Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет115/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   203
Қ 77
374/377(574)
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОҚЫТУДА ЖАҢА
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ


Құрманалиева М.Р.
49 мектеп-гимназиясы, Тараз қ.

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту бағдарламасында: «Білімді дамытудың негізгі инновацияны енгізу, білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады». – деп атап көрсетілген. Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру деңгейіне жетуге ат салысуда. Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Ал бұл міндет бастауыш білім беру жүйесіне тікелей қатысты да маңызды. Бастауыш мектептегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдаланып отыр, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған.


Бүгінгі күні білім мазмұның кіріктіріп оқыту арқылы оның ғылыми деңгейін көтеру мәселесі қойылып отырған жағдайда бастауыш сыныпта оқушыларға табиғат, адам, қоғам жайында беретін білім негізінде балардың дүние танымын қалыптастыру үшін дүниетануды оқытуда жаңа технологияларды қолдану орынды талаптардың бірі.
Дамыта отырып оқыту үрдісін қамтамасыз ету үшін оқушылардың ойлау қабілетін, қиялын жетілдіру, шыңдау мақсаттарын жүзеге асыруда инновациялық технологиялардың мәні зор. Табиғат заттары және адам қолымен істелген заттар жайындағы ілімді дүниетану пәніне енгізіп, оны оқушыларға ұғындыру арқылы адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсету іске асырылған. Өмір талабына сай баланың дүниетануын ғылыми тұрғыда жүзеге асыруға жаңа технологияларыдың мүмкіндіктерін ескеріп, қоршаған дүниеден білім беруді мектеп қабырғасында жұзеге асыруды көздеген мұғалімдерден көп еңбекті талап етеді.
Дүниеге көзқарас қоршаған ортамен, қоғамдық өмірмен, тіршілікпен байланысты туатын болса, ол үнемі дамуда болатыны заңды. Даму өз өзінен тумайды. Ол – тынымсыз ізденіс, қиындықтарды жене отырып, шындыққа жақындау және жету жолы. Баланың өмірге көзқарасының қалыптасуы мектеп қабырғасында білім алу барысында жүзеге асады. Сондықтан да, бастауыш сыныпта дүние туралы білім беру, яғни, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мақсаты жүзеге асады.
Оқушылар адамның, табиғаттың және қоғамның бірлігі, ондағы адамның алатын орны жайындағы білім жүйесін нақты заттар мен құбылыстарды меңгере отырып, абстракциялық ойға көшу арқылы ұғынады. Олардың ара қатынасын талдап, жинақтап, ой қорытатын деңгейге көтеріледі. 1-сыныпта дүниенің тұтастығы жайында қарапайым ұғымдардан бастаған оқушы 4-сыныпта дүниенің әрбір заңдылықтарын талдауға, олардың себебін ашу дәрежесіне жетеді.
Оқушылардың дүниеге көзқарасы ғылыми білім негізінде, оны тиянақты меңгеру нәтижесінде ғана қалыптаспақ. Жоғарыда айтқандай, қоғамның даму дәрежесі төмен, оқу-ағарту жұмыстар әлде де жетіле қоймаған кездің өзінде де баларда дүниеге деген қызығушылық, оны білуге, үйренуге талпынушылық болады. Бірақ, ол ғылымға негізделмегендіктен, үстіртін көзге бірден түсетін, тез шалынған белгілер мен байланыстар жайындағы пікірлер болғандықтан, көбіне қате ұғымдардың қалыптасуына әкеліп соғып отырады. Өйткені балар байқап көргендерін өз қалпында, әр затты не құбылысты тек сыртқы түріне, көрінісіне байланысты қабылдайды.
Дүнетанымдық қабілеттің керектігі адам баласының бүкіл өмірі табиғат аясында, қоғам ортасында, олармен қарым-қатынаста өтетіндіктен, ол қатынастардың әдіс-тәсілдерін меңгеруі тиіс. Мұндай әдіс-тәсілді бала жастан қоршаған орта туралы білім алу арқылы меңгереді. Мәселен, әр затты байқау, бағдарлап қарау, олардың түр-түрін сезіну арқылы қасиеттерін айқындай түсу – мұның бәрі адамда бірден пайда болатын икемдік пен іскерліктер емес. Ол жүйелі меңгерілген білім нәтижесінде қалыптасады.
Дүниетану сабағында жаңа технологияларды қолдану арқылы біз оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, ғылымы мен мәдениеті, этика, әдеп, эстетика, құқық пен өнері, адам-адам, адам-қоғам, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас түрлері жайында ғылыми ұғымдар беріледі. Пәнді оқып меңгеру барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас бөлігі: адам, қоғм, табиғат саласынан білім алады. Биология, химия, география, физика пәндерінің бастама негізі қаланады. Атап айтсақ, қоршаған дүние заттары, құбылыстары, табиғат, экология туралы ғылыми түсінік қалыптасады. Тарихи деректер жайында жалпы мағлұмат алып, халықтың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, табиғат-тіршілігі, табиғат байлығы, мәдени-әдеби, көркем- қолөнер шығармашылығы арасындағы байланысты, сабақтастықты көре білуге үйренеді. Пәннен алған ұғымдарын басқа пәндермен кіріктіре оқу арқылы дүниенің тұтастығы жайында жүйелі білім негі қалыптасады.
Дүниетану сабағында 2, 3, 4 – сыныптарда Адам, қоғам, табиғат бөлімдерін өткен кезде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданған тиімді. Өйткені, бұл сыныптарда оқушылардың дүниеге деген көзқарасы, өзіңдік жеке ойы, пікірі қалыптасады.
Жұмыс барысында «Адам және өсімдіктер мен жануарлар» тақырыбын өткен кезде «Қызығушылықты ояту», «Мағынаны ажырату», «Ой толғаныс» бөлімдері арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдандым.
Енді, аталған стратегияларды сабақ кезеңінде қалай қолдануға болатының жеке тоқталып кетейік:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет