Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет121/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   203
Педагог - психолог қызметі:
Білім жүйесінде практикалық психология қызметінің дамуының басымдылық бағыттарын айқындау, тиісті жастағы даму нормаларына сәйкес оқушылардың дұрыс дамуын қамтамасыз ету мақсатында психологиялық-педагогикалық қызметінің негізгі бес бағытын бөліп көрсетуге болады.

  • Психопрофилактика, жұмыстың мақсаты: тұлғаның психикалық дамуындағы ықтимал болатын кемшіліктерін алдын-алу болса, психолог-педагог бұл тұрғыда колледждің ата-аналары мен топ жетекшілерімен бірлесе отырып жеке жұмыс жүргізуді талап ететін оқушылармен қарым-қатынаста болады.

  • Психодиагностика, мақсаты: тұлғаның жекелік және жасына байланысты ерекшеліктері мен тұлға аралық қарым-қатынасты зерттеу.

  • Психокоррекция бағытының мақсаты: Оқушының психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды түзеу, жалпы оқу біліктілігі мен дағдыларын дамыту және әңгіме-кеңес жүргізу.

  • Психологиялық кеңес беру мақсаты: оқушыларға педагогикалық процестегі туындаған жағдаяттарды шешуге көмек беру.

  • Психологиялық ағарту және білім мақсаты: психологиялық мәдениетті көтеру және қалыптастыру, педагогикалық процесте барлық оқушылардың психологиялық-педагогикалық құзырлылығын сақтау. Жоғарыда аталған мәселелер 2-ші суретте бейнеленген [16].


Сурет 2 – Педагог-психолог қызметінің моделі

Топ жетекшілері диагностикалық карта толтырады. Педагог-психолог педагогикалық ұжымдағы жеке адам жағдайын шешуге болжам жасау және білімгерлердің әлеуметтік жағдайын зерттеумен бірге жағдаяттардың шешімін тауып, қорытындылайды.Педагог-психолог дарынды балаларға шығармашылықпен шұғылдануға психологиялық демеу береді және де ата-аналар мен оқушылардың әлеуметтік-психологиялық құзырлылығын жоғарылатуға үлес қосады.


Қазіргі педагог-психологтың алдына: болашақ өркениетті, дәстүрлі демократиялық мемлекетті құратын жас ұрпақтың ең әуелі адамгершілік қасиеттерін қалыптасиырып, содан кейін оның жан сапасын, тән сапасын арттырып, техникалық прогреске сәйкес жан-жақты қолданбалы білім беру міндеттері қойылады. Ол үшін мектептер қаражатпен, техникалық құралдармен, мәдени қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілуі тиіс.
Нағыз педагог-психологтар қоғамдағы саяси-экономикалық жағдайларда кездесетін келеңсіз үрдістермен күрес жүргізе алатын – күрескер болуы керек. Өйткені ол халықтың қамын, шәкірттің болашағын ойлайтын және сол үшін еңбек тететін тұлға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет