Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫ



бет97/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   203
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫ


Жакипова М.Қ.
51 мектебі, Тараз қ.

Баланы мектепалды дайындау үздіксіз білім беру жүйесіндегі мектепке дейінгі педагогика ғылымының ең негізгі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»» атты жолдауында барлық саланың жаңаруы туралы мәселелер, оның ішінде білім саласы барысындағы жағдайлар атап көрсетілген.


Елімізде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу арқылы шығармашылық пен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруда жаңа ұлттық үлгіні жасауда, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиені жетілдіру мәселесі ерекше маңызға ие болмақ. Бүгінгі таңдағы заманауи өзгерістер ағымы балалар психологиясының дамуына ықпал етуде, әсіресе бұл құбылыстың нәтижелі жүзеге асуы 4-6 жас аралығында қатынастың басты мотиві - өзара түсіністік пен әсерлену болып табылады. Бұл кезеңде баланың айналаны танып-білуге құштарлығы артқаны соншалық, ол үлкендерге қоршаған әлем туралы өзін қызықтырған сан алуан сұрақтар қоя алады. Егер 4-5 жастағы балалар ересектермен жан-жануарлар, машиналар, табиғат құбылыстары жайлы әңгімелессе, ал мектепке дейінгі ересек жастағы балалар мінез-құлық мәдениеті ережелері, өзі және ата-аналары жайлы әңгімелескісі келеді.
Жетекші мотив тұлғалық мотивке айналады. Қатынас жасаудың негізгі қозғаушы күші, нақты атқаратын қызметіне қарамастан, адам болып саналады Бес-алты жастағы бала өзін барлық жағынан «жарылыс» (бұл, әсіресе, балабақшаға баратын балаларға тән) түрінде көрсете алады. Құрдастар ересектерден асып өтіп, бала өмірінде ерекше орынға ие болады. Қарым-қатынастың негізгі мазмұны іскерлік ынтымақтастық пен біріккен ойын әрекеті арқылы ашылады.
Балалардың қарым-қатынасы, әсіресе, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, ойын қарекеті үстінде айқын көрінеді. Бала құрдастарының әрекетіне сынай қарап, іштей қызғанады, оларды өзінше бағалайды және үлкендердің бағалауын өзіндік әсермен қабылдайды. Кейбір жағдайда құрдасының сәтсіздіктеріне бірге қамығады. Бірақ мұндай қатынас тұрақты бола бермейді. Ол өз мүмкіншіліктері мен жетістігіне мақтанып, өзін басқадан биік ұстайды, өзгені қызғанады, оны өзіне бәсекелес санайды.
Қарым-қатынасында жиі жанжалдасып қалу сипат алады. Ызақорлық пен қымсыну сезімінің пайда болуы әсерінен қарым-қатынас шиеленісе түседі. Әрдайым өзінің артықшылығын дәлелдеу мақсатында басқа балаларды өзімен салыстырып отырады. Қарым-қатынаста үлкендердің де, құрдастарының да оның пікірімен санасқанын, өзіне сыйластықпен қарағанын қалайды. Сонымен қатар, өзара қарым-қатынасында түсініспеушілік пен жанжалдарды болдырмаудың жолын табуды меңгеру арқылы баланың қарым-қатынас құзіреттілігі қалыптасады.
5-6 жаста сюжетті-рөлдік ойындар өзінің кемеліне жетіп, толысады. Балалардың сомдауы арқылы жасалған адамдар арасындағы қарым-қатынас ойынның негізгі мазмұнын құрайды. Балалар 3-4 адамнан құралған тұрақты ойын бірлестігін құрады. Рөлдік ойындарда бала сомдап тұрған кейіпкерінің атынан басқа кейіпкерлермен сөйлеседі. Осылайша баланың мазмұнды сөйлеу тілі қалыптасады, рөлдік қарым-қатынастардың мәні ашылады. Қойылымдағы қимыл-әрекеттер ықшамдалып, баланы жалықтырмайтындай қысқа, рет-ретімен, орынды қойылып, сюжеттің мазмұны ашылатындай болуы керек. Осы жастағы балаларға не жайлы ойнағандықтарын білуге ұмтылу тән. Ертегі, кино, мультфильмдерден көріністер, ең бастысы, қоғамдық сюжеттер ойында басты орын алады. Осы кезеңнің маңызды жаңалығы - мінез-құлық еркіндігі. Барлық психикалық процестер (қарапайымнан күрделіге дейін), қатынас жасай білу мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті - ойында дамиды. Мысалы, ойында рөл атқара отырып, бала ойын міндетіне барлық өзінің тезаралық, импульсивті әрекеттерін бағындырады.
Ойын барысында бала, ересектердің тікелей тапсырмасын орындағаннан гөрі, зейіндерін жылдамырақ шоғырландырады, көбірек есте сақтайды. Балалармен ойнай отырып, олардың талап-тілектерін ескереді, келіспеушіліктерді шешеді, жаңа жоспар құрады және оны іске асырады. Басқа сөзбен айтқанда, қатынас жасай білуге үйренеді.
Ауыстырғыш заттармен ойнай отырып, шартты кеңістікті көз алдына ойша елестетеді. Көз алдына елестетін кеңістіктегі әрекет практикасы шығармашыл қиялды дамытуға мүмкіндік жасайды. Өнімді іс-әрекет түрлері - сурет салу, құрастыру ойынмен бір тұтасқан. Бала сурет сала отырып, қандай да бір сюжетті ойнайды, текшелерден құрастыра отырып, оны ойынға енгізеді. Мектепке дейінгі ересек жаста өнімді іс-әрекет нәтижесі дербес мәнге ие болады, сөйтіп ол ойыннан біртіндеп арылады. Бұл кезеңде мінез-құлықтың жаңа маңызды еркін түрі пайда болады. Бала бұрын өзінің эмоционалдық көңіл-күйін кез келген ортада еркін көрсетсе, енді өзінің іс-әрекетінде тәртіп нормалары мен қағидаларын сақтайды. Дегенмен де бұл кезеңде өзін-өзі ұстай білу дағдысы қалыптасу сатысында болады. Алғаш рет «өзін қалай ұстау керек?» деген сұрақ туады. Бала санасында өз әрекетін реттеп отыратын өзін-өзі ұстау тәртібінің үлгісі құрылады. Сол үлгі арқылы бала өз әрекетін реттеп отырады. Өз мүмкіншіліктерін, нені істей алатындығы мен істей алмайтындығын сезеді, өзгелермен қарым-қатынаста өз орнын біледі, өз әрекетін ғана емес, ішкі жан күйінің тербелістерін (қуаныш, реніш, қобалжу, толқу, т.б.) де сезінеді, үлкендердің талаптарын түсініп, өз пікіріне сай келсе саналы түрде орындай алады. Психологтардың пайымдауынша, бес жастан кейін олармен «келісуге», тапсырмалар беруге, жаңа іспен қызықтыруға болады.
Дәл осы кезеңде өзін-өзі ұстаудағы еркіндік бала психикасының дамуы мен жан дүниесінің қалыптасуының көзі болып табылады. Бала нені қаласа, соған жетуге тырысады. Оның өзін-өзі ұстауы айналасындағы жағдайға байланысты емес, өз шешіміне қарай болады. Осы құбылыстар бала дамуының барлық саласында көрініс табады және бекітіледі.
5-6 ересек жас кезеңінде балалардың дамуын көптеген психологтар «мектепке дайындық» немесе «мектептегі оқуға жетілу» деп қарастырады.
Баланың жеке басының рухани – бай мүмкіндіктерін, отандық және дүниежүзілік мәдениет арқылы, қазақ халқының дәстүрімен, оның қол өнерімен және әдеп – ғұрыптарымен таныстыруда баланың еліне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін дамыту. Мектепке оқуға дайындауда бала бойындағы негізгі психологиялық өріс еркіндік, батылдық, адамгершілік, ақыл – ой, кедергісіз жеңіл түрде мектепке дейінгі мекемеден мектепке өтеді.
Ертеден қарым – қатынас құралы міндетін атқарып келе жатқан тіліміздің даму, қалыптасу заңдылықтарын, ерекшеліктерін бүгінгі ұрпаққа меңгертіп отыру – оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруда шешуші орын алатыны сөзсіз. Ойлау, сөйлеу әрқашан да бір – бірімен тығыз байланысты, яғни біртұтас психологиялық үрдіс, сондықтан балаға айналадағы өмір тіршілігін танытып, бағдарлай, қабылдай білуге үйрету арқылы ғана баланың сөздік қорын молайтуға болады. Үйренген заттық ұғымдарының қалай аталатынын есту, тыңдау, ұғыну, түсіну арқылы сөздік қоры дамиды. Сонымен қатар педагогтың жетекшілігімен өткізілетін арнайы ойын – жаттығулар кезіндегі қолданылатын сұрақтарды мұқият тыңдап, түсіну, жауап беруге сөйлеуге үйретеді.
Баланың мектепалды дайындығының ең маңыздысы болып есептелетін мәселе оның сөйлеуі, ұсақ мотарикасының дамуы, жеңіл қозғалуы, көруі, қабылдауы, сондай – ақ талдау, салыстыру, жіктеу, қорыту т.б. оқыту барысында ұйымдастырудың үлкен мәні бар. Баланы сұраққа жауап бере білуге, ойлауға қызықты мәліметтерді білуге ынталы, қызығушылығын, өзін танып, білуін, құрбыларымен, үлкендермен ойын бөлісе білуін дамыту қажет.
Бала ақыл–ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, танымдық іс–әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге есте сақтау, ойлау, елестету, танымдық, шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Баланың дамуы үшін есте сақтау мен ойлау қабілетінің мәні зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта және өзі туралы білімді меңгеруі, мінез – құлық нормаларын игеруі білім, білік, дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілеттерімен тығыз байланысты. Сөз бен сөйлеу әрекеті ойлау құралы болып табылады. Өйткені олардың негізінде логикалық ойлау, ұғымы қалыптасады.
5 жасында бала көрнекі– әрекеттік ойлаудан көрнекі– бейнелі ойлауға ауысады. 6 жасқа қарай ауызша – логикалық ойлауға үйренуі керек. Баланың көрнекі – әрекеттік ойлауы заттармен нақты әрекеті арқылы жүзеге асады. Ол түрлі заттарды пайдалану, қоршаған ортамен, адамдармен қарым – қатынас жасау барысында білім және тәжірибе жинақтайды.
Көрнекі – бейнелі ойлау мен оған ықпал ететін көрнекі – схемалық ойлаудың мәні одан туындаған жағдайларды шешу үшін бала заттардың өзіне емес, олардың бейнесіне сүйенуі арқылы бейнелейді. Ол құбылыстар мен заттардың тек жеке қасиеттерін ғана емес неғұрлым маңызды байланыстарды, олардың арасындағы қатынастарды анықтап, кесте бойынша жұмыс жасай біледі, заттарды әр түрлі кеңістікте елестете алады, оларды ойша орындарынан ауыстыра алады.
5-6 жасында бала логикалық ұғымдық ойлауды ауызша пайдаланады. Қоршаған орта, ондағы адамдардың орны туралы түсінігі неғұрлым кеңейе түседі. Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралдағы тапсырмалар мазмұны қоршаған орта, қоғамдық өмірдегі құбылыстар, олардың арасындағы байланыстар мен қатынастар, адамның әлемдегі орны, табиғат пен оның құбылыстары, өсімдіктер мен жануарлар туралы білімдерін қамтиды.
Оларды орындау барысында бала заттар мен құбылыстардың мәнді белгілерін айқындауды, кейбір дерексіз ұғымдарды сипаттауды, уақыт қатынасын, себеп – салдарды, кеңістік, көлем, өлшем туралы түсініктерді игереді. Ол сөздерді еркін қолдануды өз пікірін айтуды, оны негіздеуді, қарапайым заңдылықтарды анықтауды, салыстыруды, талдауды, пайымдау логикасын, ойлануды үйренеді. Сөздік қоры, тіл байлығы артады, сюжеттік әңгімелер құру қабілеті дамиды.
Ересек жастағы балалардың логикалық ойлауының бастауын қалыптастыру, жалпы интеллектуалды дамуына мүмкіндік туғызу, танымдық және психикалық процесстерін дамыту, логикалық операциялар, проблемалық жағдаяттарды шешуге, тиімді әрекеттер ұйымдастыру, мектепте табысты оқуға дайындықты қамтамасыз ету қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет