Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет82/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   203
ӘОЖ 371.13:37.018.


ҚР-НЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОҚУШЫ ТӘРБИЕСІНІҢ
ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ МАЗМҰНЫ


Ботамқұлова А.Б.
Жамбыл гуманитарлық -техникалық университеті, Тараз қ.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дaмыту мәселелерінің негізгі мақсаты – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес келетін білімді, кәсіби біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелейтін білім негізін қалыптастыру. Білім берудің адамға, жеке тұлғаға қарай бағытталуы, білім мазмұнының демократиялылығы, заман талабына сай білім беру мен ұлттық тәрбие үрдісінің гуманистік сипаты – 12 жылдық білім берудің әдіснамалық негізі ретінде қызмет ете алады.


Елбасы Н.Назарбаевтың «Қ Р-ның болашағы- қоғамның идеялық бірлігінде» еңбегінде «Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғарғы құндылығы- адам,бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр» деп, көрсетілген. Ендеше, оқушының өз өмір жолын таңдай білу қабілетін дамытуда- оқушылардың өмірлік ұстанымын, адам өміріндегі ең жоғарғы құндылық екенін санаға сіңіруде құндылық-тәрбиенің маңызы зор.
Білім беруде үйренушінің дербес мүмкіндіктері, жас және жеке ерекшеліктері ескерілуі қажет. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасынан басталып арнайы орта оқу орындарында жалғаса түседі. Сондықтан да, 12 жылдық білім беретін мектептегі үрдіс жеке тұлғаға бағдарланған оқыту ұстанымына негізделіп, оқушының жеке ерекшеліктеріне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қажет етеді.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындап отырған мәселе. Қоғамның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Еліміз оқытудың «Нәтижеге бағытталған білім беру» моделіне көшті. Ал, нәтижеге бағытталған білім беру дегеніміз жеке тұлғаның құзырлығын қалыптастыру.
Білім берудің басты мақсаты – білімге, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде лайықты ақпаратты өзі табу, талдау және оны пайдалану сөйтіп қарқынды дамып жатқан заманға лайықты өмір сүру болып табылады.
Үшінші мыңжылдық – құзыреттілік білім беру жағдайында мамандардың инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты инновациялық іс-әрекет кезеңі. 
Тұлға – мазмұнды күрделі ерекше әлеуметтік ұғым. Оның өсуі мен қалыптасуы ортасы мен қоғамдық өмірге тәуелді. Қай кезде болмасын ұрпақ тәрбиесін қазақ халқы өзекті мәселе ретінде бағалаған. Осы орайда А.Құнанбайұлы «Он тоғызыншы» қара сөзінде: «Бала ата-анадан туғанда есті болмайды: ол естіп, көріп, ұстап, татып,ескерсе дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» - деп баланың социумда жинаған тәжірибесі арқылы білімді болатындығы туралы ой түйіндейді.
Ағартушы педагог-ғалым М.Жұмабаев тұлға мәселесін қарастырғанда: «Тәрбие деген – баланы бетке қақпай, бетімен жіберу емес. Баланы тәрбиелі қылу – тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару, қаласа- өзін, барлық адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз» деп педагогикалық көзқарасын ашты. Қоршаған әлемге өз қатынасын сезінетін, іс-әрекеттің нақты түрімен айналысатын, белгілі топтағы адамдардың өкілі, нақты адамды – психологияда тұлға ретінде көрсетеді. Сонымен қатар әрбір индивид өзіндік ішкі ерекшелік пен сапаға ие.
Психология ғылымының зерттеушілері тұлғаның айрықша психологиялық белгілерін келесідей бөліп көрсетеді: сана–қоршаған әлемге адамның саналы ықпал ету қабілеті;  өзіндік қалыптасқан сана-өзін-өзі сезіну қабілеті;  өзіндік реттелу-өз мінез-құлқын және іс-әрекетін басқару; 
даралық (өзіндік бейне, «Мен», өзінің ойлауы мен іс әрекет стилі) . Осы тұлғадан білім алушы пайда болады Адамның тұлғалық қалыптасуы – үздіксіз және күрделі процесс. Демек, оқушыға білім бере отырып, біз оқушының жан-жақты дамуына мүмкіндік жасауымыз қажет. Білім беру барысында оқушының жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін ескеру – баланың өзін-өзі жан-жақты дамыту мәселесін оңтайлы шешуге мүмкіндік береді. Бүгінгі ұрпаққа әлемдік білім беру стандартына сәйкес жаңаша білім беруімізді өркениетті дамудың өзі талап етіп отыр. Сондықтан да бүгінгі таңда жалпы 12 жылдық білім беру жүйесіне көшумен жеке тұлғаның бойында мәдени, рухани құндылық қасиеттерін қалыптастыра оқытумен қоса тәрбие де аса маңызды орын алады. Жеке тұлғаның бойында мәдени құндылық қасиеттерін қалыптастыруда оқыту мен тәрбиенің теориясы мен практикасын ұштастыра отырып жүргізу қамтамасыз етілуі керек. 12 жылдық оқу мерзіміне көшу жауапты жұмыс екені даусыз. Оны жүзеге асыру арқылы білім беру жүйесі жалпы әлемдік білім аймағына ене алады. Осындай деңгейде болу ұрпағымыздың жер шарының кез-келген жеріне барып таңдаған, қалаған мамандығын игеруіне мүмкіндік береді. 
Оқушылардың оқудағы белсенділігі оқуға қажетті білім, білік, дағдыны саналы меңгеруінен, оны тәжірибеде пайдалана алуынан көрінеді. Ол оқу үрдісінің барлық кезеңіне қажет. Оқу тапсырмаларын орындау нәтижес ішкі белсенділікке байланысты. Ішкі белсенділікке оқушының белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Адамның қандай да болмасын әрекеті белгілі бір қажеттіліктерден туындайтыны баршамызға белгілі. Негізгі құзіреттіліктер түріндегі күтілетін кейбір нәтижелерге тоқталуды жөн көрдік. Олар оқушыларды өз бетінше талдауға, өз қызметіне мақсат қоюға, жоспарлауға, жинақтауға, қорытындылауға, салыстыра дәлелдеуге, сыни тұрғыдан шешім қабылдауға, қарым-қатынас диалогына қатысуға, баламалы өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі реттеуге, өзін-өзі түсінуге, өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге, ақпаратты сұрақ қоя отырып жауап алуға, нені меңгергенін, нені меңгермегенін анықтауға, өз білімін өзгермелі жағдайларда қолдана білуге үйрету. Бұл үшін ең біріншіден оқушыларға білім беретін оқулығымызға байланысты деп ойлаймын.
Көрнекті психолог - ғалым Д.Б.Элькониннің оқу әрекеті баланың психикалық дамуын шапшаңдататын жетекші әрекет болуымен қатар, қарқынды жаңа өзгерістер кіші мектеп жасындағы кезеңге тән деген тұжырымын әр уақытта есте сақтаған жөн. Сондай-ақ , оқу әрекетінің басқа әрекеттерге де ықпалы зор. Демек, бастауыш сынып мұғалімдерінің негізгі міндениеттерінің бірі – оқу әрекетін оқушыларға игерту. Оқу әрекетінің өзіне тән ерекшеліктері мен бағытының дамуына кем дегенде төрт жағдай ықпал етеді. Олар: біріншіден, ғылымның даму деңгейі; екіншіден, қоғамның өскелең талабының оқушыларға ғылыми білім беруді қажетсінуі; үшіншіден, нақтылы қоғамның материалдық мүмкіншілігі; төртіншіден, психология-педагогика ғылымының даму деңгейі. Олай болса, біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына кіруге дайындық барысында оқушыларға нені, неге, қашан, қайда және қалай үйрету негізгі мәселе болып отыр.
Қазіргі өзекті мәселелердің бірі - өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік жауапкершілік, ой - өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы. Осыған байланысты оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыру қажеттілігі туындайды. Білім алу, іскерлік пен дағдының қалыптасуы тек ғана болады деп бір жақты түсінуге болмайды. Ол басқа әрекеттерге де тән, бірақ олар өте баяу жүреді, ұзақ уақытты талап етеді.
12 жылдық орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі төмендегі ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады: жеке тұлғаның жас және жеке ерекшеліктерінің басты назарда болуы; жеке тұлғаның жас кезеңдерінің ескерілуі; күтілетін нәтижелердің оқушы жетістіктеріне бағыттылығы; оқытудың сабақтастығы; әрбір оқыту сатысының даралығы.
Оқушының оқу әрекетіндегі өзін-өзі басқару мен басқаруды ұйымдастыру, оқыту процесін моделдеудің педагогикалық-психологиялық және дидактикалық мәселелері бойынша бірқатар ғалымдардың еңбектерінде (Ю.К.Бабанский, А.А.Вербицкий, Ю.Н.Кулюткин, М.И.Махмутов, В.В.Сериков, Г.С.Сухобская, Т.И.Шамова, И.С.Якиманский т.б.) жан-жақты талқыланып келді. Оқушылардың өзіндік жұмысы, өздігінен білім алу әрекеті жайлы Т.С.Сабыров, А.Е.Әбілқасымова, А.Х.Аренова, С.Смаилов, М.А.Құдайқұлов еңбектерінде сөз қозғалған. Өзіндік жұмыстар оқушылардың ақыл-ой еңбегінің жоғары сатыда болуын қамтамасыз етіп, біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру нәтижесінде, оқу үрдісінде жоғары нәтижелерге жетуге көмектеседі. Сонымен қоса оқушылардың бойында ұйымдастырушылық, тәртіптілік, еркіндік, мақсаткерлік, ізденімпаздық, белсенділік қасиеттерін дамытады.
12 жылдық орта мектеп оқушысы нарықтық қатынастар мен ақпараттық қоғамның өзгермелі жағдайларына анағұрлым дұрыс бейімделген, жүйелі білім негіздерін практикалық іс-әрекеттерге ұштастыра білетін, функционалды сауатты, өмірлік қажетті дағдылары мен кең спектрлі компетенциялары қалыптасқан, өзін-өзі дамытуға, өз бетінше табысты өмір сүруге, өзіне және қоғамға пайдалы қызмет атқаруға лайықты тұлға болуы тиіс. Орта мектептің 11-12 сыныптарында бейінді (профильді) оқудан өткен мектеп түлектері қазіргі мектеп түлектерімен салыстырғанда өз мамандықтарын, өмір жолдарын таңдауға және оны тез, табысты меңгеруге әлдеқайда жақсы әзірлікте болмақшы. Бұл – қазіргі тез дамып, тез өзгеріп отырған, талғамы мол уақыт талабы.
12 жылдық білім мазмұнының негізгі өзегі – қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай-ақ, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады.
Білім алушы білім алудың белгілі бір сатысымен (мектеп немесе жоғары оқу орнымен) шектелмейді. Бүгінгі таңда, демек, болашақта да білім қажеттілігі адамның белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан жастардың бүгінгі білімі – болашақта өз білімін жетілдірудің және өз бетімен білім алуларының тек қана негізі. Мұнан шығатын қорытынды оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру өзекті мәселелердің бірі екендігі сөзсіз. Қазіргі уақытта білім берудің алғашқы парақтарында «адам проблемасы» өзекті мәселелердің біріне айналып, «адам проблемасы» қазіргі ғылымда білім беру саласында толығымен зерттеуді қажет ете бастады. Білім берудің мақсатында – адамның өмір сүру ортасының мағынасы мен бейнесіне сәйкес, тұлғаны қалыптастыруға назар аударылуда.
Білім беру саласының проблемаларының болжамдарында,әзірленген білім беру жүйесінің көмегімен – биосфералық, адамдағы ізгілікті, жоғары биологиялық және әлеуметтік сапаларды жасай, қазіргі заман талабына сәйкес білім беру қарастырылған. Қазіргі заманғы тұлға кеңейген әлеуметтік кеңістікте , ішкі икемділігі мен түрлі мүдделерін көрсете, өзін жетілдіруге ұмтыла, адамзат тұрмысының маңызын сезінуге бағдарлану керек. Орыстың ұлы педагогы В.А.Сухомлинский мектептің басты міндеті - әрбір адамның дарындылығын ашу, оны толыққанды шығармашылық, интеллектуалдық еңбек жолын бағдарлау. Әрбір оқушының қайталанбас дарынын дөп басып табу, аша түсу, қастерлеу бұл – тұлғаны адамзат қадір-қасиетінің өркендеуінің жоғары деңгейіне дейін көтеру деген сөз деп атап көрсетеді.
12 жылдық мектеп оқушысы өзіндік санасы мен өзіндік танымы бар, өз бетімен білім ала алатын, коммуникативті құзіретті тәрізді тұлғалық сапалары жоғары болуы қажет деген тұжырым жасауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет