Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет12/25
Дата25.12.2016
өлшемі6,98 Mb.
#4446
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі Агенттігі, 2007           

2. Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері». –А.: 2001.

3. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О «Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудін өзекті мәселелері». – А.: 2002

4. Мауленова С.С. Экономикалық теория. –А.: 2004

5. Қазақстан бойынша халықтың экономикалық белсенділігі. статистикалық жинақ.: 1996

6. Шеденов Ө.Қ. Жалпы экономикалық теория негіздері. –А.: 2004

7.Үсенова Г. Жұмыспен қамту және экономикалық өсу. Ақиқат-№2, 2003


8. Қайсар. Жұмыссыздық және жұмыс жайы Қазақстанда қалай шешілуде? Егемен Қазақстан. –А.: 2007

9. Қазақстан Республикасының «Халықты еңбекпен қамту туралы» Заңы. –А.: 2000

10.Райханов Н. «Қазастанның экономикалық реформа жолы өзінше» Ақиқат. 1996

Аннотация. В статье рассмотрены основныепроблемы психологической зависимости детей к социальным сетям.

Annotation. This article describes the main problems psychological dependence children to social networks

ӘОЖ 159.9

Б.73

ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ СУИДЦИДКЕ БАРУДАҒЫ

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
Болтаев А.Д., Рысбай Ж.Қ., Әшірәлі Б.Е., Қали Д.С.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Қазіргі таңда мемлекетіміздің үлкен мәселелерінің біріне айналып отырған жасөспірімдер мен жеткіншектер арасындағы суицид ауруы қоғамды алаңдатуда. Суицид бүгінгі күні қоғам үшін ең көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады. Күннен күнге өз-өздеріне қол жұмсаушылардың саны, көбейе коймаса азаяр емес. Өткен ғасыр дүние жүзінің ғалымдарын толғандырған мәселе ол қазіргі кездегі жеткіншектер арасында жиі кездесетін - суицид. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтерінше 15-24 жас аралығындағы жеткіншектермен жасөспірімдер арасында өзін-өзі өлтіру 2 есе артып кетті. Ол мемлекеттегі экономикалық жағдайларға байланысты. Мәселен, Францияда соңғы 10 жылда суицидттен өлген балалар саны 3 есе артқан. Енді бұл өлімдер жол апатынан қайтыс болған адамдар санымен теңеліп тұр. Өз-өзіне қол жұмсау туралы, Аристототель, Платон, француз социологы Эмиль Дюркгейм, норвегиялық ғалым И. Россов, Г. Минноус кезінде өз ойларын қалдырып кеткен. Суицидтті, медициналық тұрғыдан зерттеген ғалымдардың зерттеулерін атап өтсек, бұл Амбрумова А.Г.

«Суицидалды мінез-құлық кешенді зерттеудің обьектісі ретінде», Антохин Г.А. «Шизофрениямен ауыратын адамдардағы суицидалды мінез-құлық», «Түрлі психикалық ауытқушылықтары бар суициденттерде депрессивті көріністердің ерекшеліктері» Мишиев В.Д. т.б. [1].

Суицид терминіне ғылыми әдебиеттерге бірнеше анықтама берілген. Осы анықтамалар бойынша, суицид бұл-ауру немесе өз-өзін өлтіру деген мағынаны білдіреді. Адамның өз-өзіне қол жұмсауы, оның өмірден өз еркімен кеткісі келетіні, өмір сүруге құлқысы жоқ екендігін білдіреді. Осыдан ойымызға түйетініміз, әрбір тірі жанның сәтсіз аяқталған суицидке баруы, оның жан айқайын, қоғамнан сұрайтын көмегін білдіреді. Жасөспірімдер арасындағы суицидттің зерттеу тақырыбына айналуы, осы мәселені тереңірек зерттеуге, жеткіншектердің бұндай әрекетке бару себептерін анықтауға, суицид әрекетін алдын-алуға мүмкіндік береді. Бүгінде адамдардың өз-өзіне қол жұмсап, өз өмірін қиған оқиғасы туралы жиі естуге болады. Аталарымыздың ғасырлардан бері келе жатқан «құдай өзі берген жанын өз алады» денен ежелгі қағидасына қарсы шығып, адамдардың өз-өзіне қол жұмсап, қоштасуының сыры неде? Медициналық-психологиялық зерттеу қортындыларына қарағанда, оның сыры да, сбептері де көп көрінеді. Ал жалпы адамның өзіне-өзі қол жұмсауда ғылымда «суицид» деп аталады. Суицид –ішкі эмоцаны шығару негізінде, адамның әдейі өз -өзіне қол жұмсауы себебінен соңы өлімге әкеліп соғатын жағдай деп қарастырамыз. Ондай әрекетке бару себептерін анықтауға, суицид әрекетін алдын-алуға мүмкіндік береді.

Рухани азап және психологиялық дағдарыс, ішкі күшті жанжал ретінде түсіндірілді. Бұл тақырып аясында әл күнге дейін сыры сыр сандықтан бұққан жұмбақ жайттар көп. «Өлемін» деп өздерін өлімші етіп санайтындар. «Өлемін» деп ақыры өз жанын жаһаннамға жіберетіндер. «Өлемін» деп жүріп жарық өмірмен қоштасқысы келмейтіндер аз емес. Бірақ, өкінішке орай, біздің елде өз-өзіне қол жұмсайтын оқиғалар көбейіп кетті. Әсіресе, жастар, жасөспірімдер арасында. Негізінен, зерттеулерге сенсек бозбалалар бойжеткендерге қарағанда өз-өзін өлтіруге 5-6 есе бейім болады екен. Соңғы бес жылда біздің мемлекетімізде кәмілетке толмағандар арасында өзін өлімге қиғандар саны 1415–ге жетіп отыр. Өз-өзіне қол жұмсау яғни суицид табиғаттың оянған гүлденген кезінде көктем мезгілінде жиі кездесетіні дәлелденген. «Сәуір –ең қатыгез-ай» - деген американ ақыны Томос Эллитон. Сәуір айындағы суицид көрсеткіш жыл бойы көрсеткіштен-120 пайызға жоғары болатыны көрінеді. Белгілі психолг У. Джеймс «суицидті интелекенттің дамуындағы ауру» деп атанған. Суицидтің ауласында жүргендер олар айтқандай ақыл-есін сайтан арбағандар, психологиялық ахуал барлар, саналы ойлау қабілетін жоғалтқандар, соқыр сезім жетегінде кеткендер ғана емес.

1. Ішкі эмоциялық жағдайдың бұзылуы, үйлесімсіздігі:

- Қоршаған ортаға деген көңілсіздік:

- Кекшіл, жылдам ашуланғыш:

- Қобалжу, негізгісі қорқу:

- Стресс,депрессия, аффект жағдайлары:

- Жеткіншек жағдайындағы дағдарыс:

Өйткені суицидтік әрекеттерге ұшыраудың мынадай факторлары бар:

2. Болашаққа шарасыздықпен қарау, мақсат-армандардың болмауы, өмірге деген құштарлықтың төмендігі:

3. Әлеуметтік қолайсыздық. Яғни әлеуметтік шеттетілу, оқшаулану (аутсайдер)

- Оқшаулану, қоршаған ортамен қарым-қатынастан қашу:

- Келешекке деген жоспардың болмауы:

- Өз күйзелісі жөнінде дәрігер, психолг, педагогтарға шағымдану:

4. Отбасыдағы жағымсыз ахуал, жайсыз психологиялық атмосфера:

- Жұмыссыздық, кедейшілік (материялдық жағдайдың жетіспеуі):

- Жанұядағы берекетсіздік немесе бақытсыздық:

- Отбасы мүшелерінің қарым –қатынасында үйлесімділіктің болмауы :

- Отбасыда елеусіз қалу:

5. Өзіндік «меннің» төмендігі немесе жоғалуы, сыртқы ортаның қысымы және т.б.[2].

Суицид әрекеті - деп саналы түрде өз өміріне қандайда бір жолдармен қиюға бағытталған, бірақ соны өліммен аяқталмаған іс әрекет. Өз өміріне қиюға немесе басқа мақсатқа бағытталған әрекет қайтымды немес қайтымсыз болуы мүмкін [3].

Суицид – бүгінгі таңда адам өміріне, оның құқықтары мен бостаандығы, еркіндігімен байлагысты аса күрделі және кез-келген, ол ғалым, дәрігер, психолог, психиатр болсын болмасын, адамдарды толғандырмай қоймайтын мәселе. Сонау философияның дамуы кезінен бастап, өмір, өмірдің мәні жайлы сұрақтар осы мәселемен теориялық тұрғыда айналысушы көптеген экзисцентциалисттердің мәселесі болып табылады. Жастар, балалар, ересектер – суицидттің өршуі мүмкін болып табылатын жас шамаларындағы оның обьектілері. Өркениет дамыған сайын біздің де қоғам алдыға қарай жылжып, даму үстінде. Дегенмен соңғы жылдары адам шығынын көп әкелетін бұл – өз-өзіне қол жұмсау. Өз-өзіне қол жұмсау – бұл өз қолымен өз өміріңді қию, Алла Тағаланың берген өміріңе балта шабу деп түсініледі.

Суицидология саласында бүгінде осы мәселеге байланысты статистикалық көрсеткіш құру үшін, яғни қазіргі таңда бұл мәселені егжей-тегжейлі қарастыру үшін қала-қалаларда, жан-жақтан халықтан


сұраулар, сауалнама алынады [4]. Көптеген психологиялық зерттеу жұмыстарында бүгінгі күні жеткіншектердің өмірге деген көзқарастарын білуге болады, яғни өз-өзіне қол жұмсау туралы ойлар осыдан шыға бастайды, бірақ ол әлі толықтай қалыптаспай жатыр, бұған себеп жеткіншектік кезеңінің аумалы-төкпелі болуы, жеткіншек бұл кезеңде өсу, даму үстінде ғана болады, біздің көз алдымызда дамып келе жатқан адамның ойлары, көзқарастары, өмірге деген қандай да бір үміттері, қалыптаса бастайды. Сонымен қоса егер жеткіншек алдында психологиялық тосқауылдар кездесіп, өзінің ойлағаны іске асырылмайтын болса онда бұл жеткіншек үшін үлкен қайғыға айналады. Күннен-күнге ауру дерті секілді ұлғайып келе жатқан мәселені шешуге бағыт болып, бұл жеткіншекті қоршайтын әлеуметтік институттардың ат салысып бірігуі, оларға ең алдымен отбасы мектеп, мектептегі және тағы да басқа ұйымдардағы кәсіби психологтар қауымы. Жалпы, жеткіншектер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау мәселесі ұзақ зерттеуді талап ететін барша қоғамға ортақ мәселе.

Суицидке бейім балалардың алдын алуы, мектептерде мұғалімдер, сынып жетекшісі, директор, қоғамдық ортадағы достары және де жақын дос жарандары мен мектеп психологі ата анамен тығыз байланыста болуы тиіс. Ата аналадың балалармен қарым - қатынасын мектеп психологі білуі тиіс, себебі бала өзін жайсыз сезініп жатса, ол жағдай ата ананың ықпалымен де болуы мүмкін. Егер де баланың бойынан өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы төмендесе ондай балалармен психологпен ата ана жұмыс жасауы тиіс. Өз өмірін өз қолымен қиюға бет бұрған жастар келешек өмірдің қаншалықты маңызды екенін алдын ала білуі тиісті.


Пайдаланған әдебиеттер:

1.Әсел Әбіш Ерте замандағы суицид. Қызықты психология журналы №5, 2010

2.Бойко И.Б Введение в суицидологио М.: 2008

3.Целуйко В.М. Психология неблогаполучной семьи М.: 2006

4.Акажанова А.Т. Актуальные проблемы суицидологии. Психология в Казахстанской школе. №8 , 2002

5.Райс Ф. Психология подросткового и юношеского возраста №16, 2000


Аннотация. В статье рассмотрены основные причины, виды суицидального поведения и даны пути их решения.

Annotation. This article describes the main causes, types of suicidl behavior and given solution

ӘОЖ 159.9

Б 73
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Болтаев А.Д., Темірбекова А.Б., Қойбай Б.А., Асқарбекқызы Н.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Қазақстан Республикасының Конститутциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген [1, 35б]. «Қазақстан-2050» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.

Қарым-қатынастың адамзат өмірінде аса маңызды роль атқарады. Қарым-қатынас нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамитындығы әр жеке тұлғаның қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болады. Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдар арасында сенімді кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі іске асады (А.В. Мудрик, А.В. Запорожец, Қ. Жарықбаев, Ж.Ы.Намазбаева, С.М. Жақыпов, М. Мұқанов ) Отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын қызметтерін нақтылау, отбасындағы қарым-қатынас мәселерін талдау көптеген зерттеулерде орын алған. Отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі де жетік түрде толық жасалмаған. Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету түрлерін датқызған. Ата-ананың отбасылық ықпалы туралы өз еңбектерінде А.Ю.Гавит, Э.А.Тийт қарастырды, сонымен қоса некедегі сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған Д.Горборино отбасын «адамзаттың тәжірибенің негізгі бірлігі» ретінде сипаттады. А.Н.Антоновтың айтуынша, отбасы ата-ана бала қатынасын орнатады, ал неке болса ер азамат пен әйел адамның арасындағы қарым-қатынасты растайтын мойындау болып табылады. Ол отбасылық кеңістік аймағы үй, пәтер көңіл аударады, және де отбасының меншігі иен экономикалық негізі ата-аналар мен балалардың жалпы отбасылық іс-әрекетін болжайды. Отбасылық қатынастар бойынша құрылған отбасы анықтамаларының ішінде А.Г.Харчевтің ұсынған анықтамасы бойынша — «отбасы — бұл жұбайлар арасындағы ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, оның мүшелері бір-бірімен некелік және туыстық қатынаспен байланысады, ортақ тұрмыс пен өзара адамгершіліктің жауапкершілікпен, қоғамның қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен сипатталады [2].

Жасөспірім жасындағыларды тиісті әдебиеттерде «Қиын», «өзгерілу», «ауысу жастары» деп атайды. Соңғы жағдайда «ауысу жасында» жеткіншек балалық кезеңдерден ересек жасына ауысады. Жасөспірім өзге жастарға қарағанда педагогтар пен тиісті әдебиеттерге көп әңгіме болып, жиі көтеріледі. Себебі бұл кезеңде оның психикалық даму ерекшелігі жас баламен ересектерге қарағанда әлде қайда өзгеше болады. Бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік жасөспірім барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың қамқорлығымен ақыл кеңесінен құтылғысы келеді. Жасөспірімнің ересектен айырмашылығы тек үлкен адамдармен қатынасының өзгеше келетініндей емес, сонымен қатар биологиялық дамуы (жыныс т.б жетілуі) жағынан кеңінен өріс алатынында. Ал жалпы алғанда жасөспірім тың өзгеше сипатта келеді. Мысалы, жеткіншек төменгі кластардаоқып жүргенде үйге берілген тапсырманы тек жаттап алатын болса, жеткіншек жасында үй тапсырмасын өз сөзімен түсінікті етіп айтуға талпынады. Кейбір жасөспірім жастағылар осы кезеңде бұрынғы қалыпынан үлкен адамдармен қарым-қатынаста болғанда мейірімді, сыпайы келсе енді өрескел түрде, яғни тәртіп бұзуға икем келеді. Осы мәселені анықтаудан зерттеушілер арасында талас бар. Дегенмен психиканың бұл ерекшелігі жасөспірімде әлеумет өмірінің өзінің ерекшелігінен болар. Жасөспірім бәрін өзім істей алам, «Сендер мені әлі бала деп ойлайсыңдар» деп наразылық білдірседе оның қолынан әлі де көп нәрселер келе бермейді. Ересектерге ұқсап іске ұмтылғанымен, сол істі орындаудағы мүмкіншілігі кіші мектеп жасындағылардай басқаша айтқанда, бір жеткіншек істі игеру жағынан бала да, ал талап қою жағынан ересек [3].

Баланың өзін-өзі тану дұрыс қарым-қатынасын дамыту, баланың өзіндік «менің» анықтауға көмектесу, балаларды дұрыс қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, балаларды жан-жақтылыққа, кісілік парасаттылыққа, салауаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында «өзін-өзі тану» пәнінің рөлі зор. «Өзін-өзі тану» пәнінің бағдарламасының міндеті бойынша баланың бойына «Әлем және адамзат» туралы дұрыс түсінік қалыптастыру. Жасөспірімдердің адамгершілік мінез-құлықтарына мүмкіндіктерімен таныстыру. Жеткіншектердің танымдық белсенділіктерін арттыру. Жас ұрпақтың рухани адамгершілік категорияларына көңіл аудару. Жеке тұлғаның «менің» (өзімшілдігін емес ояту). Осы міндеттерді бала бойына дарыту мақсатында оқытудың әдіс-тәсілдері қолданысқа енгізіледі:

1. Интерактивтік әдіс

2. Топтық жұмыс

3. Ой – қозғау әдісі

4. Жобалау әдісі

5. Рөлдік ойындар

6. Шешім қабылдау әдісі

7. Қосымша жұмысты орындау

Осы әдістерді пайдалана отырып, оқушы өз пікірін айта алатындай, өзін толғандыратын сұрақтың шешімін табуға ұмтылатындай дәрежеге көтеріледі. Жасөспірімдер іс-әрекеттері мен оқиғаларға, жағдаяттарға кейіпкерлердің мінез-құлқы мен қарым-қатынастарына баға беруге үйренеді [4].

Жасөспірім шақта және жасөспірім кезеңінде де ересек жастағы сияқты адам өзінің ішкі әлемін дамыған рефлексивті қабілеттері арқылы ашады. Бұл сезім мен ой – тылсымдарын тануға бағытталған. Жасөспірім кезеңі 15-16, 21-25 жас аралыққа дейінгі жас мөлшерін қамтиды. Бұл кезең адамның сенімсіздік пен жүйесіздік кезеңінен шынайы ер жету шағы. Жасөспірім кезеңінде адамдарда өмір құндылықтарын таңдау мәселесі пайда болады.Жасөспірім өзіне деген ішкі қарым – қатынасын қалыптастыруға (мен қандай болғым келеді?) басқа адамдарға деген қарым – қатынысқа, және де моральдық құндылықтарға талпынады. Нақ осы жасөспірім кезеңінде адам өзінің жақсылық пен жамандық категориялары арасында саналы түрде өз орнын табады. «Намыс», «адамгершілік», «құқық», «міндет» сияқты тұлғаның сипатын басқа да ұғымдар толғандырады. Жасөспірім кезеңінде адам жақсылық пен зұлымдылықтың диапа-зонының шектелген шекарасына дейін таниды. Сондай – ақ, ол өзінің ақылы мен жанының кереметтей шарықтаудың мейір-бандылықтан зұлымдыққа, адамгер-шіліктен жауыздыққа дейінгі диапазон аралығын басынан өткереді. Арбаулар мен шарықтауда, күресте және бастан өткеруде, жығылуда және қайта тұруда жасөспірім сезіп білуге ұмтылады. Ішкі позицияны таңдау өте күрделі рухани жұмыс.Жалпы адам құндылықтарының икемділігімен, құнды бағыт — бағдарының құрылымымен талдамасын тануға ұмтылған адамға, өзінің іс — әрекетін балалық және ересек жаста анықтай-тын, тарихи бекітілген нормативтермен құндылықтарды саналы түрде бұзуға, қабылдауға тура келеді. Ол өзінің бейімделген және бейімделмеген өмір позициясының жағдайы, сонымен қатар оның ойынша, бұл таңдаған позиция, ол үшін ең неізгі, ең қажетті, ең таңдаулы болуы тиіс.Жасөспірім қоршаған әлемдегі өз орнын табуға қандай күш салып бағытталса да, барлық өмір мәнділігін тануға интеллектуалды дайын болса да, ол көп нәрсені білмейді, өйткені ол өзін қоршаған адамдарды және рухани өмір тәжірибесін білмейді.Әсіресе жасөспірім шақта табиғи берілген басқа жынысқа деген талпыныс қозады.



Жасөспірімдік кезең адам өзінің рефлексивті жаттығуларын бағалайтын кезең. Ал бұл рефлексивті жаттығулар ішінен ол өзі, досы, барлық адамзат кіреді. Жасөспірім өзінің тұрақты рефлексиясы арқылы өзінің негізін, мәнін ашады. Ол нәзік жанды, тез уайымдауға, сәтсіздікке берілгіш болады. Қандай болмасын ерекше бөгде көзқарас, әсерлі сөз, ерекше әсерлі болып оны жолынан тайдыруы мүмкін. Л.Ф. Обухова психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншыл-дықтың көрінуі – бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының күштілігі табылады. Яғни, өзін — өзі тануға, бағалауға, өз мүмкіншіліктері мен қабілеттіліктерін білуге талпынысы жатады.«Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің қабілеттерім қандай?», «Менің өмірлік идеалым қандай?», «Мен кім болғым келеді?» — міне осы сияқты сұрақтар жасөспірім жастағыларға өте қатты әсер етеді [5].

Филип Роистың «Психология подроскового и юношеского возраста» -оқулығында: жасөспірімдердің өзінің уайым қайғылары ойлары, сезімдері мен қызығушылықтары, арман тілектері мен талпыныстары нақты зерттеу мен зейін салу мәніне айналады дейді. Бұл кезеңде оқушы өзінің ішкі әлемін енді ашады, субъективті уайымдарына «Өзіндік меніне» қызығушылық таныта бастайды. Өз тұлғасына қызығушылығына төмен жеткіншектерге қарағанда, жасөспірім-дердің өзін — өзі тануы, өзіндік сана – сезімі белсенді және өз тұлғасын өз өзіне бағындыруы туа бастайды. Психолог В.А. Крутецкийдің бекітуі бойынша жасөспірімдердің жетілуі жеткіншектерге қарағанда жоғары деңгейде. Жеткіншектердің айқын сезімін сырттан қарағанда ересек адамдарға келеді. Оларға қарағанда жасөспірімдердің ортаны бөлек олардың басқаға ұқсамауы және құр-былыстарымен ересек адамдардың ара-сында ерекше болуы, әр түрлі бағытта өз — өзін көрсетуі және өзінің өзіндігін бекітуі тән.Жасөспірім кезеңі жалпы тұлға болып дамуындағы маңызды фаза. Жасөспірімнің жеке басы дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі. Ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақы-рында өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалау бағытталады «Жасөспірім» — сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді. Жасөспірім шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана – сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анық-талады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы қатынас бұзылады. Жасөспірімнің жеке басындағы басты және діни тән жаңа құрылымын оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы орын алады. Ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады Осы жастағы өзгешелік психолог А.Г. Ковалев биологиялық әсері туралы сұрақты ашып тастамай, соның ішінде психикалық сферадағы жыныстық жетілу жасөспірімнің эмоциялық қалпына бетте-суін біз тұтас деп айтсақ, онда оның психикалық кескінін биологиялық фактор-мен анықтаймыз В.Г. Асеева бойынша мектеп жасындағы жетілу немесе басқа сөзбен айтқанда ерте жетілу — адамның туғаннан бастап физиологиялық, психологиялық және азаматтық ересектік жетілу кезеңі. Мектеп оқушыларының өміріндегі ересектену (14 –15 жастан бастап 17–18 жас аралығында) өте құнды кезең. Осы жаста жасөспірімдердің мектептен оқу процесі аяқталады. Физиологиялық жетілуі баяулап, жыныстық оқдасы ерте жетіледі. Осының арқасында физиологиялық қызметі реттеледі және қан айналымы жақсарады т.с.с. Жасөспірімдердің даму кезеңінде қан тамырларының қан айналу жүйесі күшейіп, сол кезде жүрек ауруы, бас айналуы, қан қысымының көтерілуі жойылады.Жасөспірімдердің ерте жетілу кезеңдерінде орталық жүйке жүйесі ересек адамдікімен теңеледі. Мидың салмағы мен көлемі және фукционалды белсенділігі ересек адамдардың ойлауынан қарағанда айырмашылығы болмайды.Сонымен қатар функционалды жетілу жалғасып, осы кезеңде мидың жетілуі ерекше морфологиялық және функционалдық дамуымен анықталады.Жасөспірім – барлық қатынас жағынан ересек адам деп қарастырады М.Ю. Красовицкий. Бірақ оларды толы-ғымен жетілген адам деп айта алмаймыз, сондай ақ нақты осы жасөспірім шақта тұлғаның әлеуметтік бейімделуі белсенді жүреді. Мектеп пен ата – аналардың жасөспірімдерді, жұмысқа, оқу – танымдық және қоғамдық – саяси іс — әрекеттерге, жанұя жағдайына, азаматтық борышты өтеуге тәрбиелеуде үлкен маңызды мәні жатыр. Рувинский Л.И., Хохлова С.И. еңбектерінде жасөспірім шақ — бұл қоғамдық жүйедегі көз – қарасқа байланысты дүниетанымның бірінші элементі байқала бастайды, бірақ та әлемге деген көз – қарасын толығымен пайымдай алмайды. Тек жасөспірімдерде фило-софиялық ойлау әрекетінің қанағаттануы мүмкін болса, пайда болады. Бұған арқау болатын түрткі — оқудағы білім, тәртіп пен информация, әдеби оқулықтар және сыртқы ортадан алатын көріністер мен үлкендермен қарым – қатынас..Ш. Бюллер жасөспірімдік кезеңді фаза бойынша бөліп қарастырады. Негативті фаза пубертодты кезеңде басталады. Негативті кезеңге жеткіншектердің дамуын қоюға болады. Ал, позитивті фазада өмірге деген қызығушылықтың пайда болуы, адамға деген ыстық сезім, табиғатты түйсіну т.с.с болады. Бұл фазаны жасөспірімдерге қатысты деуге болады.М.И. Шардаков бойынша жасөс-пірімдік кезең адамның тұрмыстық құндылықтары ретіндегі заттық дүниеге психологиялық тұрғыда тәуелді болып қалады. Жасөспірім осы өмірге ой жүгірте бастайды. Соның арқасында ол жасөспірімдік ортаға кіреді. Әр затпен дүниеге таңдау жасау арқылы жасөспірім тұтынушыға айналады. Өз иелігіне заттарды жинай отырып әр – түрлі құндылықтарды жинайды. Олар ақыл – ой, адамгершілік әлеуметтік жағынан есейеді.Жасөспірімдердің әлеуметтік есейуін дамыту болашақ өмірге даярлау үшін қоғамдық тұрғыдан қажет. Мұның өзі күрделі процесс, уақытты талап етеді және жасөспірім ересектерге арналған нормалар мен талаптар жүйесінде өмір сүре бастаса мүмкін болады. Ал бұл дербестік қажетті әр міндетті түрде міндеттер мен құқықтарды ұлғайтумен байланысты. Тек осындай жағдайда ғана жасөспірімдер ересектерге іс — әрекет етуге, ойлауға алуан түрлі міндетті орындауға, адаммен қарым-қатынас жаса-уға үйрене алады.А.В. Мудрик жасөспірім кезеңінің ең басты жағдайын ашып көрсетеді. Ол екіжақтылық пен қарама – қайшылық деген.

Педагогикада жасөспірімді өскен адам, бірақ ересек адам емес ақпаратталған бірақ әлі жетік білмейді деп пайымдайды Ст. Холл ең алғаш бірнеше негізгі қарама – қайшылықтарды бөліп көрсете отырып, жасөспірім мінезіндегі амби-валенттілік пен пародаксальдылықты сипаттаған. Жасөспірімдерде шектен тыс белсенділік — аяқ шалысқа шектен тыс көңілділік — уайым, өзіне сенімділік — ұялшақтық пен қорқыныш жоғары деңгейдегі адамгершілік талпыныстарының күрт төмендеуі ашық қарым – қатынастық, өте нәзік сезімталдық апатияға, өткір құштарлық – бірбеткейлікке оқуға деген ынта белгісіздікке, бақылау мен әуестілік сияқты талқылаулар болады. Ол бұл кезеңді «Боран мен тегеурін» кезең деп атайды. Ст. Холл жасөспірім кезеңнің мазмұнын «өзіндік сана – сезім» кризисі деп сипаттайды. Тек осыны басынан өткеріп ғана жеке даралы сезіміне ие болады. Келесі жасөспірім шақты зерттеуші неміс философы мен психологы Э. Шпрангер болды. Ол 1924 жылы жасөспірім кезең психологиясы деген еңбекті басылымға берді. Ол еңбегі бүгінге дейін қолданылып келеді. Э. Шпрангер жасөспірім кезеңін толық қарастыра отырып, жас кезеңді қыз балаларды 13 –19 жас, ұл балаларды 14 – 21 жас деп қарастырды. Ол тәуелділік — еркіндік мазмұны болып табылатын «кризиспен» сипатталады. Э. Шпрангер жасөспірім кезеңнің мәдени – психологиялық концепциясын жасады. Э. Шпрангер бойынша жасөс-пірімдік кезең мәдениет деңгейіне өсу жасы. Ол психикалық даму жеке даралық психиканың осы дәуірде обьективті және нормативті рухқа өсуі деп жазады. Ст. Холл, Э. Шпрангер айтқан тұжырымдарын талқылай келе, жасөс-пірімдердің даму деңгейінің үш типін бөліп көрсетеді:

1) Өткір ашулы кризистік уақытпен сипатталады. Ол қайта дүниеге келген адамдай уайым – қайғыға түседі, түп тамырында оның жаңа өзіндік «мені» пайда болады.

2) Өте баяу, ақырын, жайбасар тұлға. Жасөспірім ересектік өмірге өзінің жеке тұлғасында ешқандай өзгеріс енгізбей аяң басумен сипатталады.

3) Жасөспірім белсенді және саналы түрде өзін тәрбиелейді, өзін — өзі қалыптастырады. Өзінің ерік – жігерінің күшімен ішкі кризистерімен мазасыздығын жеңеді, бұл өзіндік бақылау мен өзіндік мінез-құлқы жоғары деңгейдегі адамға тән. Бұл жастағы ең басты жаңа құрылым — Э. Шпрангер бойынша, «өзіндік менінің» ашылуы рефлексияның пайда болуы; өзінің жеке даралығы саналы түрде түсінуі, тұлғаның өзіндік анықталу.

Қорыта келе психологияның ең негізгі міндеті «тұлғаның ішкі әлемін тану» деген қағиданы ескерсек, оның мәдениетпен және тарихпен тығыз байланысты екенін айтып кеткен жөн. Әлеуметтік дамыған тұлғаны тек қоғамда қабылданған нормаларды ұстанумен ғана емес, сонымен қоса белгілі бір топтарға, ұжымдық және қоғамдық құндылықтарға бағытталғанымен ерекшеленеді. К. Юнг бойынша осы жас дағдарыс кезеңі. Шынайы өмірдің талаптарына жасөспірім бейімінің сай келмеуі орын алады.1920-шы жылы психолог Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша жасөспірім кезеңіне қатысты психологияда біршама жалпы теория қарастырылған. Бұл теориялар қазіргі заманда мәнді болып келеді. Кең түрде жасөспірім кезеңін 3 негізгі тұрғыда қарастыруға болады.1) Биогенетикалық биологиялық процес негізінде және дамудың басқа да процестері қарастырды.2) Социогенетикалық тұрғы тұл-ғаның өмір барысында алдына қойған мақсаты мен әлеуметтік процестеріне басты зейін аударуын бекітеді.3) Психологенетикалық — өзіндік даму негізіндегі психика процестерінің қызметтерін негіз етіп қою.Биологиялық теорияның өнімі американ психологы Ст. Холл ол даму психологиясының басты заңы (рекапитуляция заңы) деп қарастырды. Мұнда индивидуалды даму, финогендік басты сатысының қайталануы болып табылады.Биогенетикалық концепциясының неміс өкілдері “Конституционная психология” Э. Кречмер әртүрлі биологиялық фактор негізінде, тұлға типологиясының басты проблемасын жасады. Адамның физиологиясы мен дамуының арасында ерекше байланыс бар деді. Кречмер барлық адамдардың екі түрі болатындығын көрсетті.Бірінші бағытқа циклоидты: көңіл күйі ауыспалы, тез қозғалғыш, мазасыз т.с.с., ал 2 түріне шизоидты тұйық қатынасқа түспейтін эмоционалды тырыспа адамдар.

Н. Кречмер мен Конорадта осыған байланысты жеткіншектерді циклоидқа, ал жасөспірімдерді шизоидқа жатқызады.Жасөспірім шизоидты тұлға ретінде күрделі алдында ұзақ мерзімді жүреді.В. Целлерді “Конституция и развития” — деген еңбегінде бала дене бітімінің құрылысының дамуындағы өзгерістер самотикалық өзін сезінуі психологияның және самотинзалық өзара байланысуы айтылады. Биогенетика өкілдері психиканы және физиологияны дамуын өзара тәуелділігі бағыты қатты қызықтырады.А. Гезел концепциясында “өсу мен даму” синоним, мінез-құлық, жүріс-тұрысы қабілеті интеграциясы мен дифферен-циациясы мағынасын білдіреді. Гезел қандай болмасын индивидті мәдениетке оқыту мен үйрету, оның жетілуінде ешбір орын ауыстыра алмайды деп санайды.Жасөспірім баланың ересектікке өтуі. Гезел байынша 11 мен 21 жас аралығын ең маңызды жас мөлшері. 15 жас Гезелдің жазуынша рухани ішкі жан дүниесінің өсуі, тәуелсіздік, өз-өзін ұстамдылығы, өз — өзін тәрбиелеу мен өте сезімтал болады. 16 жаста қайтадан салмақтылық пайда бола бастайды, ішкі жауапкершілігі ұлғайып, эмоция байсалды, қарым-қатынасқа тез түсуі, болашаққа бағыт бағдар жасайды. Биогенетикалық тұрғыға қарама-қайшы социогенетика. Ол жасөспірімнің құрылымын өздерін қоршаған адамдар мен қарым-қатынас жасау арқылы анықталады. Социогенетикалық тұрғыда неміс психологы Левин теориясын айта кеткен жөн. Адамның мінез-құлық, жүріс-тұрыс қызметінің бір жағы тұлға екінші жағынан оны қоршаған орта, бірақта да тұлға қасиеті мен қоршаған орта өте тығыз байланысты.Левин бойынша өтпелі кезеңдегі ең маңызды процесс тұлғаның өмірлік әлемінің кеңейуі, қарым-қатынас жасайтын ортасы, өз үйренген топ және адамдарға қатысты.
Пайдаланған әдебиеттер:

1. «Бастауыш мектеп» — №2,2006ж. Баланы тәрбиелеудің басты қағидалары 30-31 беттер

2.Возрастная и педагогическая психология // Под. ред. А.В. Петровского. — М., 1986.

3. Грейс Крайг. Психология развития. — СПб., 2000ж

4. Жас ерекшелік психологиясы, М.М. Муханов, Алматы 1981ж , 93-95 беттер

5. Кулагина И.Ю. Возрастная психология. М., 1999.ж

6. «Өзін-өзі тану» жалпы білім беретін мектептің 10 сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал, «Бөбек», Алматы, 2010ж, 6-15 беттер
Аннотация. В статье рассматривается проблема поведения юношей и психологического развития школьников данного возраста.

Annotation. The problem of the behavior of boys and psychological development of the pupils of this age.

ӘОЖ 159.9

Б 73
ҚАРТТЫҚ ШАҚТАҒЫ ТҰЛҒАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘНІ
Болтаев А.Т., Сұлтанбекова Ж.Қ., Башен Д.Қ., Таубалдиева М.Ж.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдаған жолдауындағы 3.6 бөлімінде былай деп айтқан болатын: «Биылғы жылдан бастап біз әлеуметтік қамсыздандырудың идеологиясы барынша қарапайым үш деңгейлік жүйесін қалыптасырудағы бағытталған әлеуметтік реформаларды тереңдетудің үш жылдық бағдарламасын іске асыруды қолға аламыз. Біріншіден, бұл мемлекет кепілдік беретін негізгі әлеуметтік төлемдер. Екіншіден, бұл міндетті әлеуметтік сақтандыру ақыр аяғында бұл кейіннен әлеуметтік төлемдерге айналатын азаматтардың ерікті жинақтаулары. Міне, осындай үш бастау азаматтарымыздың қарттық кезеңін лайығымен қамсыздандыруға тиісті жағдай туғызады».

Дүние жүзіндегі қарт адамдардың абсолюттік саны күннен күнге өсіп бара жатқандықтан, олар туралы мәселелер де өте тереңдеп бара жатыр. Осы мәселені зерттейтін ғылым «геронтология» деп аталады, яғни ол термин «герон» — қарт, «логос» — ғылым деген екі сөздің тоғысуынан шыққан. Поль де Кюридің айтуы бойынша, бұл терминді алғаш рет Илья Мечников ойлап тапқан. Геронтология қартаю процесін ғана зерттемейді, ол сонымен қатар қартаю кезеңіндегі адам денсаулығын және өмір ұзақтылығына да мән береді.

Қартаю барлық табиғи ағзалар әлеміне тән, тек адам үшін ол экономикалық, әлеуметтік және психологиялық процестермен сабақтасады.

Геронтологияның қазіргі кезде жеке дамыған бөлімі — әлеуметтік геронтология. Ол өмір ұзақтығын және өмірдің салтын зерттейді.

Геронтология ғылымының мағынасын түсіну үші, оның дамуының сатыларын қысқаша болса да білу қажет.Геронтология ерте заманда пайда болған ғылым деп айтады, яғни ол ерте замандағы медицина ғылымының атасы Гиппократ және Ибн-Сина, философтар Цицерон және Сенеки аттарымен байланысты деген. Ал кейбіреулерінің пайымдауы бойынша геронтология өз бастауын кейінгі жүзжылдықтың екінші жартысында, қарт адамдардың саны едәуір өскен шағында пайда болды дейді. Осы уақытта ең алғаш геронтологияның ғылыми-зерттеулік институттары құрылған. Осы айтылған екі пікір де дұрыс деп айтылады, яғни геронтология – жас ғылымдардың ішіндегі ең көнесі және көне ғылымдардың ішіндегі ең жас ғылым болып саналады.

Қоғам мәдени дамыған сайын, адам өмір тарихында өмірді ұзарту және өлімді ысырып тастауға әр уақытта әр түрлі амал-тәсілдер іздеген, бірақ оның нақты эксперименталдық жұмыстары мен практикалық қорытындысы XX ғ. ғана қолданыла бастады.Геронтологияны мәдениеттің құрдасы деп те айтуға болады. Ерте ғасырлардан бері ғалымдар қартаю кезінде жастықты артқа қайтару үшін көптеген амалдар іздеген. Әр ғасырда қартаю ғылымы жаңа білімдер жинай бастады, әрине ол әр түрлі бағыттағы мамандармен байланысты, яғни олар: дәрігер – физиологтар, филологтар және биологтар, психологтар және социологтар, демографтар және этнографтар, тарихшылар және құқықтанушылар.

Қарттық кезеңге тән негізгі белгі-қартаю процесі. Қартаю процесі ағзада нақты жас кезеңдік өзгерістермен сипатталатын генетикалық бағдарланған процес. Қарт адамдардың әлеуметтік ортадағы рөлдерінің өзгеруіне байланысты олардың қарым-қатынас аумағы күрделі өзгерістерге ұшырайды. Қазіргі таңда психология ғылымында қартаю-ерекше бейімделу процестерін сақтай отырып,ағзаның өзіндік қайта құрылуы ретінде қарастырылады. Бұл кезеңді қарастырған ғалымдар: Э.Эриксон, Д.Б. Бромлей, А.А. Богомолец, Ф.Гизе, И.С.Кон, К.Рошак, П.Балтес, Р.Пек. Қартаюға қатынас стратегиясы бірнеше зерттеулердің нәтижелеріне негізделген:

Н.С. Кон бойынша, қартаюдың 1-ші тип- қоғамдық өмірге,жастар тәрбиесіне араласу, белсенді шығармашылық өмір, кемістік сезімінің болмауы.

2-ші тип: Энергияны өзіне бағыттау өзіндік білім, демалыс: нақты әлеуметтік психологиялық бейімделгіштік;

3-ші тип: (негізінен әйелдер) күш жұмсау сферасы жанұя,зерігіп көнілсізденуге уақыттың болмауы; алғашқы,типтермен салыстырғанда өмірге қанағаттанушылықтың төмен болуы;

4-ші тип: өз-денсаулығына көңіл бөлу,осыған байланысты түрлі белсенділік формалары;

5-ші тип: «агрессивті ұрсқақа қарт» айналадығы өмірге қанағаттанбаушылық жағдайы, өзінен басқаны сынау, шексіз талап;

6-ші тип: «жалғыз және жолы болмаушы » өзіне және өз өмірінен түңілу. Жалған және шынайы жіберілген мүмкіндіктерді өзін кінәлау.

Қарттық кезең психология саласында зерттеу адамның бүкіл тіршілік ету барысындағы биологиялық және психологиялық даму факторларының арасында өзара байлансы орнатуға негізделген обьективті-ғылыми мәнге ие.

Қарыттық шақтағы әлеуметтік тұрғыдан да, хронологиялық тұрғыдан да адамның зейнеткерлікке шығуымен сәйкес келеді. Адам белсенді еңбек іс-әрекетін тоқтатады, «істерден алыстайды». Зейнеткерлікке кету қарыттық шақтағы кезеңіндегі даму жағдайының орталақ мезетін құрайды. Психологияда отставкамен естен тандыру туралы айтылады. Отставка (немесе зейнеткерлікке шығу) адамның оған референтті топтан, ұзақ жылдар бойы өзін бағыштаған істен алыстауын білдіреді. Адам қоғамдағы маңызды әлеуметтік рөлінен және маңызды орнынан айырылады.

Қоғамдық және әлеуметтік ьаңызды орнын жоғалту әлеуметтік-психологиялық ынталандыру көздерін жоғалтумен, қалыптасқан кәсіби және тұлғааралық қатынастардың үзілуімен түйіндеседі. Адамның қарым-қатынас шеңбері тарылады,бұл өз кезегінде оның тұлғасындағы өзгерістерге алып келеді.

Зейнеткерлікке шығу көптеген адамдар үшін материалдық жағдайларының едәуір нашарлауымен қатарлас жүреді.Бұл оларды бұрын өздеріне ешқашан шек қоймаған нәрселерінде өздерін шектеулерін мәжбүрлейді. Материалдық шектелгендік немесе өз балаларына тәуелділік бірқатар жағымсыз психологиялық жан құбылыстпрын тудырады.

Белсенді кәсіби іс әрекетін тоқтату психологиялық үдерістердің ( ойлау,ес, зейін, және т.б) толыққанды жүктеме алмауына, олардың жұмыс істеу деңгейінің төмендеуіне алып келеді. Кәсіби білімдерін өзгелерге жеткізу жағдайы болмағанда, кәсіби хабардарлық та төмендейді.

Қазақстан Республикасында болжау жоспары бойынша келесідей құрылымдық-деңгейлік заңдылықтар мен ерекшеліктер тұрақтандырылды: тұрақтылық қарқыны 2015 жылға қарай егде жастағы адамдардың үлес салмағы 13,3%-ға дейін өседі, сонымен қатар 60 жастан жоғары барлық жас санатындағы әйелдердің үлес салмағы ерлердің үлес салмағынан асып түседі. 60 -тан жоғары жастағы халық өлімінің жас-жыныстық көрсеткіштері барлық жас санатындағы ерлер өлімінің жоғарғы деңгейін (t > 2) сипаттайды. Осы құбылыстардың себеп-салдарлық өзара қатынасы келесідей негізгі аурулар класстарын тұрақтандырды: жүрек-қантамыр аурулары (64,5%); жаңа өсінділер(14,5%); тыныс алу мүшелері аурулары (10,6 %); жарақаттанулар мен уланулар (4,8%); ас қорыту мүшелерінің аурулары (3,4%). Үлкен жастағы адамдардың жалпы аурушылдық деңгейі қалалық егде жастағы тұрғындардың аурушылдық деңгейінен 4,7 есеге жоғары. Амбулаторлық-емханалық ұйымдарға жүгінуі бойынша аурушылдық 1307,5‰ құрады.

Әлеуметтік зерттеулер, үлкен жастағы адамдардың денсаулық жағдайының 82,0% қанағаттанарлықсызға сәйкес келетіндігін айқындады және құрылымы мен факторлар рангісі бойынша, егде жастағы адамдардың денсаулық жағдайына әсер ететін басты келесі факторлар анықталынды: экономикалық (32%); психологиялық (18%); экологиялық (14%), өмір салты (14%); денсаулық сақтау жүйесінің жағдайы (10%); отбасы ішілік (7%); биологиялық (6%). Экономикалық факторлардың ішінде аса жоғары корреляциялық мәнді (r=0,75) клиникалық-диагностикалық зерттеулер мен дәрі-дәрмектер (зерттеудің 40%) төлемінің төменгі қабілеттілігі алады. 3,0) келеді. Қорыта келе, ұзақ жасап, ұрпағының қызығын көру – кімнің де болса арманы. Бағзы заманнан қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа ұштасқан өмірлік мақсаты ел бірлігіне, жер тұтастығына бас-көздік, халықтың бірлігі мен ынтымақтастығын берік дәне­керлеу, ұлттық бай рухани қазынаны шашау шығармай сақтау және молайта түсу еді. Олар қай кезде де осы міндетті жүзеге асыруда көсемдік танытты, бекзаттық пен мәрттіктің рухы бола білді. Егер қоршаған ортасы адамға түрткі болуы мен ынталандыруын жалғастыратын болса, және әсіресе егер болашақ әлі де оныің алдында белгілі мүмкіндіктер ашатын болса, кемел шақтан егде жасқа өту кезінде мінез-құлық тұрақталағының жоғары дәрежесін күтуге болады.


Пайдаланған әдебиеттер:

1.Назарбаев Н.Ә.ҚР Президентінің « Қазақстан- 2050» стратегиясы бойынша, Қазақстан халқына жолдауы. 2012.- 14 Желтоқсан.

2.Крайг Г. Психология развития. СПб.: Питер,2003. Кречмер Э. Строение тела и характер. М.: НО Научный фонд “Первая Исследовательская лабаратория им. Акад. В.А.Мельникова”, 2000

3. Лидерс А.Г. Возрастно-психологические особенности консультировария пожилых людей // Психология зрелости и старения.1999 С.13-22

4.Лютов Е.К., Монина Г.Б. Тренинг эффективного взаимодействия с детьми. Комплексная программа. СПб.: Речь, 2001.

5.Малкина-Пых И.Г.Ритмо-двигательная психокаррекция:работа с женщинами в период климакса (часть 1)//Современные технологии.Медицинская техника,фармация, диагностика. 2002


Аннотация. В статье рассмотрены возрастные и психологические особенности старческого возраста.

Annotation. This article describes the psychological characteristics of age and elderly.

ӘОЖ 371.13:37.018.
ҚР-НЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОҚУШЫ ТӘРБИЕСІНІҢ

ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ МАЗМҰНЫ
Ботамқұлова А.Б.

Жамбыл гуманитарлық -техникалық университеті, Тараз қ.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дaмыту мәселелерінің негізгі мақсаты – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес келетін білімді, кәсіби біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелейтін білім негізін қалыптастыру. Білім берудің адамға, жеке тұлғаға қарай бағытталуы, білім мазмұнының демократиялылығы, заман талабына сай білім беру мен ұлттық тәрбие үрдісінің гуманистік сипаты – 12 жылдық білім берудің әдіснамалық негізі ретінде қызмет ете алады.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қ Р-ның болашағы- қоғамның идеялық бірлігінде» еңбегінде «Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғарғы құндылығы- адам,бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр» деп, көрсетілген. Ендеше, оқушының өз өмір жолын таңдай білу қабілетін дамытуда- оқушылардың өмірлік ұстанымын, адам өміріндегі ең жоғарғы құндылық екенін санаға сіңіруде құндылық-тәрбиенің маңызы зор.

Білім беруде үйренушінің дербес мүмкіндіктері, жас және жеке ерекшеліктері ескерілуі қажет. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасынан басталып арнайы орта оқу орындарында жалғаса түседі. Сондықтан да, 12 жылдық білім беретін мектептегі үрдіс жеке тұлғаға бағдарланған оқыту ұстанымына негізделіп, оқушының жеке ерекшеліктеріне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қажет етеді.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындап отырған мәселе. Қоғамның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Еліміз оқытудың «Нәтижеге бағытталған білім беру» моделіне көшті. Ал, нәтижеге бағытталған білім беру дегеніміз жеке тұлғаның құзырлығын қалыптастыру.

Білім берудің басты мақсаты – білімге, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде лайықты ақпаратты өзі табу, талдау және оны пайдалану сөйтіп қарқынды дамып жатқан заманға лайықты өмір сүру болып табылады.

Үшінші мыңжылдық – құзыреттілік білім беру жағдайында мамандардың инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты инновациялық іс-әрекет кезеңі. 

Тұлға – мазмұнды күрделі ерекше әлеуметтік ұғым. Оның өсуі мен қалыптасуы ортасы мен қоғамдық өмірге тәуелді. Қай кезде болмасын ұрпақ тәрбиесін қазақ халқы өзекті мәселе ретінде бағалаған. Осы орайда А.Құнанбайұлы «Он тоғызыншы» қара сөзінде: «Бала ата-анадан туғанда есті болмайды: ол естіп, көріп, ұстап, татып,ескерсе дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» - деп баланың социумда жинаған тәжірибесі арқылы білімді болатындығы туралы ой түйіндейді.

Ағартушы педагог-ғалым М.Жұмабаев тұлға мәселесін қарастырғанда: «Тәрбие деген – баланы бетке қақпай, бетімен жіберу емес. Баланы тәрбиелі қылу – тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару, қаласа- өзін, барлық адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз» деп педагогикалық көзқарасын ашты. Қоршаған әлемге өз қатынасын сезінетін, іс-әрекеттің нақты түрімен айналысатын, белгілі топтағы адамдардың өкілі, нақты адамды – психологияда тұлға ретінде көрсетеді. Сонымен қатар әрбір индивид өзіндік ішкі ерекшелік пен сапаға ие.

Психология ғылымының зерттеушілері тұлғаның айрықша психологиялық белгілерін келесідей бөліп көрсетеді:  сана–қоршаған әлемге адамның саналы ықпал ету қабілеті;  өзіндік қалыптасқан сана-өзін-өзі сезіну қабілеті;  өзіндік реттелу-өз мінез-құлқын және іс-әрекетін басқару; 
даралық (өзіндік бейне, «Мен», өзінің ойлауы мен іс әрекет стилі) . Осы тұлғадан білім алушы пайда болады Адамның тұлғалық қалыптасуы – үздіксіз және күрделі процесс. Демек, оқушыға білім бере отырып, біз оқушының жан-жақты дамуына мүмкіндік жасауымыз қажет. Білім беру барысында оқушының жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін ескеру – баланың өзін-өзі жан-жақты дамыту мәселесін оңтайлы шешуге мүмкіндік береді. Бүгінгі ұрпаққа әлемдік білім беру стандартына сәйкес жаңаша білім беруімізді өркениетті дамудың өзі талап етіп отыр. Сондықтан да бүгінгі таңда жалпы 12 жылдық білім беру жүйесіне көшумен жеке тұлғаның бойында мәдени, рухани құндылық қасиеттерін қалыптастыра оқытумен қоса тәрбие де аса маңызды орын алады. Жеке тұлғаның бойында мәдени құндылық қасиеттерін қалыптастыруда оқыту мен тәрбиенің теориясы мен практикасын ұштастыра отырып жүргізу қамтамасыз етілуі керек. 12 жылдық оқу мерзіміне көшу жауапты жұмыс екені даусыз. Оны жүзеге асыру арқылы білім беру жүйесі жалпы әлемдік білім аймағына ене алады. Осындай деңгейде болу ұрпағымыздың жер шарының кез-келген жеріне барып таңдаған, қалаған мамандығын игеруіне мүмкіндік береді. 

Оқушылардың оқудағы белсенділігі оқуға қажетті білім, білік, дағдыны саналы меңгеруінен, оны тәжірибеде пайдалана алуынан көрінеді. Ол оқу үрдісінің барлық кезеңіне қажет. Оқу тапсырмаларын орындау нәтижес ішкі белсенділікке байланысты. Ішкі белсенділікке оқушының белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Адамның қандай да болмасын әрекеті белгілі бір қажеттіліктерден туындайтыны баршамызға белгілі. Негізгі құзіреттіліктер түріндегі күтілетін кейбір нәтижелерге тоқталуды жөн көрдік. Олар оқушыларды өз бетінше талдауға, өз қызметіне мақсат қоюға, жоспарлауға, жинақтауға, қорытындылауға, салыстыра дәлелдеуге, сыни тұрғыдан шешім қабылдауға, қарым-қатынас диалогына қатысуға, баламалы өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі реттеуге, өзін-өзі түсінуге, өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге, ақпаратты сұрақ қоя отырып жауап алуға, нені меңгергенін, нені меңгермегенін анықтауға, өз білімін өзгермелі жағдайларда қолдана білуге үйрету. Бұл үшін ең біріншіден оқушыларға білім беретін оқулығымызға байланысты деп ойлаймын.

Көрнекті психолог - ғалым Д.Б.Элькониннің оқу әрекеті баланың психикалық дамуын шапшаңдататын жетекші әрекет болуымен қатар, қарқынды жаңа өзгерістер кіші мектеп жасындағы кезеңге тән деген тұжырымын әр уақытта есте сақтаған жөн. Сондай-ақ , оқу әрекетінің басқа әрекеттерге де ықпалы зор. Демек, бастауыш сынып мұғалімдерінің негізгі міндениеттерінің бірі – оқу әрекетін оқушыларға игерту. Оқу әрекетінің өзіне тән ерекшеліктері мен бағытының дамуына кем дегенде төрт жағдай ықпал етеді. Олар: біріншіден, ғылымның даму деңгейі; екіншіден, қоғамның өскелең талабының оқушыларға ғылыми білім беруді қажетсінуі; үшіншіден, нақтылы қоғамның материалдық мүмкіншілігі; төртіншіден, психология-педагогика ғылымының даму деңгейі. Олай болса, біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына кіруге дайындық барысында оқушыларға нені, неге, қашан, қайда және қалай үйрету негізгі мәселе болып отыр.

Қазіргі өзекті мәселелердің бірі - өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік жауапкершілік, ой - өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы. Осыған байланысты оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыру қажеттілігі туындайды. Білім алу, іскерлік пен дағдының қалыптасуы тек ғана болады деп бір жақты түсінуге болмайды. Ол басқа әрекеттерге де тән, бірақ олар өте баяу жүреді, ұзақ уақытты талап етеді.

12 жылдық орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі төмендегі ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады: жеке тұлғаның жас және жеке ерекшеліктерінің басты назарда болуы; жеке тұлғаның жас кезеңдерінің ескерілуі; күтілетін нәтижелердің оқушы жетістіктеріне бағыттылығы; оқытудың сабақтастығы; әрбір оқыту сатысының даралығы.

Оқушының оқу әрекетіндегі өзін-өзі басқару мен басқаруды ұйымдастыру, оқыту процесін моделдеудің педагогикалық-психологиялық және дидактикалық мәселелері бойынша бірқатар ғалымдардың еңбектерінде (Ю.К.Бабанский, А.А.Вербицкий, Ю.Н.Кулюткин, М.И.Махмутов, В.В.Сериков, Г.С.Сухобская, Т.И.Шамова, И.С.Якиманский т.б.) жан-жақты талқыланып келді. Оқушылардың өзіндік жұмысы, өздігінен білім алу әрекеті жайлы Т.С.Сабыров, А.Е.Әбілқасымова, А.Х.Аренова, С.Смаилов, М.А.Құдайқұлов еңбектерінде сөз қозғалған. Өзіндік жұмыстар оқушылардың ақыл-ой еңбегінің жоғары сатыда болуын қамтамасыз етіп, біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру нәтижесінде, оқу үрдісінде жоғары нәтижелерге жетуге көмектеседі. Сонымен қоса оқушылардың бойында ұйымдастырушылық, тәртіптілік, еркіндік, мақсаткерлік, ізденімпаздық, белсенділік қасиеттерін дамытады.

12 жылдық орта мектеп оқушысы нарықтық қатынастар мен ақпараттық қоғамның өзгермелі жағдайларына анағұрлым дұрыс бейімделген, жүйелі білім негіздерін практикалық іс-әрекеттерге ұштастыра білетін, функционалды сауатты, өмірлік қажетті дағдылары мен кең спектрлі компетенциялары қалыптасқан, өзін-өзі дамытуға, өз бетінше табысты өмір сүруге, өзіне және қоғамға пайдалы қызмет атқаруға лайықты тұлға болуы тиіс. Орта мектептің 11-12 сыныптарында бейінді (профильді) оқудан өткен мектеп түлектері қазіргі мектеп түлектерімен салыстырғанда өз мамандықтарын, өмір жолдарын таңдауға және оны тез, табысты меңгеруге әлдеқайда жақсы әзірлікте болмақшы. Бұл – қазіргі тез дамып, тез өзгеріп отырған, талғамы мол уақыт талабы.

12 жылдық білім мазмұнының негізгі өзегі – қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай-ақ, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады.

Білім алушы білім алудың белгілі бір сатысымен (мектеп немесе жоғары оқу орнымен) шектелмейді. Бүгінгі таңда, демек, болашақта да білім қажеттілігі адамның белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан жастардың бүгінгі білімі – болашақта өз білімін жетілдірудің және өз бетімен білім алуларының тек қана негізі. Мұнан шығатын қорытынды оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру өзекті мәселелердің бірі екендігі сөзсіз. Қазіргі уақытта білім берудің алғашқы парақтарында «адам проблемасы» өзекті мәселелердің біріне айналып, «адам проблемасы» қазіргі ғылымда білім беру саласында толығымен зерттеуді қажет ете бастады. Білім берудің мақсатында – адамның өмір сүру ортасының мағынасы мен бейнесіне сәйкес, тұлғаны қалыптастыруға назар аударылуда.

Білім беру саласының проблемаларының болжамдарында,әзірленген білім беру жүйесінің көмегімен – биосфералық, адамдағы ізгілікті, жоғары биологиялық және әлеуметтік сапаларды жасай, қазіргі заман талабына сәйкес білім беру қарастырылған. Қазіргі заманғы тұлға кеңейген әлеуметтік кеңістікте , ішкі икемділігі мен түрлі мүдделерін көрсете, өзін жетілдіруге ұмтыла, адамзат тұрмысының маңызын сезінуге бағдарлану керек. Орыстың ұлы педагогы В.А.Сухомлинский мектептің басты міндеті - әрбір адамның дарындылығын ашу, оны толыққанды шығармашылық, интеллектуалдық еңбек жолын бағдарлау. Әрбір оқушының қайталанбас дарынын дөп басып табу, аша түсу, қастерлеу бұл – тұлғаны адамзат қадір-қасиетінің өркендеуінің жоғары деңгейіне дейін көтеру деген сөз деп атап көрсетеді.

12 жылдық мектеп оқушысы өзіндік санасы мен өзіндік танымы бар, өз бетімен білім ала алатын, коммуникативті құзіретті тәрізді тұлғалық сапалары жоғары болуы қажет деген тұжырым жасауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет