
08.04.
2016ж
|
9
|
Мәңгілік ел тірегі-білікті маман даярлау!
|
Білім.kz республикалық педагогикалық журнал
|
№3(55) наурыз
2016ж.
|
Кәсіптік оқыту және дизайн каф. т.ғ.к., доцент А.Е.Жаскиленова
|
10
|
Художественное образование в современной обучающей системе
|
Кәсіптік оқыту және дизайн каф. аға оқытушысы В.Г.Мулюкова
|
11
|
Балалардың эстетикалық тәрбиелеудің негізгі жолдары
|
Кәсіптік оқыту және дизайн каф. оқытушылары Көшкінбаева Н.Р., Шаринова Г.С.
|
12
|
Талапкер-2016
ТарМПИ-кемел білімге бастайтын жол
|
Мойынқұм таңы
|
№58-61
24.05.
2016ж
|
Педагогика факультеті
|
13
|
Талапкер-2016
ТарМПИ-кемел білімге бастайтын жол
|
Құлан таңы
(Т.Рысқұлов ауданы)
|
№47
03.06.
2016ж
|
Кәсіби бағдар жұмысының барысы туралы кафедра меңгерушілерінің, құрылымдық бөлім басшыларының және факультет декандарының есептері Ғылыми кеңестің, ректораттың, факультет кеңесінің, кафедра және қабылдау комиссиясының мәжілістерінде тұрақты талқыланып отырды.
2016 жылдағы Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде кәсіби бағдар жұмысын жүргізу үшін Жамбыл облысының барлық аудан орталықтарына оқытушыларды іс-сапарға жіберілді. Олардың барлығы ҰБТ сынағына қатысатын мектеп бітірушілердің санына байланысты кәсіби бағдар жұмысын жүргізуге қажетті ақпараттық-жарнамалық материалдармен толық қамтамасыз етілді.
3. Кешенді тестілеуді өткізуді ұйымдастыру
және оның нәтижесі
Кешенді тестілеуді өткізу Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлердің құжаттарын қабылдауды және кешенді тестілеуді ұйымдастыру туралы 2016 жылғы 31 мамырдағы №335 «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлердің құжаттарын қабылдауды және кешенді тестілеуді өткізуді ұйымдастыру туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.
ҚР БжҒМ-нің 4-шілде 2016 жылғы №419 бұйрығымен талапкерлерді кешенді тестлеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілді:
№
|
Тегі, аты-жөні
|
Құрамы
|
Қызметі
|
1
|
Джолдасова Орынқыз Көпбосынқызы
|
Төрағасы
|
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының тәрбие жұмысы және әлеуметтік жөніндегі проректоры
|
2
|
Саурықов Ерболат Байұзақұлы
|
Комиссия мүшесі
|
Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры
|
3
|
Биназаров Айдархан Дүкенбайұлы
|
Комиссия мүшесі
|
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің директоры
|
4
|
Момынқұл Бекет Әбділдаұлы
|
Комиссия мүшесі
|
Жамбыл облыстық «Знамя труда» газетінің бас редакторы
|
5
|
Құлсеріков Қасым Қуандықұлы
|
Комиссия мүшесі
|
Жамбыл облысы ішкі істер департаменті
Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция полковнигі
|
- кешенді тестке ТарМПИ-дың 6-шы оқу ғимаратыннан жалпы сыйымдылығы – 660 орындық 14 аудиториясы бекітілді;
кешенді тест өтетін аудиторияларда, қосалқы бөлмелерде және санитарлық-техникалық тораптарға ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді;
барлық қосалқы бөлмелерде жеке бас гигиенасын сақтауға жағдай жасалды;
барлық тест өтетін аудиторияларға кондиционерлер мен бейне бақылаулар қойылды;
жарықтану жабдықтары түгендеуден өткізілді;
кешенді тест өтетін аудиторияларда алдын ала ылғалды жинастыру және желдету жұмыстары қарастырылды;
медициналық қызмет көрсетуге арнайы кабинет бөлініп, талаптарға сәйкес жабдықталады.
Мемлекеттік комиссия бірінші мәжілісін шілде айының 18 күні өткізді. Бұл мәжілісте комиссия мүшелері Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік комиссиясының құрамын бекіткен бұйрығымен, мемлекеттік комиссияның жұмысының ерекшеліктері, кешенді тестілеудің ерекшеліктерімен және оның мерзімдерімен таныстырылды.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты ректорының 23-ші маусым 2016 жылғы №51 бұйрығымен бекітілген кезекші оқытушылардың тізімі бекітілді. Тізімге «Дене шынықтырудың ілімі мен әдістемесі», «Музыкалық білім», «Бейнелеу өнері және сызу», «Дене шынықтыру», «Хореография» кафедраларының оқытушылары және ғылыми кітапхана қызметкерлері енді. Кезекшілер екі рет нұсқаулықтан өтіп барлық қажетті ережелермен қамтамасыз етілді.
Білім және ғылым министрлігінің өкілдері аудитория кезекшілерімен және апелляция комиссиясының мүшелерімен 18 шілде күні кездесу өткізіп, міндеттері жөнінде қосымша түсініктеме берді. Білім және ғылым министірінің өкілдері аудитория кезекшілерінің жеке құжаттарымен танысты.
Білім және ғылым министрлігі бекіткен комиссия мүшелері кешенді тестілеу өткізуге белгіленген 14 аудиторияларда Білім және ғылым министрлігінің нұсқау хатына сәйкес тестілеу кезінде ұялы байланыс телефондарының сигналдарын басатын құрылғылар және видеокамералар орнатылды. Тестілеу кезінде қолдануға тыйым салынған заттардың өтіп кетпеуін қамтамасыз ету мақсатында 3 теміріздегіш және аркалық металлодетекторды пайдаланылды. Талапкерлерді аудиторияға кіргізу барысында 100-ге жуық ұялы телефондар алынды.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты базасында 2016-2017 оқу жылына кешенді тестілеу жұмыстары ҚР Білім және ғылым министрлігінің 31 мамыр 2016 жылғы «2016-2017 оқу жылында ҚР жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлердің құжаттарын қабылдауды және кешенді тестілеуді өткізуді ұйымдастыру туралы» №349 бұйрығы негізінде 19-21 шілде аралығанда 3 лек бойынша ұйымдастырылып өткізіледі:
Кешенді тестілеуге қатысуға Тараз мемлекеттік педагогикалық институтынан 1148, Тараз инновациялық институтынан 457, барлығы 1605 талапкер өтініш білдірді.
Кешенді тестілеудің нәтижесі:
№ р/с
|
Күні
|
Жалпы талапкерлер саны
|
Тестлеуге қатысқан талапкерлер саны
|
Тестлеуге қатыспаған талапкерлер саны
|
Орташа балы
|
Жоғарғы балл көрсеткіші
|
Төменгі балл көрсеткіші
|
Тестен шығарылған талапкерлер саны
|
1.
|
19.07.2016 ж.
|
534
|
511
|
23
|
30,17
|
93
|
7
|
0
|
2.
|
20.07.2016 ж.
|
536
|
525
|
11
|
28,5
|
90
|
4
|
1
|
3.
|
21.07.2016 ж.
|
535
|
513
|
22
|
30,32
|
92
|
6
|
2
|
Нәтижесі:
|
1605
|
1549
|
56
|
29,65
|
93
|
4
|
3
|
Шекті балды алмаған ҰБТ және кешенді тестілеудің қатысушылары, нәтижелері жойылған қатысушылар және ҰБТ-ға және кешенді тестілеуге қатыспаған адамдар үшін үстіміздегі жылдың 1-8 тамыз аралығында қайта ҰБТ мен кешенді тестілеуге қатысу үшін құжаттар қабылданды.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты базасында 2016-2017 оқу жылына қайта ҰБТ және кешенді тестілеуді министрлік өкілдері мен Тараз мемлекеттік педагогикалық институты ректорының 16 тамыз 2016 жылғы №68 бұйрығымен бекітілген кезекші оқытушылардың қатысуымен 2016 жылдың тамыз айының 19-20 күндері өткізілді.
Кайта кешенді тестілеуге қатысуға Тараз мемлекеттік педагогикалық институтынан 621, Тараз инновациялық институтынан 472, барлығы 1093 талапкер өтініш білдірді.
Қайта кешенді тестілеудің нәтижесі:
№ р/с
|
Күні
|
Жалпы талапкерлер саны
|
Тестлеуге қатысқан талапкерлер саны
|
Тестлеуге қатыспаған талапкерлер саны
|
Орташа балы
|
Жоғарғы балл көрсеткіші
|
Төменгі балл көрсеткіші
|
Тестен шығарылған талапкерлер саны
|
1.
|
19.08.2016 ж.
|
550
|
508
|
42
|
38,08
|
88
|
9
|
1
|
2.
|
20.08.2016 ж.
|
543
|
500
|
43
|
39,89
|
80
|
9
|
-
|
Нәтижесі:
|
1093
|
1008
|
85
|
38,99
|
88
|
9
|
1
|
4. Конкурс нәтижелері
2016-2017 оқу жылына Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының мамандықтарына 200 адрестік білім гранты бөлінген (1 қосымша).
Конкурс нәтижесінде 229 талапкер Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының мемлекеттік білім грантының иегері атанды. Институтқа бөлінген 200 адрестік гранттан тыс 29 талапкер жалпы конкурс бойынша грант иегері болды ( 21-і мектептен кейін, 4-і қысқартылған күндізгі, 4-і қысқартылған сырттай) (2 қосымшада).
229 грант иегерінің 222-ы өз құжаттарын рәсімдеді. Олардың 208-і күндізгі бөлімде, 14-і қысқартылған сыртқы бөлімдерге студенттер қатарына қабылданды. Күндізгі бөлімдегі 208 грант иегерінің 148 қазақ бөлімінде, 56 орыс бөлімінде, 3-і қысқартылған қазақ бөлімі, 1-і орыс бөлімі, ал сыртқы бөлімге қабылданған 14 грант игері қазақ бөлімі (2/1 қосымшада).
Төмендегі басқа жоғары оқу орындарынан өтініш білдірген білім грантының игерлері құжаттарын рәсімдеуге Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының
қабылдау комиссиясына келген жоқ:
№
|
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің аты-жөні
|
Мамандығы
|
Тіркеу ЖОО
|
Куәлік №
|
|
Хелимахунова Сабина Хелилжановна
|
5В010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
|
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
|
7004504
|
|
Тұрсынбек Берік Жүнісбекұлы
|
5В011800 – Орыс тілі және әдебиеті
|
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты
|
7006798
|
|
Өмірзақ Нұрила Дәулетқызы
|
5В012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
|
«Қорқыт ата» атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
|
7007544
|
|
Баимбетова Сахиба Муратовна
|
5В012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
|
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты
|
7005810
|
|
Муратбаев Дилшод Хусанжанович
|
5В012000 – Кәсіптік оқыту
|
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы
|
7011970
|
|
Махатай Ерғали Балтабекұлы
|
5В011300-Биология
|
Сырдария университеті
|
7000098
|
|
Ким Дмитрий Викторович
|
5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын тілі)
|
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,
күндізгі оқу нысаны
|
7025767
|
Институт мамандықтары бойынша конкурсқа 1022 талапкер өтініш тапсырды. Оның ішінде 992 талапкер күндізгі бөлімге, 30 талапкер сыртқы бөлімге.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 27 мамандығы бойынша күндізгі бөлімге конкурсқа құжат тапсырған талапкерлер саны (3 қосымшада) келтірілген.
Күндізгі қазақ бөліміне бөлінген 130 орынға 873 құжат тапсырылды. Күндізгі орыс бөліміне бөлінген 60 орынға 119 құжат тапсырылды. Қазақ бөлімінде конкурс көрсеткіші бойынша 1 орынға 7 талапкер, ал орыс бөлімінде конкурс көрсеткіші бойынша 1 орынға 2-ге талапкерге тең.
Сырттай қазақ бөліміне бөлінген 10 орынға 20 құжат тапсырылды. Конкурс көрсеткіші бойынша 1 орынға 2 талапкерді құрады.
5. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтына студенттерді қабылдау нәтижелері
2016 ж. оқуға қабылданған студенттердің жалпы саны – 2194.
Күндізгі бөлімге қабылданған студенттер саны – 1156, оның ішінде:
– мемлекеттік грант негізінде студенттер саны 208 (204 жалпы орта білім, 4 кәсіптік орта білім негізінде);
– төлемақы негізінде – 948 білімгер (910 орта білім, 38 кәсіптік орта білім негізінде, соның ішінде 47 студент шартты түрде бірінші академиялық кезеңге қабылданған).
Сыртқы бөлімге оқуға қабылданған студенттердің жалпы саны – 1038 оның ішінде:
– мемлекеттік грант негізінде – 14 студент (кәсіптік орта білім негізінде);
– төлемақы негізінде – 1024 студент (442 кәсіптік орта білім, 582 жоғары білім негізінде).
Мамандықтар бойынша күндізгі және сырттай бөлімдерге оқуға қабылданған студенттердің салыстырмалы мәліметі (4,4/1 қосымшаларда) келтірілген.
Жалпы ТарМПИ мамандықтары бойынша 2015 жылмен салыстырғанда (2015 ж. – 1477), 2016 ж. қабылданған студенттер саны 49% -ға артқан.
Күндізгі бөлімге төлемақы негізінде 2015 жылы 607 студент қабылданса, 2016 жылы 948 студент қабылданды.
Былтырғы жылмен салыстырғанда, төлемақы негізінде күндізгі бөлімге оқуға қабылданған студенттер саны, келесі мамандықтар бойынша біршама көбейген:
№
|
Кафедра
аталуы
|
Мамандық
аталуы
|
Төлемақы негізінде оқуға қабылданған студенттер саны
|
%
көрсеткіш
|
2015 ж.
|
2016 ж.
|
1
|
Бастапқы әскери дайындық
|
5В010400-Бастапқы әскери дайындық
|
26
|
81
|
3 есе
|
2
|
Арнайы педагогика
|
5В010500-Дефектология
|
45
|
60
|
33
|
3
|
Музыкалық білім
|
5В010600-Музыкалық білім
|
13
|
26
|
2 есе
|
4
|
Дене шынықтыру ілімі мен әдістемесі
|
5В010800-Дене шынықтыру және спорт
|
50
|
126
|
3 есе
|
5
|
Математика және МОӘ
|
5В010900-Математика
|
30
|
52
|
73
|
6
|
Физика және ФОӘ
|
5В011000-Физика
|
19
|
29
|
53
|
7
|
Информатика және ЕТ
|
5В011100-Информатика
|
8
|
25
|
3 есе
|
8
|
География және экология
|
5В011600-География
|
16
|
29
|
81
|
9
|
Қазақ филологиясы
|
5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті
|
31
|
51
|
65
|
10
|
Шетел тілдері
|
5В011900-Шетел тілі:
екі шетел тілі
|
60
|
74
|
23
|
11
|
Мәдени-тынығу жұмысы және хореография
|
5В040900-Хореография
|
19
|
22
|
16
|
12
|
5В090600-Мәдени-тынығу жұмысы
|
9
|
25
|
3 есе
|
«Педагогика және психология», «Физика», «Құқық және экономика негіздері», «Кәсіптік оқыту», «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтардың күндізгі бөлімінің төлемақы негізінде орыс топтарына бірде-бір студент қабылданбаған.
Факультет мамандықтары бойынша қабылданған студенттер туралы салыстырмалы мәліметтер (5 қосымшада) келтірілген:
2016-2017 оқу жылына институттың күндізгі бөліміне студенттерді қабылдау жоспарының орындалуы:
институт бойынша күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде жоспарланған талапкерлер саны–325, мемлекеттік білім гранты бойынша оқуға қабылданған студенттер саны–208, ол жоспардың–64%-ға орындалған, төлемақы негізінде жоспарланған талапкерлер саны–655, оқуға қабылданған студенттер саны–948, яғни жоспар–100%-дан аса орындалған. Жалпы жоспардың орындалғаны–100%; ал сыртқы бөлімде 2 есе артық орындалды.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 2016-2017 оқу жылына студенттерді қабылдау жоспары күндізгі бөлімге бекітілген жоспар 980 студент болатын. Институт мамандықтары бойынша жоспардың орындалғаны немесе орындалмағаны туралы мәліметтер (5/1 қосымшада) келтірілген.
Жоспардың орындалуы бойынша төмендегі көрсетілген мамандықтардан басқа мамандықтар 100%-дан аса орындаған.
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу – 60%;
Химия - 74%;
Тарих - 60%;
Құқық және экономика негіздері -37%;
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану – 55%;
Бейнелеу өнері және сызу– 72%;
Кәсіптік оқыту – 72%;
Мамандықтар бойынша 2016 жылы оқуға қабылданған студенттердің салыстырмалы орта балдары төмендегідей:
2015 жылы күндізгі бөлімге грант негізінде оқуға қабылданған студенттердің орта балы 80 болса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 80-ге тең (6-қосымша).
2015 жылы күндізгі бөлімге төлемақы негізінде оқуға қабылданған студенттердің орта балы 69 болса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 67-ге тең (7- қосымша).
2016 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының күндізгі және сырттай бөлімдеріне Қазақстан Респуликасының облыстарымен шет ел азаматтары және Жамбыл облысының аудандары мен Тараз қаласының мектептерінен оқуға қабылданған студенттер саны туралы мәлімет (8,8/1 қосымшаларда) көрсетілген.
Институт ректорының 11.02.2016ж. №9-Ө «Кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу туралы» өкімінің орындалуына үлес қосқан кафедра оқытушылары мен құрылымдық бөлім қызметкерлерінің пайыздық көрсеткіші 9-қосымшада көрсетілген.
Биылғы жылы кәсіби бағдар жұмысын жүргізуде белсенділік көрсеткен нститут профессор-оқытушылар құрамы туралы мәлімет 9/1- қосымшасында көрсетілген.
ҚР БжҒМ Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаментінің №14-3/1395 05.09.2016ж. хатына байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысының 43-тармағына сәйкес Тараз мемлекеттік педагогикалық институты 2016-2017 оқу жылына бакалавриат бағдарламасы бойынша студенттерді қабылдауды ұйымдастыру жөніндегі қорытынды есебі мен келесі құжаттар ҚР БжҒМ-не 15-38/1-7-762 хаты негізінде 05.09.2016ж. тапсырылды:
Студенттер контингентін қалыптастыру жұмыстары бойынша есебі;
Институтқа қабылданған студенттер санының мәліметі;
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі;
ТарМПИ-ға қабылданған шетел азаматтарының тізімі;
Мемлекеттік білім грантынан өз еркімен бас тартқандар тізімі және грант иегерлері куәліктерінің түпнұсқасы;
ТарМПИ-ға құжат рәсімдеуге келмеген білім грантының иегерлерінің тізімі;
Студенттер қатарына қабылданған туралы бұйрықтардың көшірмесі.
Қорытындылар және ұсыныстар
Студенттер контингентін қалыптастыру барысында кафедра және құрылымдық бөлімдер кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Кәсіби бағдар жұмысын жүргізу мақсатында Тараз қаласының және Жамбыл облысы аудандарының мектептері кафедраларға бекітілді. Кәсіби бағдар жұмысына қажетті ақпараттық-жарнамалық материалдар (плакат, буклет, флайер) алдын ала жеткілікті көлемде көбейтіліп, кафедраларға және құрылымдық бөлімдерге таратылды.
Республикалық, облыстық және аудандық баспасөз беттерінде ТарМПИ ПОҚ-ның кәсіптік бағдар жұмысына арналған мақалалары жарияланды. Жамбыл облыстық «Қазақстан-Тараз» және ОҚО-ның «Қазақстан-Шымкент» телеарналарынданың жаңалықтар айдары барысында ТарМПИ-ның тынысы туралы бейнероликтер мен институттың мамандықтарына бөлінген адрестік гранттары туралы жарнамалық анимация көрсетілді. Қабылдау комиссиясының хабарландырулары «КТК», «Астана» телеарналарының жүгіртпе жолдарында көрсетіліп тұрды.
Институт мамандықтарына бөлінген 200 адрестік білім грантының конкурсына 1022 талапкер өтініш тапсырды. Оның ішінде 992 талапкер күндізгі бөлімге, 30 талапкер сыртқы бөлімге. Күндізгі қазақ бөліміне бөлінген 130 орынға 873 құжат тапсырылды. Күндізгі орыс бөліміне бөлінген 60 орынға 119 құжат тапсырылды. Қазақ бөлімінде конкурс көрсеткіші 1-орынға 7 талапкер, ал орыс бөлімінде конкурс көрсеткіші 1-орынға 2 талапкерге тең.
Сырттай қазақ бөліміне бөлінген 10 орынға 30 құжат тапсырылды. Конкурс көрсеткіші 3-ті құрады.
2016-2017 оқу жылына 2194 студент қабылданды. Оның ішінде 1156 күндізгі бөлімге, 1038 сыртқы бөлімге.
Келісім-шарт негізінде келесі мамандықтардың күндізгі орыс бөліміне бірде-бір құжат тапсырылмады: «Физика», «Педагогика және психология», «Құқы және экономика негіздері».
Кәсіби бағдар жұмысына және институт мамандықтарының ерекшеліктеріне арналған профессор оқытушылардың басылым беттерінде жарияланған мақалалары былтырғы жылмен салыстырғанда біршама ілгерілеушілікті көрсетеді.
2016-2017 оқу жылында институт көлемінде пилоттық жоба ретінде құрылған мобильдік топтардың жұмыстарын әлі де шыңдай түсу және көршілес облыстарға кәсіби бағдар жұмысын жүргізуді жандандыру керек.
Институттың өркендеуі мен студенттер контингентін қалыптастыру жұмыстарына өз жеке үлестерін қосқан профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерді марапаттау және оқытушылар мен қызметкерлердің студенттер контингентін қалыптастыруға жауапкершіліктерін арттыру керек.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерді және 2016-2017 оқу жылына студенттер контингентін қалыптастыру жұмыстарының нәтижесін ескере отырып кәсіби бағдар жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастыру және өткізу мақсатында қабылдау комиссиясы өз жұмыстарында келесі міндеттерді қояды:
2016-2017 оқу жылына жасалынған кәсіби бағдар жұмысы жоспарының орындалуын қатаң бақылауға алу;
2017-2018 оқу жылына Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының күндізгі және сырттай бөлімдеріне студенттер қабылдау жоспарын нарық талабына сай нақтылап, бекіту;
ҚР БжҒМ "Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларының» өзгерістері мен толықтыруларын ПОҚ және құрылымдық бөлім қызметкерлеріне таныстырып, кәсіби бағдар жұмысы барысында мектеп және колледж бітіруші түлектер арасында насихатттау;
Кәсіби бағадар жұмысын жүргізуге институттың студенттер активінен пилоттық жоба ретінде мобильдік топ құру және жұмыстарын жандандыру;
Республика және облыстық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институты мамандықтарының ерекшеліктері мен жетістіктері туралы хабарлар мен мақалалардың жарық көруіне ПОҚ-ның жауапкершілігін арттыру;
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты ҰБТ, КТ, қайта ҰБТ, КТ, шартты негізде қабылданған және шетел ЖОО ауысатын студенттерге қайта кешенді тестілеуді өткізетін базалық ЖОО болғандықтан, қабылдау комиссиясына қосымша техникалық құрал-жабдықтармен (компьютер, принтер, сканер, ксерокс, телефон аппарат) үстіміздегі жылдың 1-желтоқсанына дейін жабдықтау;
2016-2017 оқу жылына кәсіби бағдар жұмысына қажетті құжаттармен кафедраларды және құрылымдық бөлімдерді жеткілікті көлемде 1 қаңтарға дейін қамтамасыз ету;
Институттың ПОҚ-ы мен құрылымдық бөлім қызметкерлерінің институт мамандықтарына талапкерлер тарту жауапкершілігін арттыру.
Қабылдау комиссиясының
жауапты хатшысы М. Нурпеисов
Достарыңызбен бөлісу: |